Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
ШҚО Семей қаласы «№ 25 ЖОББМ»КММ Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Айтқазы Лаура Серикбекқызы «Ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгеруде модульдік технология элементтерін қолдану» І. Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, эконмикалық даму, ашық қоғам, жаһандану үрдісі, оның дамуы білім беруге жаңа талаптар қоюда. Соның ішінде ағылшын тілінен сапалы білім алу мәселесінің мәні артуда. Оны жаңа сапаға көтеру-қоғамдық мәселеге айналуда. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында» бүгінгі білім берудегі басты мақсат тек білім, білік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу ,өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делінген, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізуі тиіс. Ағылшын тілін оқытудағы негізгі талап- Қазақстандық әр оқушыға субъект түрінде қарап, білімді қоғамға сай деңгейде меңгеру. Білім беруді ізгілендіру жеке тұлғаның дамуына мүмкіндіктер туғызуға бағытталған. Бұл ұстаным білім берудің мәдениет қалыптастыру қызметінің жандануына мүмкіндік береді. Осындай түрлендіру тұрғысынан алғанда қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді ескере келе, оқушыларды жеке тұлға ретінде дамыту, тәрбиелеу, бағытын анықтау-мұғалімнен үлкен жүректілікті, біліктілік пен шығармашылық белсенділікті талап етеді. Мақсаты: Оқу үрдісін жаңа талаптарға сай ұйымдастыру, оқытудың тиімді жолы ретінде модульдік оқыту технологиясын оқу үрдісіне енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру, шығармашылық белсенділіктерін арттыру мәселсін қарастыру, жетілдіру жолдарын анықтау. Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: - Қажетті әдебиеттерді жинақтап, танысу. - Модульдік оқыту технологиясымен танысу. - Т.Аяпова және т.б. авторлардың оқулықтарын байқау сабақтарында машықкерлермен бірлесе отырып, талдап 5,6,7,8 сыныптардың тақырыптарына оқу модулін әзірлеу (404 ә тобы) - Әзірленген оқу модульдерінің үлгілерін мемлекеттік іс-тәжірибеде қолданып, нәтижелерімен конференцияда ой бөлісу. - Модульдік технологияның элементтерін атап айтқанда танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды оқыту үрдісіне кіргізу . Баяндаманы жазу барысында төмендегідей зерттеу могографиялық еңбектермен, оқулықтармен, мерзімді басылымдармен танысып, соларға сүйендім: педагогикалық технологиялардың мәні, ұғымы, түрлері, ұйымдастыру ерекшеліктері жайлы: Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологий-СПб КАРО, 2002, Кларин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе – М.Танио, 1989, Дүйсембекова Ш.Д. Педагогика, Семей, 2004; оқытуды ұйымдастырудағы талаптар, педагогикалық мәдениеттілік ұстазға тән педагогикалық шеберлікті дамыту жайлы: Чернявская А.П. Педагогическая техника в работе учителя- М. 2001. Станкин М.И. Профессиональные способности педагога-М. Флипта, 1998; Модульдік оқыту технологиясы оның құрлымы мен маңызы жайлы: Жанпейісова М.М, Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде- Алматы, 2002, Конышева А.В Совремменные методы обучения английскому языку- Минск, 2004, Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы, Ақтөбе, 1998 ІІ. 1. Қазіргі уақытта оқу үрдісіне педагогикалық технология туралы ұғым енді. Бірақ оны түсіну және пайдалану барысында әр түрлі пікірлер кездесіп отырады. Технология - бұл белгілі бір істе, шеберлікте өнерде қолданылатын әдістер жиынтығы. Педагогикалық технология - бұл оқыту әдістері ғана емес, сонымен қатар тәрбие жұмыстары әдістемелерінің де жиынтығы. Педагогикалық технология - бұл жоспарланған оқытудың нәтижесі мен жетістіктерінің сипаты. Технология- бұл өнер, іскерлік, шеберлік әдістер жиынтығы. Технологиялық оқыту- бұл дидактикалық жүйенің, құрамдық процестің бөлігі. Педагогикалық технология - бұл мұғалімдер мен оқушылар үшін оқу үрдісінде толық жағдаймен қамтамасыз етілген әрбір бөлшегіне дейін ойластырылған модель. Педагогикалық технология туралы ұғым үш аспектіден тұрады: 1. Ғылыми педтехнология –педагогикалық ғылымның бөлімі, оқу және зерттеу мақсаттары, оқыту әдістерінің мазмұны және педогогикалық үрдістің жобалануы. 2. Процестік сипаттау; мақсаттардың жиынтығы, мазмұны, жоспарлы оқытудың нәтижесінің жетістігі. 3. Процестік-іске асыру; технологиялық үрдістің жүзеге асуы. Педагогикалық технология –оқытудың әртүрлі жолдарын зерттейтін ғылым ретінде, әртүрлі амалдар жүйесі ретінде, оқу ісінде қолданылатын ұстамдар мен бағыт-бағдар ретінде және оқу үрдісін айқындау ретінде де қызмет атқарады. Педагогикалық үрдіс технологиясы дегеніміз- мақсат-мүддені анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің қазіргі таңда білім беру саласына қойып отырған талаптарына сай анықталып, іріктеліп, реттелген оқытудың мазмұн, форма, әдіс–амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық –педагогикалық нұсқауларының жиынтығы. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға ынтасына оқу іс-әрекетіне әсер етумен қатар, мұғалімдердің интеллектуалдық ,шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибенің нәтижелігіне ұтымды әсер етуімен қатар оқу –тәрбие үрдісінің басты күре тамырларының ролін атқарады. Педагогикалық технология оқу үрдісімен мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді: а) тұжырымдық негізі б) оқыту мазмұндық бөлімі: -оқытудың нақты және жалпы мақсаты -оқу материалының мазмұны. с) Үрдістік бөлім-технологиялық үрдіс: -оқу үрдісін ұйымдастыру -оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары -мұғалім жұмысының әдістері мен формалары -мұғалім материалды меңгеру, басқарудағы іс-әрекеті -оқу үрдісінің диагностикасы. Білім беру орындарының жұмысы тәжірибесінде бүгінгі күні оқу тәрбие процесінде қазіргі заманғы жаңа оқыту технологиялары өзіндік бағаға ие болып, қолданыс тапты. ІІ. 2. ХХ ғасырдың 80 жылдардың басында педагогика ғылымына технология ғылымы саласынан жаңа термин «модуль» термині енгізілді. Осыдан бастап оқу жүйесінде модульдік оқыту технологиясы қолданыс тапты. «Модуль» сөзі ( латын modulus –«өлшем» ) үш түрлі мағына береді: 1) Нақты ғылымда маңызды өлшемге немесе коэффицентке берілетін атау. 2) Математикада модуль логарифм жүйесінде қолданылады, яғни бір жүйедегі логарифмдердің тұрақты көбейтіндісі; 3) өлшем бірлік, Мысалы: құрлыстың тұтастай және оның бөліктерінің өлшемін көрсететін архитиктурадағы құрлыс бөлігіне қажетті өлшем бірлік. Педагогика ғылымында модуль барлық жүйенің маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. С.И.Ожоговтың пікірінше модуль дегеніміз- қандай да бір жүйенің, ұйымның аяқталатын, біршама дербес бөлігі. Оқу модулі оқу циклі ретінде үш құрлымды бөліктен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде, сағат саны әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Оқу модулінің ерекшелігі- жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөліміне беріледі. Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушылары оқу модулінің жалпы құрлымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 мин.ішінде) сызба, кесте және т.б. белгі үлгілеріне сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылардың оқу материалдарын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асады. Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып және тарау бойынша) «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделігі, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру, әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпта 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушының танымдық қызметі әрбір оқушының әр сабақта үш күрделілік деңгейде берілген оқу материалын тыңдау, жазу, көру және айту мүмкіндігі болатындай етіп құрылған. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс , диспуттар,пікір таластар) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашқыда оқу материалын қайта жаңғырту және білік пен дағды қалыптастыру мақсатында кейіннен-алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3-4 сабақтан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі. 1-деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне –интеллектуалдық және креативтік дарында балаларға арналған. Оқушылар қандай да бір деңгейде тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңмен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылар білімін бағалаудың дәстүрлі бес балдық жүйесін емес, тоғыз балдық жүйені қолдану ,оқушыға бір деңгей тапсырмаларын, екіншісінен жеңіл, көңіліне қаяу түсірмей өтуге мүмкіндік береді, өйткені әр деңгей ауқымында «өте жақсы» , жақсы» немесе «қанағаттанарлық» баға алуға болады. Үшінші «жеңілдетілген» деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыларға жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмалырын оқу модулінің орта кезеңдерінде орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бала алады. Олар кеңесшілер , жүргізушілер т.б. рөлдерді атқара алады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінде оқушылардың өзін-өзі оқытуына және өзін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін тек үш деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын даярлау арқылы іске асырылады Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастыру формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеу керек екенін біледі. Өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен (егер де ол оқыта үйретіу ойыны болса) немесе оның құрлысымен және жүру барысымен алдын-ала таныстырады. Оқу модулінің қорытынды бөлімі-бақылау.Оқушы бұл бөлімде өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалыр, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі. Оқушылардың тақырып және тарау бойынша білімін, білігін, дағдысын бағалауда оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады. Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейдегі («жеңілдетілген» стандарт, «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынысы қорытынды бөлімінде барлық оқушыларға бірдей мемлекеттік білім стандартына сай тапсырмалар беріледі. Модульдік оқыту құрылымы. Педагогикалық технология негізінде оқу циклін қайта жаңғырту идеясы алынған. Оның мазмұны: -оқытудың жалпы мақсатын қою -жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу -оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау -оқу әркетінің жиынтығы (бұл кезеңде жедел кері байланыс негізінде түзету жүргізілуі тиіс)- нәтижені бағалау. Осының арқасында оқу процесі « модульдік » сипат алып, құрлымы ортық , бірақ мазмұны әр түрлі жеке блоктардан жасалады. Модульдік оқыту технологиясы бойынша оқу процесіндегі әрбір оқу біліктері ауқымында мұғалім қызметі төмендегідей құрылады: 1. Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру. 2. Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған үлгімен (модульмен) таныстыру. 3. Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі –сызбалар , сұлбалар, кестелер және т.б.) негізінде. 4. Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесін әр сабақта бағалап отыру. 5. Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену. 6. Тұтас тақырып бойынша тестілеу. 7. Тақырып бойынша қалыпты немесе релелік сынақ (сынақтың ерекше түрі, ол әрбір оқушыға үш күрделілік деңгейлік жүйе бойынша тапсырмалары бар карточкаларды таңдау мүмкіндігін береді) немесе диктант, бақылау жұмысы т.с.с. жүргізу. Қайта жаңғыртылған оқу циклі ретінде үш құрлымды бөлімнен: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімі Модульге тақырыпқа енгізу Сөйлесу бөлімі Оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлеу негізінде ұйымдастыру. Қорытынды бөлім Бақылау ІІІ. Ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгертуде модульдік технология элементтерін оның ішінде танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыру маңызы зор. Менің ойымша оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру дегеніміз- білімдік мақсатқа жетудің көңілді және белсенді формалары болып табылады. Себебі қиын тапсырмаларды немесе жаттығуларды орындағаннан кейін қолданылатын ойындар оқушылардың бойына сергектік пен білімге деген құмарлығын арттырады, әсіресе ойынды жарыс түрінде емес бірлесе шешіп, ақылдасып орындайық немесе сен қалай ойлайсың т.б. бағыттармен толықтырып өткізсек ойын кезінде мұғалім оқушылардың тілдік қателерін байқатпай тез жоюына болады.Сабақтың ортасында немесе аяғында қолданылатын ойындар балалардың назарын аударып, ұғу қабілеттерін арттырады. Оқушылар әдетте өздеріне ұнаған нәрселерді естерінде ұзақ сақтайтындықтан ойын кезінде алған білімдері терең және көпке дейін жадыларында қалады. Ойын оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттырады, кез келген (жұптық, топтық) ойындарда алған өздерінің қанағаттық сезімдерін қиындықты бірге жеңгендерін тез арада тоқтатпай ары қарай дамытуға, сол сезімдерді сақтап қалуға тырысады. Ағылшын тілін практикалық тұрғыда меңгеруде лексикалық және фонетикалық ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға болатын төмендегі ойындарды қарастырайық: Лексикалық ойындар: «Memory game «Mistakes» «Dictionary» «Commands» «The secret word» 1) Фонетикалық ойындар: «Bubbles» «It’s fun» «Five little squirells» Лексикалық ойындардаң мақсаты: -Оқушыларды жаңа сөздер және сөзтіркестерімен таныстыру. -Лексиканы өмірге қажетті қолданып айтқызуды машықтандыру. -Сөйлеу қабілетін дамыту. -Тілдік реакцияларды дамыту Фонетикалық ойындардың мақсаты: -шетел тіліндегі (ағылшын) дыбыстардың айтылуын машықтандыру. -тақпақтармен рифмовкаларды оқушыларға қатты және анық дауыстап оқуға үйрету. -берілген рифмовкаларды рольдерге бөліп жатқа айтуға дағдыландыру. Грамматикалық ойындардың мақсаты: -Белгілі грамматикалық қиындықтары бар тілдік үлгілерді қолдануды айтқызып үйрету -Берілген тілдік үлгілерде күнделікті өмірде қолдануға жағдай жасау. -Оқушылардың ағылшын тілін белсенді және өз еріктерімен қолдануын дамыту. IV. Қорытынды: Модульдік оқыту технологиясының элементтері танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгерткенде оқушылардың білім-білік дағдысын ғана дамытып қоймайды, сондай-ақ жан-жақты дамыған жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ететін технологияның бірі. Ойындар мен шығармашылық жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай, өтетін тақырыптың мазмұнын есте сақтап, оны өз бетімен қажетті ситуацияларда, өмірде қолдануды ұйымдастырып өткізуде модульдік оқыту технологиясының элементтері ойын мен шығармашылық жұмыстардың маңызы зор. Бұл элементтен оқушылардың оқу материалдарын қайта жаңғартуын, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде қолдана білуге үйретеді, «өсу» бағытымен қарапайымнан күрделіге, репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай қайшы оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді. Ағылшын тілі пәнінің модульдік оқыту технологиясының элементтері ойындар мен шығармашылық жұмыстарды қолдана оқыту арқылы: -балалардың білімге деген қызығушылығы мен білім дәрежесі артады; -оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығы дамытылады; -оқушылардың ішкі қуатымен мүмкіндіктері ашылады; -ұжымдық, топтық, жеке жұмыс түрлері арқылы ,өзара достыққа, көмекке , қиындықты бірге жеңуге, адамгершілік қасиеттерге үйретеді; -оқушының танымдық қасиеттері дамиды; - белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытады. Сонымен модульдік оқыту технологиясының элементтері ойын мен шығармашылық жұмыстар, танымдық процестерді дамытады, танымдық қабілетті жетілдіреді, оқушының қажеттіліктерін қанағаттандырып, дамытуға ықпал етеді. | |
Просмотров: 3599 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|