Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

Ақпараттық технологиялар арқылы білім беру
Ақпараттық технологиялар арқылы білім беру

Дамыған елдердегі бiлiм беру жүйесiнде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бiрi-оқытуды акпараттандыру, яғни оқу үрдiсiнде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақта еңбек етiп, өмір сүретiндер –бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықган -ұстазға жүктелетiн мiндет ауыр" дегенi мәлім.
Ендеше қазіргі заман мұғаліміне тек өз пәнінен терең бiлгiрi болуы емес, тарихи-танымдык, педагогикалық-психологиялық, саяси - экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етiледi.
Бүгiнгi күні әлемдік ақпараттық бiлiм кеңістігінің деңгейіне республика мектептерін көтерудiң тиiмдi жолы - бiлiм беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасынын "Бiлiм туралы" Занында бiлiм
беру жүйесiн ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негiзiнде анықталынып, осы жүйедегi басты мiндеттердiң бәріне айналып отыр. "Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы бiлiм берудiң ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстаннын бiлiм беру жүйесiн әлемдік бiлiм беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Ел президентiнiң Қазақстан
халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргiзiлгендей, компьютерлік сауаттану жөнiндегi ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекетік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондык поштаны колдана бiлу дағдысы мiндеттi талап болуға тиiс екендiгi атап көрсетілген. Осыған байланысты ХХI ғасырда ақпараттанған қоғам кажеттілiгiн қанағаттандыру үшiн бiлiм беру саласында төмендегідей мiндеттердi шешу көзделiп отыр: компьютерлiк техниканы, интернеттi, компьютерлік желiнi, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, электрондық оқулыктарды оқу үрдiсiне тиiмдi пайдалану арқылы бiлiм сапасын көтеру.
Елiмiздегi саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерiстерге сай бiлiм дерудi ақпараттандыру бағытында бiздiң мектебiмiзде жүргiзiлiп жатқан жұмыстар ақпараттандырудьң Мемлекеттiк бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. Осы сала төңірегінде "Бiлiм беру саласындағы ақпараттық технологиялар" "Информатика пәнін оқытудағы инновациялық технологиялар", "Qbasic,Pasсal бағдарламалау тiлдерi", "Бiлiм беру саласындағы ақпараттық мәдениет негiздерi", "Мектеп мұғалімдерін компьютерлiк сауаттылыққа баулу" Т.б.тақырыптар бойынша бiлiм жетiлдiру курстары ұйымдастырылып келедi.
XXI ғасыр - ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлiк
сауаттылық қажет. Бұл сауаттылықтын алғашкы баспалдағы мектептен
басталады. Ойткені, оқушы мектеп кабырғасынан теориялық бiлiммен қатар
ic жүзiндегi бiлiмiнiң алғы шарттарын меңеруі тиiс. Ал теориялық бiлiмдi
өмірмен ұштастыру үшiн компьютердің қажет екендiгi даусыз.
Бүгiнгi таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегi ғылыми мәселелерді шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту үрдiсiнде туындайтын компьютерлердің педагогикалык- психологиялық тың мәселелері әлі толық шешiлмеген. Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиiстi бiлiм, бiлiк, дағдының көлемi күннен- күнге артып, мазмұны өзгерiп отыр. Мектептің бiлiм беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы бiлiмнiң сапасын арттыру, бiлiм беру үрдiсiн интенсификациялау мен модернизациялаудын тиiмдi тәсілдерін iздестiру жұмыстары жүргiзiлiп жатыр. Бұл жұмыстардың тиiмдiлiгi мен нәтижелiлiгi бiрнеше оқу-әдістемелік, психологиялык-педагогикалық мәселелердiң шешiмiн ғылыми түрде негiздеудi талап етедi. Оларды бiрнеше бaғыттарга бөлуге болады:
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекеттерді ақпараттық технологияларды
пайдаланудың әдістемесін жасау;
- оқушыларды бiлiм, бiлiк, дағдыны меңгеру үшiн ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық - техникалық: базасын нығайту.
Бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру қазақстандық бiлiм беру үшiн үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлiк, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өмірiндегi ролi мен орнында түбегейлi өзгерiстер болады. Акпараттык және телекоммуникациялық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшiн қажеті шартқа айналды. Алынған бiлiм мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Ақпараттандырудын негiзгi бағыты ХХI ғасырдын талаптарына сәйкес қоғамды дамытудын жоғары тиiмдiлiктiң технологияларына сүйенген жаңа бiлiм стратегиясына көшу болып табылады. Қазіргі бiлiм жүйесiнің ерекшелiктерiне: оның iргерiлiгi, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкiндiктерi жатады. Ақпараттандыру және бұқаралық телекоммуникацияларды ғаламдастыру кезенңiнде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат жағының қалыптастыруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусiз кол жеткiзудi, сондай-ақ кез келген қашықтыктағы ақпарат көзiне, оның iшiнде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпаратты қоғамдык өнім ретiнде белсендi пайдаланумен сипатталады.
Бұл өскелің ұрпақты ақпараттық қоғаммен зиялы қарым- қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды. Әрбiр елдін технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен халкының тұрмыс денгейі ғана емес, сол елдiң әлемдік қоғамдастықта алатын орны, баска елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкiндiктерi, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк мәселелерін шешуiне де байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазiргi технологияның дамуы мен қолданылуының деңгейi оның материалдық базасының нығаюымен ғана емес, негiзiнен, қоғамды парасаттандыру денгейімен, оның жаңа бiлiмдi туындату, игеру және қолдана білу қабілетімен де анықталады. Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудын ғаламдық үрдiсiнiң негiзiне айналып келедi. Ақпараттық-технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс .денгейі, ұлттық қауiпсiздiк, бүкiл дүниежузiлiк қауымдастықтағы мемлекеттің рөлi тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкiл дүниежүзiлiк қоғамдастықтын өмір cүpyi үшiн жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар манызды роль атқарады,
Ғылым мен техниканын даму қаркыны оқу-ағарту саласынын оқыту үрдiсiне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етедi. Бiлiм беру саласында электрондык байланыс жүйелерiнде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, телеконференция, видео-конференция, телекоммуникациялык жуйелер арқылы іске асырылады. Қазір бүкiл дүние жүзi бiртұтас денеге айналып, ғаламдасу құбылысқа жүрiп жатқанда, әр түрлi байланыс жүйелерi сол дененің жүйке, қан тамырларынын ролiне айналган мына заманда интернеттiк жүйенi менгермеген ел ерте ме, кеш пе дүние жүзiнен келетiн байланыс нәрі.
Алматы облысы Іле ауданы №10 орта мектеп
Информатика пән мұғалімі: Асанов А.А
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Алим (2013-01-04) | Автор: Ақпараттық технологиялар арқылы біл E
Просмотров: 2763 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 6:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru