Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақтың тақырыбы: Анимация. Мультимедиа. Мақсаты: Білімділік: 1. Кескін, графикалық объектілерді салуда API функцияларын пайдалана отырып, жаңа ұғымдар түсініктермен таныстыру 2. Анимацияланған объектілер, мультимедиа компоненттерімен қолданбаларды жасауды үйрену. Дамытушылық: Өздік ойын дәлелдеп, тұжырымдай білуге жетелеу. Зейінін, ойлауын, есте сақтауын дамыту. Алған білімдерін өмірде қолдана білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Бағдарлама жазу барысында тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу Сабақтың типі: жаңа сабақ Сабақ өтілу формасы: топтық, жеке Сабақтың жабдықталуы: мультимедиялық проектор, оқушы мен оқытушыға арналған компьютер, интерактивті тақта, Vsual Basic программасы. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі: Бүгінгі сабағымыздың ұраны ретінде программист Чарльз Беббидждің мына сөздері айтқым келіп тұр: «Мен естіп - ұмыттым, көріп - есте сақтадым, орындап - түсіндім!». Бұл сөздерден не ұқтыңыздар? Яғни қандайда бір құбылыстың, процесстің мағынасын түсіну үшін алдымен оны өзің орындап, өзіміздің бойымыздан өткізуіміз қажет. Әйтпесе, біз тек қана есте сақтаймыз да, оны терең ұғына алмаймыз, бізге тек қана түсінеміз, біраз уақыт өткен соң бәрін ұмытып қаламыз. Үй тапсырмасын тексеру: үй тапсырмаларын тексеру, шығарылу жолын сұрау. Оқушылардың білімін тексеру - Cұрақ қою: 1. Visual Basic- тің негізгі объектісінің бір болып табылады, оны атаңыз Жауап: Пішін. Басқа объектілер сияқты ол да қасиеттер, әдістер мен оқиғаларға ие бола алады. Пшін әр түрлі басқару элементтері орналасқан қолданбалардың болашақ терезесі деп айтуға болады. 2. Қасиет дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз Жауап: Қасиет дегеніміз объектінің сипаттамаларын (өлшемі, түсі, экрандағы жағдайын, белгілейтін объект атрибуты 3. Оқиға дегеніміз не? Объект дегеніміз объектімен жасалатын әрекеттерді айтады Мысалы тышқанды шерту, пернені басу, пішінді экранда бейнелеу оөиғалар болып табылады. 4. Біз бүгін графикалық объектілерді қарастыратын болғандықтан, графикалық пішінді құруға мүмкіндік беретін әдістерді атап өтейік Жауап: Графикалық әдістер Circle- берілген түспен шеңбер, эллипс немесе доғаның суретін салады салады Line- сызықтар салу Print- мәтінді шығарады 2. Жаңа сабақ түсіндіру. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Анимация. Мультимедиа» практикалық сабақ, өткен сабақта алған теориялық білімімізді іс жүзінде қолдану. Сәттілік тілеймін! Сабақтың мақсатын айтып өту: Бүгін сабақта біз Visual Basic ортасында графикалық объектілерді бағдарламалау және оғана қарапайым анимация жасауды үйренеміз. 1. Көзін жұму-ашу 1-сурет 2-сурет 1. Формада екі графиктік алаң орналастыру Image1 және Image2. 2. Image1-ге 1-ші суретті орналастыру, Image2-ге 2-ші суретті орналастыру. Оларды орналастыру үшін: o Құралдар қатарындағы Image басқару элементін формаға орналастыру. o Қасиеттер терезесіндегі Image-ге басып, көп нүктеге басу және суреттің қай жерде сақталғанын тауып қою. Екі суретке де солай жасау. 3. Қасиеттер терезесіндегі SizeMode графиктік алаңы AutoSize болып тұруы керек. 4. 2-ші суретке Қасиеттер терезесінен Visibl терезесіне – True деп қою керек 5. 1-ші суретті екінші суреттің үстіне орналастыру керек. 6. Анимация болу үшін формаға екі таймер қойылады. Екі суретке арналған. 7. Бірінші таймерге қасиеттер терезесінен төмендегідей қоямыз: o Interval: 400 o Enabled: True Интервал кадрлардың қанша уақытқа орын ауысатынын көрсетеді. Егер аз қойылса онда кадрлар тез қозғалады (көз тез жыпылықтайды) . True- ге Enabled қойылса бірінші таймер жұмыс істейді. 8. Таймер1-ге екі рет тышқанды шертеміз, программалаушы бет ашылады. Тimer1_Tickбірінші таймер үшін және төмендегі кодты жазу керек: 9. Image1.Visible = False '1-ші суретті көрінбейтін етеді 10. Timer1.Enabled = False '1-ші таймерді қосады 11. Image2.Visible = True '2 суретті көріеті ету 12. Timer2.Enabled = True '2-ші таймерді қосады Timer2.Interval = 400 13. Таймер2-ге екі рет тышқанды шертеміз, программалаушы бет ашылады. Тimer2_Tickбірінші таймер үшін және төмендегі кодты жазу керек: 14. Image2.Visible = False '2-ші суретті көрінбейтін ету 15. Timer2.Enabled = False '2-ші таймерді қосу 16. Image1.Visible = True '1-ші суретті көрінбейтін ету 17. Timer1.Enabled = True '1-ші таймерді қосу Timer1.Interval = 400 18. Барлығы жазылып болды. Енді бағдарламаны орындауға жіберуге болады. Компьютерде өз беттерімен тапсырма орындау: 1-орнынан секіретін бағдарламасын құру. 2-көбелекті ұшыру. 3-шарды домалату Private Sub Command1_Click() ' батырманы басқанда Timer1 және Timer3 қосылады Timer1.Enabled = True Timer3.Enabled = True End Sub Private Sub Timer1_Timer() Shape1.Left = Shape1.Left + 25 ' Shape1 оңға қарай 25 қосыла отырып қозғалады End Sub Private Sub Timer2_Timer() Shape1.Left = Shape1.Left - 25 ' Shape1 25-ке солға қарай қозғалады End Sub Private Sub Timer3_Timer() If Shape1.Left <= -400 Then 'Если Shape1.Left <= -400(сол жақ стенкаға соғылады) Timer1.Enabled = True ' Timer1 қосылады Timer2.Enabled = False ' Timer2 өшеді End If If Shape1.Left >= 4000 Then 'Если Shape1.Left <= -400(оң жаққа соғылады) Timer2.Enabled = True ' Timer2 қосылады Timer1.Enabled = False ' Timer1 өшеді End If End Sub Үйге тапсырма. Светофордың қосылып өшу бағдарламасын жасау. 3. Сабақты қорытындылау . Оқушыларды бағалау. Источник: http://collegy.ucoz.ru/publ/0-0-0-0-1 | |
Просмотров: 1279 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|