Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Компьютер-бум

"Мәтіндік құжатты форматтау" ашық сабағы
Информатика пәні.
8 «А» сыныбы.
Сабақтың тақырыбы: «Мәтіндік құжатты форматтау»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: МS Word редакторында мәтін жазу ережелерін, мәтін
бөліктерін ерекшелеу әдістерін, қаріптер көмегімен мәтінді пішімдеу
тәсілдерін үйрету. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: мәтіндік процессорды жүктеуді, редакторда жұмыс істеуге
дағдыландыру. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, жекелей жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Жабдықталуы: есептеуіш техникалары, MS Word мәтіндік редакторы.
Көрнекілігі: карточкалар, жұмбақтар, тест жұмысы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес.
Сабақтың типі: аралас сабақ.
Сабақтың формасы: жеке, ұжымдық.
Әдіс-тәсілдері: түсіндірме-көрнекілік, практикалық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, ойын, тестілеу.
Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру (2 мин)
2. Үй жұмысын тексеру (5 мин)
3. Жаңа тақырып (10 мин)
4. Сабақты бекіту (20 мин)
5. Қорытынды (5 мин)
6. Бағалау (2 мин)
7. Үйге тапсырма (1 мин)

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру: амандасу, сыныптың гигиеналық дайындығын тексеру, оқушыларды түгелдеу.
2. Үй жұмысын тексеру: «Келесі» ойын арқылы ауызша сұрау.
Сұрақ бірінші партадағы оқушыдан бастап қойылады, егер жауабын білмесе, келесі дейді, сол кезде келесі оқушы орыннан тұрып жауап береді.
1. Мәтіндік процессор дегеніміз не?
2. МS Word редакторын қалай іске қосамыз?
3. MS Word құжатын қалай сақтауға болады?
4. Мәтінде сөздерді, жолдарды, мәтіннің кез келген қалай ерекшелейді?
5. Емле ережесін және грамматиканы тексеруді қалай жүзеге асырады?
6. Редакциялау дегеніміз не?
7. Орын ауыстыру мен көшіру амалдары қалай орындалады?
8. Алмасу буфері дегеніміз не?

3. Жаңа сабақ: MS Word мәтіндік редакторын ашып, көрсетіп түсіндіру.
Мәтінді форматтау дегеніміз – мәтіннің пішінін оның параметрлері арқылы қою. Мәтін белгінің параметрлерін өзгертпес бұрын оны айқындап алу керек. Егер мәтін бөлігі айқындалмаса, онда тек келесі енгізілетін мәтінге ғана сол ағымдағы параметрлер қабылданады. Мәтінді форматтауға мыналар жатады:
• Әр түрлі қаріптерді пайдалану;
• Құжат өрісінің шекараларын өзгерту; сол жақ, оң жақ, жоғары, төменгі өрісін айқындау;
• Мәтінді бағандарға бөлу;
• Символдың, абзацтың, беттің сипатын тағайындау.
Форматтаудың осы әрекеттерін Формат менюіндегі аспаптардың көмегімен орындауға болады. Құжатты форматтау, яғни алдын ала белгіленген құжат мәтініне жаңа формат элементтерін енгізу негізінде орындалады.
Қаріп параметрлерін өзгерту.
Құжат мәтіні үнсіз келісім бойынша қойылған қаріппен теріледі. Символдардың параметрлерін өзгерту үшін Қаріп (Шрифт) диалогтік терезесін ашатын Формат менюіндегі Қаріп командасы қолданылады. Қаріп командасының диалогтік терезесі үш қосымшадан тұрады.
Қаріп қосымшасы қаріптердің параметрін енгізу үшін қолданылады.


Қаріп диалогтік терезесі.
4. Сабақты бекіту: практикалық жұмыс, тапсырмаларды орындау.

ТАПСЫРМАЛАР:
І. Компьютермен орындалатын тапсырма.
1. MS Word мәтіндік процессорын ашыңыз.
2. Мәтінді 14 өлшемімен тер.
3. Мәтінді қандай түрде көріп отырсан, сондай түрде тер.
Информатика болашаққа бастайды
Келешекке білім қуған жастарды
Қадам басып 21- ші ғасырға
Барлық әлем жаңалығын тастайды.

Жетілдіріп, кеңейтіп бұл асылды
Информатика озады бар ғасырды
Ой түйіндеп, жетелейді адамды
Әлі ашылар құпиялар сан қырлы
4. Сақтап қойыңыз.

ІІ. Тақтадағы қате берілген сөйлемдердің қатесін табу керек.

Мен Ms Word редакторын іске қосу үшін Пуск – Стандартные – Microsoft Word командасын орындадымда, ашылған қолданба терезесіне
“ Информатика ” туралы мақала жазу үшін әріптерді, тышқан құрылғысындағы пернелерді пайдаландым, Вставка – шрифт командасы арқылы құжат құрдым. Осы мақаламды сақтау үшін Вставка - Сохранить как . . . командасын орындап, CTRL + F4 пернесі арқылы қолданбадан шықтым.

ІІІ. «Ой қозғау». Оқушы үш тапсырманың біреуін таңдайды.Тапсырмада жұмбақ берілген. Жұмбақтың жауабын үш тілде тақтадағы үлгі бойынша үш тілде (қазақ,орыс, ағылшын) кестеге толтырып отырады.

Жұмбақтар

Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз – қаламсыз

Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың

Тапсырыс бер, ас әзір,
Алдыңызда тұр . . .
IV. Тест жұмысы.



5. Қорытынды: Сұрақтарға жауап алу арқылы қорытындылау:
1) Қаріптерді форматтау не үшін қолданылады?
2) Мәтіннің түрін қалай өзгертеміз?
3) Қаріптің сызылымын қалай таңдаймыз?
4) Қаріптің өлшемін қалай өзгертеміз?
5) Бүгінгі сабақтан қандай мәлімет алдыңдар?

6. Бағалау: оқушылардың практикалық жұмыстарын тексеріп, қорытынды сұрақтарға жауап берулерін ескере отырып, бағалау.

7. Үйге тапсырма:
1.§7.4 74-77 бет.
2.«Мәтін» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.
Категория: Компьютер-бум | Добавил: Айжан_Нурлановна (2013-03-15) | Автор: Мәтіндік құжатты форматтау E
Просмотров: 4470 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 3:05 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru