Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум |
Ашық сабақ Нарбинова Жанаргуль Сафиоллақызы Информатика пән мұғалімі ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы Сабақтың тақырыбы: Интернет желісі. Интернет сервистерінің бірі – электрондық пошта. Сабақтың мақсаты: 1) Жаңа тақырыпты меңгерту, Интернет туралы түсініктерін кеңейту; 2) Логикалық ойлау қабілеті, өз бетінше жұмыстануын дамыту. Өзін - өзі бақылау, бағалауға үйрету; 3) Өмірмен байланыстыра отырып өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: Кезеңдер, жұмыс дәптері, шығармашылық жұмыс, суреттер, тест тапсырмалар, үлестірме карточкалар. Керекті техникалық құралдар: Компьютер кешені, эл оқулықі, интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Блум жүйесімен құрылған кіріктірілген сабақ. Сабақтың жүрісі: Бөлім аттары: Жұмыс мазмұны І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амндасып, сабаққа дайындау. ІІ. Негізгі бөлім. Слайд арқылы Блум жүйесін көрсету. 1. Танып білу кезеңі. Үй жұмысын тексеру. Сыныпты екі топқа бөлеміз. І. « Шығармашылық жұмыс » ( екі топқа үй тапсырмасын пысықтау арқылы тексеруге шығармашылық жұмыс беріледі ). А тобына – Microsoft Power point бағдарламасы. Сұрақтары: 1) Қандай бағдарлама көрмелерді жоспарлауға, жасауға және өңдеуге арналған? 2) Мына батырмалардың қайсысы Стандартты үстел құрамына кірмейді? Оларды сызып таста. 3) Әр түрлі нысандардан тұратын көрменің құрамдас бөлігі қалай аталады? Б тобына – Microsoft Excel кестелік бағдарламасы Сұрақтары: 1) Excel бағдарламасындағы кесте ауқымының дұрыс белгіленуін көрсет? 2) Excel бағдарламасында ұяшықтағы мәліметті қалай жоюға болады? 3) Excel бағдарламасындағы жұмыс парағында жолдар атауы ... белгіленеді? ІІ. « Сөзжұмбақ » ( сөзжұмбақты шешу арқылы бүгінгі өтетін тақырыбымыздың терминін табамыз ). Сұрақтары: 1) тышқан курсоры 2) компьютерге ақпаратты енгізуге арналған құрылғы 3) 4) тышқан курсоры 5) компьютердің есептеу құрылғысы 6) қазіргі кездегі кең тараған процессор 7) Дербес ЭЕМ аталуы 2. Түсіну кезеңі. Жаңа сабақ. Жоспар: 1) Желіаралық байланыс 2) Интернет желісі, пайда болуы 3) Интернет желісіне қалай қосылуға болады? 4) Провайдер таңдау 5) Интернет сервистерінің бірі – электрондық пошта 1) Желіаралық байланыс. Екі немесе одан да көп желілерді байланыстыру кезінде желіаралық байланыс құрылады. Қазірде бүкіл әлемде жүз мыңдаған үлкен және кіші желілер жұмыс істейді. Осылайша бір – бірімен байланысқан миллиондаған компьютерден құралған ақпараттық өріс құрылды. Осы ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. 2) Интернет желісі, пайда болуы. Интернет – миллиондаған компьютерді ақпаратқа шексіз қол жеткізетін және түрлі амалдармен қатынас жасайтын мүмкіндігін ұсынатын жүниежүзіндегі ең танымал және ең үлкен желі. Бүгінде осы ақпараттық кеңістікте бірнеше млн. Пайдаланушы қосылған. Әр пайдаланушы одан өзіне керектісін тауып, оған керекті дегенді береді. Соның нәтижесінде Интернет ақпарат ресурстарымен толығып отырады. Internet – 1969 жылы АҚШ – та осы елдің Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша жасаған, Arpanet желісінен пайда болды. Arpanet оқу орындарын, әскери медігерлерді біріктіретін желі. Бұл желі алғашында жақындағы компьютерге бағдарлама енгізуге мүмкіндік берді. Көп ұзамай бұған файлдарды, электрондық поштаны және тізімді жіберуді қосты. Бұл желінің өсуіне орай басқа да желілер дамып, бір – бірімен жалғасты. Осылай бір – бірімен жалғасқан желілерден тұратын Интернет дүниеге келді. 3) Интернет желісіне қалай қосылуға болады? Интернет желісіне қосылу үшін компьютерге модем керек. Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы. Модем арқылы қосылым жасау үшін компьютерге иесіне лайықты эпровайдер тауып Интернетте жұмыс істеуге келісімге отыруға болады. 4) Провайдер таңдау. Провайдер деп – бұл ұйым мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания. Провайдерлер Nursed Para sang S$C Communications Қазақтелеком Астел Арна Спринт Қазақтелеком ұсынған тариф – Mega line. 2006жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с. Mega line түрлері Turbo Hip Start ADSL 5) Интернет сервистерінің бірі – электрондық пошта. Интернеттің ең маңызды сервистерінің бірі – электрондық пошта. Компьютердегі желі арқылы бүкіл дүниеге ақпараттарды таратуға болады. Ақпарат: хат, есеп, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б. Хабар алмасудың мүндай жүйесі электрондық пошта ( e – mail ) деп аталады. Электрондық пошта деп – компьютер желісінде электронды хат алмасу жүйесі. Электрондық поршта көп жғанынан кәдімгі поштаға ұқсайды. Интернетке қосылу кезінде тұтынушыға автоматты түрде электрондық пошта адресі тағайындайды. Интернетке қосылуға мүмкіндік беріп отырған сервер – компьютерде электрондық « пошта жәшігі » құрылады. Адреске келіп түскен хабар осы жәшікте, сол адресат сервермен нақты түрде қосылуға дейін сақталады. Электрондық пошта хабарламасы адресатқа жетуі үшін адресті ( e – mail ) дұрыс көрсетуі керек. Электрондық пошта құру үшін Регистрация в поште ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТА М – АГЕНТ мүмкіндіктері: - Тез хат – хабар алмасу - Бейне - қоңырауды пайдалану - Смайликтерді пайдалану - Сурет жіберу және т.б. М – Агент көмегімен Бейне – қоңырауды пайдалану 3. Қолдану кезеңі. « Ой қозғау » А – тобы Б - тобы « Ой дамыту » Бүгінгі өткен тақырыптарымызды қорыта келе тест тапсырмаларына жауап береміз. Тест № 1 Тест № 2 Тест № 3 Тест № 4 Тест № 5 Тест № 6 Тест № 7 Тест № 8 Тест № 9 4. Сергіту сәті. « Сөзсызба » Бұл сөзсызбадан бүгінгі өткен тақырыптың терминдерин оқи аласыңдар и м о д в е н о п е м б т е р н с - а в о е т с й д е т й а ш н р о н к 5. Пікірталас. А – тобы Б – тобы Сызбамен жұмыс. Оқушылар сызбаны толтыра отырып, өздері Интернеттің пайдасы мен зияны туралы түсінігін жазады. 6. Үйге тапсырма беру. 7. Білім шыңы. Оқушыларды бағалау. | |
Просмотров: 5715 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|