Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақ тақырыбы: Word – тың графикалық мүмкіндіктері Сабақтың мақсаты: MS. Word мәтіндік редакторында графикалық объектілермен Білімділік: жұмыс жасай білу,сурет енгізу, фигуралық мәтін енгізу және т.б жұмыстарды жасап үйрену Дамытушылық: Оқушыларды Word редакторымен жұмыс жасау барысында ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру және жұмыс жасай білуге дағдыландыру Тәрбиелік: Оқушыларды жеке тұлға ретінде бойында адамгершілік қасиетті қалыптастыру Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, топпен жұмыс Көрнекілік: компьютер, тест, үлестірмелі парақтар, сөз жұмбақ Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 1- мин 1.сәлемдесу 2. сынып түгелдеу 3. оқушылар назарын сабаққа аудару ІІ Үй тапсырмасын сұрау( топпен, оқушылар арасында сұрақ - жауап бойынша) 5-6 мин ІІІ Жаңа сабақ – түсіндіру 10- мин Paint графикалық редакторы. Үйренушілер сурет салуда Paint графикалық редакторында үйренуден бастайды. Қарапайымдылығына қарамастан Paint кейбір көптеген күрделі жұмыстарды атқара алады. Windows XP – де Paint программасы басқа версияларға қарағанда қосымша мүмкіндіктермен толықтырылған. Соның ішінде, ол көптеген BMP, JPEG, TIF, GIF, PNG графикалық форматтарымен жұмыс жасай алады. Келесі артықшылығы бейнелерді сканерден немесе цифрлық фотоаппараттан алу мүмкіндігі. Paint жекелеген нүктелерден (пиксельдер) тұратын, растрлық бейнелер редакторы. Растрлық суреттерден құрылған фигурада суреттің бөлігін жекелей бөліп алып редакторлеуге болмайды. Растрлықтан басқа векторлық бейнелер де бар. Мұнда әрбір фигурамен жеке жұмыстануға болады. Word – тың графикалық мүмкіндіктері MS. Word мәтіндік редакторын іске қосу тізбектерін қайталау және орындалатын операцияларды еске түсіру. MS. Word редакторында мәтін енгізуге, пішімдеуге, қатені түзетуге, мәтіндік құжат құруға, пішімдеу операцияларын бүкіл мәтінмен де, оның бөлімдері:символмен, сөзбен, жолмен, абзацпен бөліммен, бетпен де жүргізуге болады. Абзацтық шегіністерді қолдануға, тасымал жасауға, мәтінді жылжытуға, көшіруге, беттерді номерлеуге , кесте құруға, құжатты баспаға беру операцияларын орындауға болады және Word – тың графикалық мүмкіндіктері.Мәтіндік құжатқа графикалық кескіндер, фигуралық мәтін кірістіруге болады. Word – та енгізген мәтінімізге дайын суретті немесе Paint графикалық редакторында салған суреттеріңді кірістіруге болады. Paint - та салған суретті алмасу буферінің көмегімен орындалатын командаларды пайдаланып кірістіруге болады. Дайын суреттер қорынан алынған суретті кірістіру үшін: 1.Файлды ашып, мәтіннің суретті кірістіретін жерге меңзерді орналастырамыз 2.Вставка = Рисунок = Картинки командасын орындаймыз 3.Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және Рисунок категориясын таңдаймыз. 4.Суреттері бар терезе ашылады, таңдалған суретте маусты шертеміз. 5.Суреттің өлшемін қалауларың бойынша таңдап, суреттің үстінде маустың оң жақ батырмасын шертеміз. 6.Динамикалық менюден Формат рисунка командасын таңдап, Формат рисунка диалог терезесіндегі Положение қосымшасын шертіп Поверх текста опциясының жалаушасын алып тастап ОК батырмасын шертеміз. Фигуралық мәтін кірістіру Фигуралық мәтін кірістіру үшін Коллекция WordArt диалогтік терезесін пайдаланамыз. Ол үшін: 1.Меңзерді мәтіннің басына орналастырамыз 2.Вставка – Рисунок - Объект WordArt командасын орындаймыз 3.Коллекция WordArt диалогтік терезесінде ұнаған қаріп стильін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. 4.Изменение текста WordArt диалогтік терезесі пайда болады, ондағы Текст надписи өрісіне мәтін енгізіп, Ок батырмасын шертеміз. IV Сабақ бекіту: карточкамен жұмыс 1-2 мин V Сөз жұмбақ шешу: терезе элементтерінің міндеттері 1- мин VI Практикалық бөлім: Техника қауіпсіздік ережелерін сұрау Компьютермен жұмыс: әр оқушыға жеке тапсырма беру Компьютермен жұмыс жасағанда әр топқа 10-15 минуттан уақыт беріледі. Тапсырма – 1: Мәтін енгізу, графикалық объекті орналастыру Тапсырма – 2 : Кесте құру, көшіру,ұяшықтарды біріктіру, кесте толтыру Тапсырма – 3 : WordArt терезесін пайдаланып открытка жасау Тапсырма – 4: Paint - та салған суретті Word- қа көшір Тапсырма – 5 : Кесте құру, ұяшықтарды біріктіру. кестеге графикалық объекті кірістіру Орнындағы оқушылар: « Сөз жұмбақ » шешеді Екінші орын ауыстыру, көзге, қолға жаттығу жасау Екінші ауысымдағы оқушылар интерактивті тақтада дайындалған « тест » бойынша жауап береді Жұмыстарын аяқтап компьютерді жауып барлық оқушылар орындарына отырады Интерактивті тақтада Word редакторының құрал – саймандарын атап, қызметін айтады 1- мин Үйге тапсырма: Word – тың графикалық мүмкіндіктері 147-148 бет 1- мин Қорытынды: Оқушылардың орындаған жұмыстарын ескере отырып, олардың тапқырлығы мен жіберген кемшіліктерін ескере отырып білімдерін бағалау, күнделікке баға қою. 1- мин | |
Просмотров: 1472 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|