Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

Excel
ШАКИРОВА ЖҰЛДЫЗ ҚАНАТҚЫЗЫ
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы,
Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің
информатика пәнінің мұғалімі

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың тақырыбы: MS Excel процессормен диаграммалар тұрғызу
Сабақтың мақсаты:
а) бiлiмдiлік: MS Excel-дің графиктік мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы оқушыларға түсінік беріп, Диаграмма шеберінің көмегімен диаграммалар тұрғызуды және әртүрлі типті диаграммалар құруды үйрету;
ә) дамытушылық: оқушылардың MS Excel программасы мүмкіндіктерін пайдалана отырып диаграмма тұрғызу жұмыстарын қатесіз орындауы мен дұрыс шешімін табу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың компьютерде жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыту;
б) тәрбиелiк: оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізіп, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу және ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.
Сабақтың түрi: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс: Математика, Сызу.
Сабақтың көрнекiлiгi: ДЭЕМ, интерактивті тақта, ттапсырма берілген таратпа қағаздар, б)MS Excel программасында диаграмма құрастыруды үйренуге арналған қысқаша түсініктеме электрондық оқулық.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: 1-2 мин.
• Оқушыларды түгелдеу;
• Олардың құрал-жабдықтарын және сабаққа дайындықтарын тексеру;
• Сабақтың тақырыбы мен мақсатын, өту ерекшеліктерін хабарлап, сабаққа кірісу.

2. Үй тапсырмасын сұрау, қорытындылау: 5-6 мин.
Оқушыларға MS Excel программасы туралы алған білімдерін бекіту мақсатында өткен тақырыптар бойынша төмендегі сұрақтар қойылып, үй тапсырмасы тексеріледі және жаңа сабаққа дайындық жұмыстары жүргізіледі:
1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері қандай?
2. MS Excel электрондық кестесінің негізгі ұғымдарын атаңыз;
3. Кестенің қатарлары мен бағаналарын ерекшелеудің айырмашылығы неде?
4. Функциялар шеберінің көмегімен арифметикалық орташа шаманы қалай анықтауға болады?

Жауаптары:
1. MS Excel программасының атқаратын қызметтері:
Microsoft фирмасының Excel программасы - кесте түрінде берілген мәліметтерді өңдеуге арналған кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын программа.
Мүмкіндіктері:
• Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып, әртүрлі есептеулер жүргізу;
• Тиімді ету мәселелерін шешу;
• Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдау;
• Графиктер мен диаграммалар тұрғызу;
• Мәліметтер базасын даярлау;
• Мәліметтерді статистикалық талдау, т.б.
2. Негізгі ұғымдары:
• Қатар – электрондық кестедегі горизонталь жол, максимал саны – 65536, жұмыс аймағының сол жақ шекарасында араб цифрларымен нөмірі белгіленген.
• Бағана – электрондық кестедегі вертикаль жол, барлық саны – 256, жұмыс аймағының жоғарғы шекарасында латын әріптерімен белгіленген.
• Ұяшық – бағана мен қатардың қиылысқан жері, адресі бағана әрпі мен қатар нөмірінен тұрады, мысалы: В3.
• Блок – тіркесе орналасқан ұяшықтардың төртбұрыш аймағы (диапазон), мысалы: В5:D8.
3. Қатарлар мен бағаналарды ерекшелеудің айырмашылығы:
• Бағананы белгілеу – сәйкес әріпті шерту.
• Қатарды ерекшелеу – сәйкес нөмірді шерту.
4. Арифметикалық орташа шаманы анықтау:
• fx батырмасы арқылы сұхбат терезесінен қажеттісін – срзнач – таңдап, екінші қадамда мәліметтер блогын енгіземіз.

3. Жаңа сабақты түсiндiру: 22-25 мин.
1985 жылдың мамыр айында Мicrosoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы МICROSOFT ЕXCEL ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таным болып қолданысқа енді.
Бүгін біз MS Excel программасының тағы бір мүмкіндігімен танысқанда оны іс жүзінде де пайдалана отырып, мүмкіндігінше өзімізге түсінікті дәрежеде ұғынуға тырысып көрейік. Бұл сабақтың ерекшелігі – өткен сабақтарда меңгерген білімдерімізді қолдана отырып, өз өмірімізге, күнделікті тіршілігімізге қатысы бар дүниелерді қолдана алуымызда.
Қазіргі кестелік процессорлар статистикалық деректерді түрлі түсті диаграммалармен, графиктермен және графикалық суреттермен, схемалармен әсерлі көрсетуге мүмкіндік береді.

Диаграмма – мәліметтерді көрнекі түрде кескіндеп көрсетудің өте бір әдемі түрі. Мәліметтер кесте түрінде берілгенде оларды салыстыру, талдау оңай шаруа емес. Ал диаграмма өзіміз математика мен сызудан білетініміздей көптеген нәтижелерді бірден аңдап, тіпті сандық мөлшерлеріне қарамай-ақ ненің не екендігін түсінуімізге мүмкіндік береді.
Диаграмма туралы түсінікті болғаннан кейін енді бір күнімізді қалай өткізетіндігіміз жайлы мәліметтер жинақтап, MS Excel-ге енгізейік. Негізгі бес факторға: бірінші – мектеп, екінші – үй, үшінші – көше, төртінші – салауатты өмір (хобби, спорт, мәдени іс-шаралар, үйірмелер, т.б.) және бесінші – ұйқы, осыларға тоқталуды жөн көріп, шамамен сағатпен алынған уақыт мөлшерін көрсетейік.
Диаграммалар деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған.

Тақырып диаграмманың жеке элементтерін түсіндіру үшін қолданылады.
Аңыз диаграммаларда берілген деректердің қатарларын ажыратуға көмектеседі.
Диаграммалардың типтері:

Дөңгелек диаграмма

Гистограмма

Сақиналық диаграмма

Конустық диаграмма

Көлемдік гистограмма

(әрбір диаграмма Excel кестелік процессорында құрылып түсіндіріледі)

Excel-де диаграммаларды екі түрлі жолмен: ағымдағы жұмыс бетіне кірістіру және диаграмма бетін қосу арқылы орындауға болады.
Графикалық обьектілерді кірістіру:
1. Жаңа файл ашамыз.
2. Меңзерді А1 ұяшығына орналастырамыз, себебі суретті бос А бағанына кірістіреміз.
3. Ол үшін Вставка – Столбцы командасын орындап, бүкіл кестені бір бағанға оңға жылжытамыз.
4. Вставка – Рисунок – Картинки командасын орындаймыз.
5. Microsoft Clip Gallery диалогтік терезесінде Картинки қосымшасын және сурет категориясын таңдаймыз.
6. Суреттер бар терезе ашылады, ұнаған суретімізге маусы шертеміз.
7. Вставить батырмасын шертеміз, жақтаудағы сурет кестеге кірістіріледі.
8. Егер сурет көлемі ұнамаса, оны өзіміз қалауымызша үлкейтіп немесе кішірейтуімізге болады.

Диаграмма шеберінің жұмысы төрт қадамнан тұрады, батырманы шерткеннен кейін оның бірінші қадамы экранға шығады:
Категория: Компьютер-бум | Добавил: новатор (2012-04-25) E
Просмотров: 2383 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 9:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru