Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Сабақтың басталуын ұйымдастыру Сабақтың басталу барысында оқушылардың сабаққа дайындығына назар аудару керек. Сынып кезекшілерінен кімнің жоқ екендігін анықтап, аудиторияның дайындығын тексеру (тақтаның тазалығы, бор, көрнекіліктердің ретімен ілініп тұруы) керек. Сабақты жүргізу Оқушыларды бүгінгі тақырыппен, сабақтың мақсатымен таныстырамын. Сабақтың мақсаты: Компьютерлік технологияны пайдалана отырып, Паскаль программалау тілінде қолданбалы есептер шығару. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, үй тапсырмасын тексеру пунктін өткіземін. Үй тапсырмасын «Жауабын тап» ойыны арқылы жүргізіледі. Тақтадағы таблодан сұрақты деңгейіне байланысты таңдау арқылы жүзеге асырылады. Келесі кезең практикалық жұмыс. Оқушы өзіне бір нұсқаны таңдап алып, өзінің шамасына қарай есептің қайсысын орындай алады, сол тапсырманы компьютерде орындайды. Бекіту кезеңі «Мұғалім және оқушы» ойыны арқылы жүзеге асырамын. Мұнда І нұсқа-оқушы, ал ІІ нұсқа – мұғалім. Оқушы мұғалімге есепті қалай шығару керек екендігін түсіндіреді, мұғалім тыңдап бағалайды (фишка береді). Оқушы түсіндіріп болған соң, рольдерімен ауысады. Білімдерін қорытындылау: «Сыншы, сараптаушы, бақылаушы». Оқушыларға ортақ тапсырма беріледі. Осы тапсырманы үш жақты қарастырып шығуы керек. Үй тапсырмасы: Білімдерін қорытындылау бөлімінде алған карточканың артында тапсырма болады. Сол бойынша дайындалып келу. Соңынан сабақты қорытындылап, бағалау карточкасына байланысты әр оқушыға тиісті бағасы қойылады. Сабақ жоспары № Пән: Алгоритмдеу және программалау негіздері Топ: ВТ-21 Сабақтың тақырыбы: « Паскаль тілінде қолданбалы есептер шығару» Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік: Pascal тілінде программалау туралы жалпы мағлұмат беру. Программалау кезеңдерін меңгеру және оларды қолдану дағдысын қалыптастыру Тәрбиелік: оқушыларды техника қауіпсіздігін сақтау, техникаға деген мәдениетін арттыру және ұқыптылыққа баулу. Дамытушылық: таңдап алған мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттыра отырып, тұлғаның белсенділігі мен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Пәнаралық байланыс: математика, физика Көрнекіліктер: мультимедиялық видеопроектор, бағалау кестесі, «Жауабын тап» кестесі, деңгейлік тапсырма кестесі Таратпа материалдар: карточкалар, есептер. Қолданылған әдебиеттер: 1. Ж.А. Аитов “Паскаль тілінде программалау” 2. Ж.Қ. Масанов “Turbo Pascal” 3. Б. Бөрібаев “Информатика және есептеуіш техника негіздері” Сабақ жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі 2 мин ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 16 мин ІІІ. Практикалық жұмыс 35 мин IV. Бекіту 10 мин V. Білімдерін қорытындылау 10 мин VI. Бағалау 5 мин VII. Үй тапсырмасын беру 2 мин Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа деген психологиялық дайындықтарын, аудитория мен техниканың сабаққа дайындығын тексеру. II. Үй тапсырмасын тексеру: «Жауабын тап» ойыны арқылы өткенді қайталау. Жауабын тап І ІІ ІІІ Паскаль тіліндегі негізгі ұғымдар 5 10 15 Шартты оператор 5 10 15 Цикл құрылымды алгоритмді программалау 5 10 15 Массив және матрица 5 10 15 Процедура және функция 5 10 15 Сұрақтар Паскаль тіліндегі негізгі ұғымдар І. Паскаль тіліндегі стандартты арифметикалық функциялардың жазылу ережелері қандай? ІІ. Логикалық өрнектегі операциялардың орындалу ретін көрсетіңіз? ІІІ. Арифметикалық өрнектегі амалдардың үстемділігі қандай? Шартты оператор І. Шартты операторды толық түрде жазудың қандай екі формасы бар? ІІ. Шартты операторға мысал келтіріңіз? ІІІ. Шартты оператордың құрамында шартты оператор болуы мүмкін бе? Цикл құрылымды алгоритмді программалау І. Шарты алдын-ала берілген цикл операторының жазылу формасы және орындалуы ІІ. Шарты соңынан берілген цикл операторының жалпы формасы және орындалуы ІІІ. Параметрлі қайталану операторының жазылуы және орындалуы Массив және матрица І. Массив деп нені ұғамыз ІІ. Қатталған массивтер не үшін қолданылады? ІІ. Массив элементтеріне қандай операциялар қолданылады? Процедура және функция І. Ішкі программа дегеніміз не ІІ. Ішкі программаны процедура түрінде жазғандағы ерекшеліктерін көрсетіңіз? ІІІ. Процедура дегеніміз не? Жазылу формасы қалай? III. Практикалық жұмыс : үш деңгейлі есепті компьютерде орындау Оқушы өзіне бір нұсқаны таңдап соның ішіндегі өзінің деңгейіне байланысты тапсырманы орындайды. Есепті толықтай орындап, анализ жасаған оқушыға К , толық емес жауап немесе есеп толықтай шықпаса немесе есеп шығып анализ жасалмасы немесе есеп толық емес, анализ толық жасалса К , есебі дұрыс болмаса оқушыға с фишкалары беріледі. І НҰСҚА І деңгей Шеңбердің радиусының өлшемі берілген, оның ауданын S=r2 анықтау қажет. ІІ-деңгей Берілген х аргументі үшін у функциясының мәндерін есептеудің программасын жазыңыз: ІІІ-деңгей Координата басынан L қашықтықта орналасқан шеңбердің ұзындығын(С) және дөңгелектің ауданын (S) анықтаңыз. Шеңбердің центрінің координаты х,у. Радиусы r. ІІ-НҰСҚА І-деңгей Жаяу адам таулы жерде кетіп барады. Оның жазықтағы жылдамдығы 1 км/сағ, өрге шыққандағы жылдамдығы 2 км/сағ, ылдиға түсу жылдамдығы 3 км/сағ. Қозғалыс уақыты сәйкесінше t1, t2 және t3 cағ. Жаяуадам қанша жол жүрді? ІІ-деңгей Нақты сандардың қосындысын есептеп шығар. ІІІ-деңгей Берілген нақты сандардың арифметикалық ортасын табыңдар. ІІІ-НҰСҚА І-деңгей Шардың көлемін анықтау V=4r3 ІІ-деңгей Берілген шарлардың әрқайсысының жеке жеке көлемдерін және көлемдерінің қосындысын табыңыз. Мұнда алғашқы шардың радиусы r, әрбір келесі шардың радиусы алдыңғысынан dr-ға артық, соңғы шардың радиусы rk. ІІІ-деңгей {Ai} бүтін сандар массиві берілген, мұндағы і=1,2,...,m. Айталық, M=15 болсын. 1-ден 12-ге (а1+а2+...+а12) дейінгі және 8-ден 15-ке (а8+а9+...+а15) дейінгі элементтер қосындысын есептеп осы қосындылардың көбейтіндісін табыңыз. Қосынды есептеуді summa деген атаумен берілген функция түрінде ұйымдастырыңыз. IV-НҰСҚА І-деңгей Негізі үшбұрыш болатын пирамиданың көлемін анықтау V=Sh/3 мұндағы S- үшбұрыштың ауданы, h – пирамиданың биіктігі ІІ-деңгей У функциясының х аргументі х0-ден хк-ға дейін dx қадаммен өзгергендегі мәндерін табыңдар. Функция мынадай түрде берілген. ІІІ-деңгей Массивтің ең үлкен элементтерінің санын анықтау V-НҰСҚА І-деңгей Табан дөңгелегінің радиусы R, биіктігі h болатын цилиндрдің толық беті мен көлемін табу S=2R(R+h); V=R2h ІІ деңгей N және K айнымалыларының барлық мәндеріндегі У айнымалысының мәндерін есептеңіз. Мұндағы, N=1,2,3 K=2,4,6,8 Y=2K+N. Егер N мен K-ның барлық мәндерін есептесек Y 12 мәнге ие болады. ІІІ деңгей Бүтін сандардан тұратн екі өлшемді А(4,4) массивінің оң элементтерінің арифметикалық орта мәнін және нолге тең элементтерінің санын табыңыздар. IV. Бекіту: «Мұғалім және оқушы» ойыны. Бір компьютер басында екі оқушыдан отырады. Осы оқушылардың біреуі І нұсқа, екіншісі ІІ нұсқа болып бөлініп, берілген тапсырманы бір-біріне түсіндіреді. Бірінші І нұсқа – оқушы болады, ІІ нұсқа – мұғалім. Келесісінде рольдерімен ауысады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды. І нұсқа тапсырмасы: Трапецияның а, в қабырғалары және h биіктігі берілген. Трапецияның ауданын анықтау қажет. ІІ нұсқа тапсырмасы: Тіктөртбұрыштың а,в қабырғалары берілген, оның ауданын S=a*b және периметрін P=2*(a+b) анықтау V. Білімдерін қорытындылау: «Бақылаушы, сарапшы, сыншы» Топты ортаға үшке бөліп отырғызамын. Өздеріңіздің таңдауы бойынша үш нұсқалы қағаздың біреуін алады. Сол бойынша тапсырмаға дайындалады. Тапсырма барлығына ортақ. Тапсырма: Осы бүгінгідей тәжірибелік жұмыстың сіздің мамандығыңыздағы ролі Сыншы: Мамандығына маңызды еместігін дәлелдейді. Сараптаушы: Мамандығына қаншалықты маңызды екендігін дәлелдейді. Бақылаушы: Ортақ келісімге келуге шақырады. VI. Оқушыларды бағалау Фишкілерді санау. Сабақтың әр пунктінде алған фишкаларын ортақ баға шығару кестесіне жазып отырады. Сабақтың соңында ортақ бағаны алған фишкаларына байланысты мұғалім өзі шығарады. Ортақ баға шығару кестесі Студенттің аты-жөні Баға Ортақ баға Жауабын тап Есеп шығару Мұғалім және оқушы VII. Үй тапсырмасын беру Ж.А. Аитов «Паскаль тілінде программалау» 57-100 бетті оқып келу | |
Просмотров: 7063 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|