Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақтың тақырыбы: Word мәтіндік редакторының құралдар тақтасы Мақсат: Оқушылардың WORD текстік редакторы және онымен жұмыс жасаудың бастамалары туралы білімдерін қалыптастыру. Мәтіндік редакторда жұмыс істеуді үйрету. Міндеттер: Білімділік – Оқушыларды WORD мәтіндік редакторымен таныстыру. Дамытушылық –Оқушылардың компьютерлік программалармен жұмыс жасау дағдылары мен қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік – Тәрбиелі, білімді және ойлау қабілеті жан-жақты оқушыларды тәрбиелеу. Сабақтың типі Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, тірек сөздер, Жабдықталуы: көрнекі материал (слайд, дайын суреттер), оқу құралдары, проектор, компьютер, тест. Сабақтың жоспары: 1.Ұйымдастыру 2.Ой қозғау. 3.Жана тақырып. 4.Практикалық тапсырма. 5.Сергіту сәті. 6. Тест. 7.Бағалау. 8. Үйге тапсырма. 9.Қорытындылау. Қанша тілді білесің? « Полиглот » Төмендегі жұмбақтардың шешуін үш тілде баяндау. Батырмасын басасың, Қажетті файылды ашасың. Компьютермен енеді, Қағазға басып береді. Мәліметті сұраған, Экранға шығарған Жақтаулар арқылы шектеледі, Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді Қабат –қабат қаттама Ақылың болса аттама Бұтақ орнында мың бір инесі, Компьютер жаны мекені «Стандартты құрал –саймандар» тақтасы MS Word пен жұмыс істей отырып екі құрал-саймандар тақтасын пайдалана аламыз. - Стандартты - Форматтау Әрбір батырмаға команда сәйкес келеді, ал батырмадағы сурет команданың мазмұнын көрсетеді. Батырмамен байланысты команданы шақыру үшін осы батырмаға тышқанмен шерту қажет. Егер тышқанның сілтемесін батырмаға қойсаңыз, жанында команда аты жазылған жақтау шығады. «Стандартты» құрал –саймандар тақтасының батырмалары Құжат құру Ашу. Құжатты сақтау. Баспа. Буферден қою Буферге көшіру Буферге жіберу Басылымды қарап шығу. Болдырмау (соңғы операцияны болдырмайды). Қайталау Мәтінді форматтау Мәтінді форматтауға мыналар жатады: әр түрлі қаріптерді пайдалану; құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары төменгі өрісін айқындау. мәтінді бағандарға бөлу; символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау. Мәтінді форматтау үшін Форматтау Формат мәзіріндегі Қаріп диалогтік терезесін қолданамыз. Форматтау құралдар тақтасында қаріп пішінін таңдау батырмалары Қаріп типтері. Қаріп өлшемі. Қарайтылған сызылым. Курсивтік сызылым. Бір сызықпен сызу. Туралау батырмалары Қаріп түсі Компьютермен практикалық жұмыс Ә н ұ р а н [color=red]Алтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін,елім! Туған жерім менің – Қазақстаным! Тест Word мәтіндік редакторы 1. Word- 1. Office жүйесінің құрамына кіретін программа 2.Операциялық жүйе 3.Графикалықредактор 4. Есептеуіш программа 2. Мәтіндік прцессорды бірнеші әдіспен іске қосуға болады 1. Пуск-программа-Microsoft Office 2. Жұмыс үстеліндегі W таңбашасымен 3. Microsoft Office тақтасындағы батырмалармен 4. Тышқанның оң жақ батырмасымен 3. Word құжатының кеңейтілуі 1. TXT 2. DOC 3. XLS 4. BMP 4. Word қүжатын қалай сақтауға болады? 1. Правка-Сохранить 2. Файл-Сохранить 3. Вид-Сохранить 4. Сервис-Сохранить 5. Ақпарат деп нені түсінеміз? 1. Тек сандық деректер ғана 2. Тек сандық және мәтіндік деректер ғана 3. Кез келген сигналдар , деректер немесе мәліметтер 4. ҚҰжаттар түрінде ұсынылған деректер ғана 6. Ақпараттың ең кіші бірлігі 1.Мбайт 2. Кбайт 3. бит 4. байт 7. Операциялық жүйе дегеніміз не? 1. Арнаулы компьютерден анықталған бөлік жиынтығы 2. Басқарушы және қолданбалы программа 3. Вирустан тазарту программасы 4.Компьютер біліктерін жалғаушы кабель 8. Компьютердің қай құрылғысы адамның ойлау қабілетін модельдейді? 1. жедел жад 2. монитор 3. сырт?ы жад 4. процессор 9. Компьютер-бұл 1. мәтіндермен жұмыс істеуге арналған құрал 2. сандарды есептеуге арналған электронды құрал 3. ақпараттың кез келген түрін сақтауға арналған құрал 4. ақпаратпен жұмыс істеуге арналған көп қызметті электронды құрал 10. Компьютер жады қандай түрге бөлінеді? 1.дискілер, дискеттер 2. ішкі және сыртқы 3. винчестер, дискілер 4. дискеттер, сыртқы Үйге тапсырма: Word –қа мәтін енгізу 7.2-тақырып | |
Просмотров: 3909 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|