Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
№5 сабақтың әдістемелік әзірлемесі Мамандық:0302000-«Медбикелік іс» Біліктілік:0302033-«Жалпы практикадағы мейірбике» Сабақтың типі:аралас Өткізу әдісі:илюстративті-түсіндірмелі Сағат саны:2сағат Сабақтың өтетін орны:компьютерлік сынып Сабақтың тақырыбы: «Диаграмма құру» Сабақтың мақсаты: Диаграмма құру әдісін түсіндіріп, игеруге үйрету. Сабақтың міндеттері: Білімділік: Microsoft Excel бағдарламасында диаграмманы құру және қолдану әдістерін білу. Дамытушылық: Жекелеме тапсырманы орындату арқылы оқушылардың Excel бағдарламасы туралы білімін дамыту. Тәрбиелік: Жауапкершілікке, өзбетімен жұмыс істеуге, жұмыс нәтижесіне жетуге, ұйымшылдыққа үйрету. Сабақтың жабдықтары: «Mу test», тапсырмалар, тақырып бойынша ОӘК. Пәнаралық байланысы: математика, медициналық статистика. Тәжірибелік сабақ барысының технологиялық картасы 1 Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин. 2 Оқытушының кіріспе сөзі – 3 мин 3 Үй тапсырмасын тексеру – 15 мин. а) тест 4 Жаңа тақырыпты түсіндіру – 20 мин. 5 Жаңа тақырыпты бекіту – 5 мин. 6 Тәжірибелік дағдыны орындауға арналған нұсқаулық – 3 мин. 7 Өзіндік жұмыс – 35мин. 8 Жұмыстарын тексеру, бағалау – 5 мин. 9 Үй тапсырмасы -2 мин Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастырукезеңі. Оқушылармен сәлемдесу және оларды түгендеу; Кезекші мен сұхбат, аудиторияның тазалығын шолу; Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. 2. Оқытушының кіріспе сөзі. Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы «Диаграмма құру». Бұл тақырып бойынша оқушылар кестелік процессорде диаграмма шеберін қолдану әдістерін игере білу керек. 3. Үй тапсырмасын тексеру: А) «Me test» бағдарламасы бойынша тест алу. 4. Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары: 1. Диаграмма түрлері 2. Диаграмма элементтері 3. Диаграмма құру әдісі Диаграмма – бұл мәліметтерді талдау мен салыстыру ыңғайлы болу үшін кестедегі мәліметтердің көрнекі графиктік түрде берілуі. Диаграмма түрлері: 1. Гистаграмма – категорияларға топтастырылған интервалды-деңгейлік мәліметтерді көрсететін тізбектелген тік бұрыштардан тұратын схемалық жиіліктің бөлінісінің бейнеленуі. 2. Сызба – белгілі уақыт арасында параметрлардың өзгерісін анықтап көрсету үшін. 3. Шеңбер – бір бүтіннің бөліктерінің пропорциялық қарым-қатынасын көрсету үшін. (шеңбермен динамиканы көрсете алмайсындар) 4. Жолақ - жеке элементтер арасындағы салыстыруды көрсетеді. Жолақ диаграммада санаттар әдетте тік ось бойлай, ал мәндер көлденең ось бойлай орналастырылады. 5. Аумақтық - уақыт бойынша өзгерісті тұрғызу үшін және тенденция бойынша жиынға назар аудару үшін пайдаланылады 6. Нүктелік - бұл деректер нүктелерін мәндердің жұптарын салыстыру үшін байланысқан сызықтарсыз көрсетеді. 7. Басқа диаграммалар (биржалық, беттік, сақиналы, көпіршіктік, жапырақты) ДИАГРАММАНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІМЕН ТАНЫСУ Диаграммада көп элементтері бар. Бұл элементтердің кейбіреулері әдепкі болып табылады, ал басқаларын қажет болғанда қосуға болады. Диаграмма элементтерінің көрсетілуін былай өзгертуге болады: оларды диаграммадағы басқа орындарға жылжыту, олардың өлшемін өзгерту немесе пішімін өзгерту. Сондай-ақ, көрсету қажет емес диаграмма элементтерін жоюғада болады. 1. Диаграмманың диаграмма аумағы. 2. Диаграмманың тұрғызу аумағы. 3. Диаграммада тұрғызылған деректер қатарының деректер нүктелері. 4. Көлденең (санат) және тік (мән) біліктер, оларда диаграммадағы деректер тұрғызылады. 5. Диаграмманың мәндік белгілері. 6. Диаграммада пайдалануға болатын диаграмма және білік тақырыбы. 7. Деректер қатарындағы деректер нүктесінің толық мәліметін білдіру үшін пайдалануға болатын деректер белгісі. Диаграмма құру үшін: 1. Еңгізілетін деректерді таңдаңыз. 2. Кірістіру қойыншасының Диаграммалар тобында пайдаланылатын диаграмма түрін, одан кейін диаграмманың ішкі түрін таңдаңыз. 3. Тақырыптар және деректер белгілерін қосу, диаграмманың құрылымын, орналасуын немесе пішімін өзгерту үшін Диаграммалармен жұмыс істеу параметрін пайдаланыңыз. Диаграмма құру үшін келесі 4 қадамнан тұрғызылады. 1-қадамында диаграмма түрі таңдалып алынады. Стандартты қыстырмасындағы Тип тізімінде диаграмманың қолда бар түрлері көрсетілген. Таңдап алынған тип үшін терезенің оң жағында мәліметтердің көрсетілуінің түрлі нұсқалары бейнеленген. Соның ішінде өзімізге қолайлысын таңдауымыз қажет. Стандартты емес қыстырмасында пішімделген, толығымен қалыптасқан диаграмма түрлері бейнеленеді. 2-қадамда деректер көзінің ауқымын өзгертуге болады Егер мәліметтер ауқымы алдын-ала берілген болса, Диаграмма шебері терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан алдын-ала қарап шығу аймағында тұрғызылатын диаграмманың жуық бейнесі пайда болады. Мәліметтер көрсетілмеген жағдайда Ауқым өрісінде көрсету қажет. 3-қадамда диаграмма бөліктерінің көрінісін, диаграмма мен аңыз форматын өзгертеміз.Диаграмма шебері жұмысының үшінші сатысы диаграмманы безендіруден тұрады. Диаграмма шебері терезесінің қыстырмаларына төмендегі параметрлер енгізіледі: • диаграмманың аты, осьтерінің атаулары (Тақырыптары (Заголовки) қыстырмасында); • координаттық осьтердің кескінделуі мен белгіленуі (Осьтер қыстырмасында); • координата осьтеріне параллель тор сызықтардың кескінделуі (Тор сызықтар (Линии сетки) қыстырмасында); • тұрғызылған осьтердің сипаттамасы (Атаунама (Легенда) қыстырмасында); • графиктегі мәліметтердің жеке элементтеріне сәйкес келетін атауларды бейнелеу (Мәліметтер қолтаңбасы (Подписи данных) қыстырмасында); • графикті тұрғызуда пайдаланылған мәліметтерді кесте түрінде көрсету (Мәліметтер кестесі (Таблица данных) қыстырмасында). 4-қадамда диаграмманы орналастыру орны таңдалады. Диаграмма шебері жұмысының соңғы сатысында диаграмманы жаңа параққа немесе бұрынғы жұмыс парақтарының біреуіне орналастыратынымыз жайлы сәйкес өрістердің біреуіне жауап беруіміз керек. Диаграмманы редакциялау. Дайын диаграмманың өлшемін, түрін, түсін өзгертуге және жоюға болады.Ол келесідей элементтердің жиынтығынан тұрады: тақырып, координаттық осьтер, тор сызықтары, тұрғызу аймағы, маркерлері, сандық мәліметтері және т.б. Егер диаграмма дұрыс құрылса, оның қандай мақсатта құрылғанын анықтау оңай болады. Ал диаграмма жақсы құрылу үшін, оған берілген, енгізілген ақпараттар анық әрі түсінікті болу керек. Дайын диаграмманың негізігі мынадай элементтері болады: тақырыбы, тор, аңыз. Аңыз дегеніміз диаграммада берілген деректердің қатарларын ажыратады. 5. Жаңатақырыптыбілімбекіту.Жаңа білімді бекіту үшін оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар беріледі. Жалпысұрау: 1. Диаграмма дегеніміз не? 2. Диаграмманың қандай түрлері бар? 3. Диаграмма құру неше қадамнан тұрады? 4. Диаграмма қандай элементтерден тұрады? 6. Тәжірибелік дағдыны орындауға арналған нұсқаулық. 1. Берілген таратпа қағаздағы кестені толтыру. 2. Толтырылған кестеден бірнеше диаграмма құру. 7. Өзіндік жұмыс.(қосымша беріледі) 1-тапсырма.Excel бағдарламасы бойынша кесте және баған арқылы диаграмма құру: Темекі ( Ішімдік ( 11-14 жас 10 20 15-17 жас 21 40 Мұғалімдер 29,7 58,4 Ата - аналар 44,5 68,5 2-тапсырма.Excel бағдарламасы бойынша кесте және баған арқылы диаграмма құру: 2010ж 2011ж 2012ж Туберкулез 8 8 6 ЖҚТБ 3 4 9 Таксикомания 1 0 0 Психикалық бұзылыс 20 23 23 3-тапсырма.Excel бағдарламасы бойынша кесте және баған арқылы диаграмма құру: Дәрілер аты Бағасы Диклофенак 770 Аналгин 90 Ацеклофенак 150 Аспирин 35 Катерол 295 Цитрамон 65 8. Баға қою. Барлық тапсырмаларды мұқият, шапшаң орындап отырған оқушыларды бағалау, ескерту жасау 9. Үй тапсырмасы: 1. Б.Бөрібаев. «Информатика және компьютер» - Алматы: Білім, 1995ж. -29бет. 2. К.Б.Есекеев, Г.Қ. Нұрғалиева «Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал» -Алматы, ҰАОАҚ, 2007.-11б. 3. Дәрісті оқу. | |
Просмотров: 1744 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|