Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
САБАҚ ЖОСПАРЫ Сабақтың тақырыбы: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері. Сабақтың мақсаты: а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету; ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту; б) тәрбиелiк: оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу. Сабақтың түрi: Аралас сабақ. Пәнаралық байланыс: Математика, Сызу. Сабақтың көрнекiлiгi: ДЭЕМ, интерактивті тақта, ттапсырма берілген таратпа қағаздар, б)MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме электрондық оқулық. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин. • Оқушыларды түгелдеу; • Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру; • Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу. 2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 5-6 мин. Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі: 1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай? 2. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз; 3. Кестенің қатарлары мен бағаналарын ерекшелеудің айырмашылығы неде? 4. Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық орташа шаманы қалай анықтауға болады? | |
Просмотров: 1358 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|