Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
6 сабақ 5а сынып Күні _______ Сабақтың тақырыбы: Пернетақта. Пернелер тобы. Сабақтың мақсаты: Пернетақтаның жұмысымен таныстыру арқылы, оқушылардың компьютерді қолдана білу қабілеттерін арттыру. Білімділік: Пернетақтаның функционалды пернелері жөнінде мағлумат беру. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту. Тәрбиелік: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың құрал-жабдықтары: компьютерлер, пернетақта Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын тексеру 3. Жаңа сабақ 4. Сабақты бекіту 5. Үйге тапсырмасын тексеру 6. Үйге тапсырмасын тексеру Үйге тапсырмасын тексеру • Компьютердің негізгі құрығыларын ата. • Компьютер жадысының қандай түрлерін білесіңдер? • Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылығын атаңдар. • Ақпаратты енгізу-шығару құрылғыларын ата. • Жадтың сыртқы тасуыштарын сипатта. • Монитордың ажырату қабілеті дегеніміз не? Жаңа сабақ Пернетақта - компьютерге ақпарат енгізетін құрылғы.Онда 101 немесе 102 перне болады .Таңбалық деректерді енгізу қызметін атқарады және негізгі енгізу құрылысы болып табылады. Пернетақтаның әрекетерінің принциптері: 1.Пернені басқанда пернетақтаға орнатылған арнайы микросхема идентификациялайтын скан-код жіберіледі. 2. Скан-код микросхемаға түседі, ол өз кезегінде процессорға бекітілген нөмірі бар түзу береді. 3. Үзуді алып, процессор ағымдағы жұмысын кейінге қалдырып, түзуге нөмірі бойынша түзуге қызмет жасайтын бағдарламаның адресін табады. 4. Үзуді өңдегеннен кейін процессор аяқталмаған іске қайта оралады. 5. Енгізілген (бірақ өңделмеген) символдар пернетақтаның буферіне түседі де, оған арналған бағдарлама оларды алып кеткенше сақталады. Шартты түрде пернетақтаны 5-бөлікті бөлуге болады: - басу пернетақтасы (алфавиті- цифрлық және таңбалық ернеулер) - функционал пернелер: F1-F12 - арнайы операциялар пернелері: Enter, Esc, Tab6, Ctrl, Alt, BackSpace - меңзерді басқару және редакциялау пернетақтада. - сандық пернетақта. Функционалдық пернелер - Олар символдық пернелердің үстінде орналасқан. Олар компьютердің күрделі операцияларын тез орындай. Әр түрлі программаларды әр түрлі қызмет атқарады. Символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі. Символ, цифр енгізуге болады. Нұсқаушы немесе меңзерді экранда басқару пернесі. Меңзерді экранда жылжытуға арналған. Цифрлық-қосымша NumLock пернетата арқылы қосылып ажыратылады. Enter - енгізу пернесі – белгілі бір әрекетті аяқтағанда басылады. Бос орын – символдарды бір-бірінен ажыратады. ← немесе Backspace пернесі алдыңғы символды өшіреді. Shift - бұл кіші әріптерді алкен етуге және керісінше орындауға болады. Caps Lock - алкен әріптер енгізіледі. Delete - меңзердің оң жағында орналасқан символдарды өшіреді. кейбір амалдарды орындау үшін пернелердің комбинациясын пайдаланады. Ctrl Alt Сабақты бекіту: • Компьютердің сыртқы құрылғыларын ата? • Енгізу-шығару құрылғыларын айтыңыз • Пернетақтаның блоктарын айт. • Негізгі пернелердің қызметі қандай? Үйге тапсырма: Тестқа дайындық. Тақырыпты оқу бағалау | |
Просмотров: 935 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|