Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
10-11 сыныптарға арналған элективті курсының оқу бағдарламасы. Ағылшын тілінің бизнес курсына (іскерлік ағылшын тілі) Пікір. Ағылшын тілінің бизнес курсының бағдарламасы пәндік – бағдарлық курс болып табылады, өйткені курстың бағдарламасы 68 сағатқа есептелген. Оқу материалының мазмұны бейіналды оқыту мақсатына сәйкес келеді және оқушыларға арналған жаңашылдыққа ие. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың оқыту бағытын таңдауға арналған жоғары ахуалдық пен пайдалықты көрсететін жаңа білімді қамтиды, оқушылардың әртүрлі топтары қолдана алады және оқыту мақсатына жету үшін жоспарланған барлық қажетті жағдайларды қамтиды. Бағдарламаға ағылшын тілінің іскерлік стилдің негізінде ғылыми деректер енгізілген. Материалдың мазмұны ағылшын тілінің іскерлік стилі негізіндегі қарапайым деңгейден күрделі оқытылады. Бағдарлама 12 тақрыптық бөлімнен құрылды.. Әр бөлім негізгі мәтінен, сөздіктен, лингво-коммерциялық түсініктемеден, жалпыбілімдік және грамматикалық түсініктемеден, тесттерден және ағылшын тіліндегі елдер туралы жанжақты ақпарат беруге арналған оқу мәтіндерінен тұрады . Бағдарлама орындалуы бақылау тест тапсырумен жүргізіледі. Бағдарлама материалының негізгі мазмұны оқыту үрдісінде білімді сапалы беру жоспарланған нәтижеге жету үшін уақытты үнемдеу және бағдарламаны өту кезіндегі туындаған қиыншылықтарды жоюға арналған уақытты есепке ала отыра бөлінген. Бағдарлама элективтік бейіналды курстардың бағдарламасы ұсынған талаптарға сәйкес келеді және практикалық білім мен дағдыны қалыптастыру бойынша міндеттерді шешуге, болашақ кәсіби қызметінде ағылшын тілінің іскерлік стилінің негізіндегі білімді қолдану бойынша шығармашылық қабілетті дамытуға мүмкіндік туғызады. Аталған курсты оқытуды енгізу бейіндік мектептерде ағылшын тілін үйренудегі оқушылардың қабілетін анықтауға жол ашады. 10-11 сыныптарға арналған элективті курсының оқу бағдарламасы Ағылшын тілінің бизнес курсы (іскерлік ағылшын тілі) І. Түсініктеме хат Ағылшын тілінің бизнес курсы (іскерлік ағылшын) элективті курсының бағдарламасы 10-11 сынып оқушылары үшін арналып ,68 сағатқа жоспарланып жасалған. Элективті курсының негізгі мақсаты – оқушыларды қазіргі бизнес ұйымының атқаратын қызметтерімен таныстыру, іскерлік қарым-қатынас кезінде қарастылатын мәселелер, яғни іс сапарға шығу, іскерлік адамдармен танысу, дүкен, мейрамхана, қонақ үйдегі нөмірге және билетке тапсырыс беру, іскерлік кездесулер, жобаларды қаржыландыру проблемалары, сұрақтарды талқылау, құжаттарға қол қою, коммерциялық корреспонденция (іскерлік хат, факс, телекс, электронды пошта, тапсырыс, есеп айырысу, жарнамалау және т.б.). Курстың мақсаты: - оқушылардың ағылшын тілін ойлау қабілетін дамыту, дұрыс сөйлеу және сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; - экономикалық өренің құрылымын қалыптастыру; - оқушылар ағылшын тілінде бизнес курсына байланысты сөздерді үйреніп, сөздік қорын байытып және келешекте қызмет барысында сауатты қолданып, өз кәсібін жетік меңгерген маман болуына септігін тигізеді. Жалпы оқу үрдісінің сипаттамасы, әдістері, жұмыстың түрлері Пәнді оқыту жұмысы тақырыптың принципіне негізделіп, коммуникативтік бағытта функционалды – жүйелік әдісті қолдану негізінде, ағылшын тілі мен қазақ тілі грамматикасын салыстыру жолымен іске асады. Іскерлік қатынастағы жүргізілетін құжаттардың қай-қайсысы болса да, мәтін түрінде алынып, тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Яғни мәтінді тыңдау, оқу, сауатты жазу, сөздік жұмыстарын жүргізу, сұрақ - жауап әдісімен диалог құрастыру, үлгі, кесте бойынша құжаттарды толтыру, грамматикалық жаттығуларды жүргізу, тест сұрақтарына жауап беру, т.б. Сөйлем құрастыру, грамматикалық ережелерді, анықтамаларды сөз үйрету техникасын қолдану. Ғылым мен техниканың жылдан - жылға жедел қарқынмен дамуына байланысты шәкірттерге дәріс беруде жаңа технологияларды енгізу – оқушылардың білімін көтеруде ықпалы зор. Жаңа технологияларды қолдану: Ұжымдық оқыту ,интерактивтік және компьютерлік технологиялар. Тәсілдер: Презентациялар, Интернет, ақпарат көздері, тесттер, мониторингтік бақылау жүйесі, коррекциялық жұмыстың жүйесі. ІІ. Нормативтік бөлім . Оқушы не білуі тиіс: • ағылшын тілінің фонетикасын, үндестік заңын, оларды сөйлемде дұрыс қолдану; • лексиканы, сөздік түрлерін және атқаратын қызметін білу; • етістіктердің жасалу жолдарын ; • есімдіктің түрлерін, жасалу жолын; • етістіктің болымсыз түрінің жасалуын; • етістік шақтарының жасалу жолдарын ; • есімшенің жұрнақтарын дұрыс қолдануын; • етіс түрлерін ажырату; • мамандық түрлерін; • жалғаулардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін; • ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасын; Оқушы не үйренуі тиіс: • өзара сөйлесу; • деңгейлік тапсырмалар негізінде сауатты жазуға; • ағылшын және қазақ тілдерінің салыстырмалы грамматикасының ерекшеліктерін; • іскерлік іс қағаздарының түрлерін; • іскерлік іс қағаздарды стандарттық талаптарға сай құрастыруын; • ағылшын тілде іс қағаздарды компьютерде басып шығаруды; • қызметтік хаттардың түрлерін ажыратуды; • қызметтік хаттарды сауатты және стандарттық талаптарға сай құрастыруды; • көпшіліктің алдында сөз сөйлей алатындай; • түрлі мәліметтер бойынша есеп жазуды; • түрлі қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым- қатынас жасауды. Курстың нәтижесі: - курс бойынша тақырыптық-лексикалық материалдарды білу; - курстың тақырыптарына байланысты еркін түрде монолог,диолог, әнгіме жүргізу -терминдерді дұрыс пайдаланып, түрлі қатынас қағаздарын жаза алатындай, дәрежеге жету. -түрлі мәліметтер беріп, қызмет мәселелерін шешу арқылы еркін тілдік қарым-қатынасқа түсу керек. ІІІ Әдістемелік-ақпараттық бөлімі. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: Оқушы алады келесі шарттар бойынша сынақ тапсырады міндетті жұмыстардың орындалуы 3-тен кем болмау, тапсырмаларды уақытында тапсыру стандартқа сай , мұғалімнің қойған талабы бойынша жұмыстарды әзірлеу. Қосымша ұпайлар төменгі шарттар бойынша қойылады: • міндетті тапсырмалардан басқа өзіндік сапалы орындаған тапсырмаға; • іскер келісімдердің рәсімдеуі; • Интернет-технологияларды қолдану; • өз жұмысы бойынша презентацияны орындау және көпшіліктің алдында есеп беру (конференция, Мәжіліс отырыс). Бағдарлама бойынша нәтиже сабақтарыңда оқушылардың білімдерін бақылау мақсатында тест өткізу жоспарланған. Сонымен бірге оқушылар өздік жұмыстарын орындайды, сол жайында есеп беріп отырады. Себебі аптасына бір рет жүргізілетін сабақта жоғарыда айтылғандардың бәрін меңгерту мүмкін емес. Оны толық игеруі оқушылардың сабаққа белсене қатысып, өтілген жаңа тақырыптарды игеріп, өз бетінше түрлі жұмыстар жүргізу арқылы пысықтап, қайталап отыруына байланысты. Бағдарламаның мазмұны 1-6 The visit of a foreign partner. Тақырыптар және жағдаяттар: Шетелдік әріптестіктердің келуі(аэропортта қарсы алу,танысу, мамандықтар,сәлемдесу,алғыс айту,қоштасу,қатынас түрі) Грамматика: -Ағылшын сөйлемдеріндегі сөз тәртібі. - Зат есім. -Артикль. Оқу мәтіндері: Ұлыбритания (жалпы мәліметтер,саяси-әкімшілік құралдары) 7-12 Job hunting Тақырыптар және жағдаяттар: Жұмысқа орналасу (анкета, қосымша хат, түйіндеме және сұхбат алу,алғыс хат) жұмыс іздеу барысында істелінетін және істелінбейтін жұмыстар. Грамматика: - Сын есім -Үстеу Оқу мәтіндері: АҚШ (жалпы мәліметтер, саяси-әкімшілік құрылымдары) 13- 18 On a business trip Тақырыптар және жағдаяттар: Іс-сапарға шығу (мекемемен телефон арқылы сөйлесу, қонақүйден орынға тапсырыс беру, ұшаққа билет сатып алу ) электрондық пошта, факс, іс-қағаздарында қолданылатын негізгі қысқартылымдар. Ағылшын тіліндегі ағылшын және америкалық нұсқасы арасындағы айырмашылықтар. Грамматика: -Сан есім -Есімше Оқу мәтіндері: интернет, компьютерлік жүйе. 19 -22 Arrival Тақырыптар және жағдаяттар: Елге келу (кеден және құжаттық бақылау,әуежайда, вокзалда, кесте, қалалық көлік) іскер хаттың қурылымы. Грамматика: -Есімдік –Көмекші сөздер Оқу мәтіндері: Канада (жалпы мәліметтер,саяси-әкімшілік құрылымы) 23-28 Everyday life and service Тақырыптар және жағдаяттар: Тұрмыс және қызмет (қонақүй қызметі, тамақтану, мейрамханалар, асханалар, автомобиль жалдау , жедел жәрдем шақыру) сұраным хат. Грамматика: - Модальды етістіктер -Келер шақ Оқу мәтіндері:Австралия және Жаңа Зеландия (Жалпы мәліметтер,саяси-әкімшілік құрылымы) 29- 34 At the company office Тақырыптар және жағдаяттар: Фиртада (фиртамен танысу,кеінгі жұмыстардың жоспарын талқылау). Бизнесті ұйымдастыру тәсілдері. Грамматика: -Осы шақ -Осы шақтың сұраулы және болымсыз түрлері. Оқу мәтіндері: Англиядағы театрлар және сауықханалар. 35-40 At the exhibition Тақырыптар және жағдаяттар: Көрмеде (көрмеге қатысу, компания өкілдерімен әңгімелесу, көрмеге атсалысқан тапсырыс, тапсырысты растау және қабылдамау. АҚШ-та және Ұлыбританиядағы компания түрлері) Грамматика: -Дұрыс және бұрыс етістіктер. -Өткен шақ Оқу мәтіндері: Multitasking (Көпесептілік -бірнеше істі бір уақытта істеу) 41-46 Wholesaling & Retailing Тақырыптар және жағдаяттар: Көтерме және даналап сауда (агенттер, жарнама, маркетинг) жарнамалық хат, АҚШ-та жарнама мансап секілді. Грамматика: Continuous шақтар. Оқу мәтіндері: Денсаулық сақтау . Дәрігерде. Дәрігерлер және дәрілер. 47-52 Money, money, money… Тақырыптар және жағдаяттар: Ақша..ақша..ақша..(төлеу тәсілдері, ақша құрылымдары, волюталар) .Төлем сыртқы сауда айналымының маңызды бөлігі. Еске салу хаттары және Англиядағы ақшалар және чектер.Мультимиллионер-ден сұхбат алу. Грамматика: Perfect шақтары Оқу мәтіндері: Cыртқы сауда. 53-56 The contact Тақырыптар және жағдаяттар: Шарт (шарт жасау, жеткізу мерзімі, төлем жағдайы, тиеу құжаттары, кепілдемелер, орау және белгілеу, сақтандыру, шара қолдану, форс-можор, арбитраж) INCOTERMS-қа сәйкес базистік жеткізу жағдайы. Ағылшын және американдық іс терминологиясың өзгешелігі. Грамматика: Ырықсыз етіс Оқу мәтіндері: Банкте (несие, карточкалар жүйесі туралы) 57-62 Preparing to leave for home Тақырыптар және жағдаяттар: Қайтуға дайындық (тапсырыстың өзгеруі, үйге жиналу, дүкендер) қарсы сұраным, сұраным қайтаруы. Шартрдың өзгеруі. Фирманы қылғуғу. Грамматика: Үстеме сөйлемдер Оқу мәтіндері: Тұтынушылардың құқығын қорғау. 63-68 Worse things happen… Тақырыптар және жағдаяттар: Одан бетер болады..(шағымдар және талаптар, дұрыс жеткізілген, жеткізілудің тоқтауы, ақаулар, келісім жағдайының бұзылуы) Өтініш хат және оған жауабы . АҚШ және Ұлыбритаиядағы мерекелік күндер. Грамматика: -Келісілген шақтар -Төлеу сөздер -Инфинитив және герундий Оқу мәтіндері: АҚШ-тағы шағын бизнес: S-корпарация-әрқашан жақсы таңдау емес. Ағылшын тілінің бизнес курсы (іскерлік ағылшын тілі) элективті курсының бағдарламасы 10-11 сынып оқушыларына арналып ,68 сағатқа жоспарланды. Банк, сауда, салық қызметкерлеріне байланысты, валюта, төлем, есеп айыру, несиелеу, депозиттерге байланысты түрлі қызмет, қатынас қағаздарын ағылшын тілінде толтыруды үйрету. Оқытушы сабақта тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар алған білімдерін оқушылардың, сабаққа белсене қатысу арқылы “қайтарылып” отырады. Яғни оқушы материалды жай деңгейде меңгергенін, тілдік іс-әрекет әдісі арқылы көрсетіп отырады. Іскерлік қатынастағы жүргізілетін құжаттарды сабақ үстінде ғана үйреніп қоймай, оны сабақтан тыс уақыттында, оның үлгілерін екі тілде көрсететін арнайы стенділер, газет, альбомдар шығаруда пайдалануға болады. Жоғары көрсетілген жұмыстар арқылы сауатты жазуға үйреніп, сонымен бірге оқушыларды сөздік қорын молайтуға және тілге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндігі зор. Пайдаланған әдебиеттер 1.Богацкий И.С. «Бизнес курс английского языка» Москва, «Айрис Пресс», 2007 2. Шевелева С.А., Скворцова М.В. «Английский язык для бизнеса», ускоренный курс, Москва, Профиздат, 1990 3.Каспин И.В., Сегаль М.М., Шевяков В.Н. «Говорим по-американски», С-Петербург, 1990 4.Headway. Student’s book. Intermediate , Oxford University Press, 1989 5.Robert o’Neil et al. Kernel one, Longman, London, 1997 6.Robert o’Neil et al. Kernel intermediate, Longman, London, 1998 7.Derek Davy Advanced English course, London, 1998 8.Norman S. We’re in Business. English for commercial practice and international trade/Studedent’s Book . England ,Longman,1990 9. Бабенко А.П. ,Христенко Е.В. Американский вариант английского языка.- Харьков : ИМП Рубикон ,1991 10.Белова А.Д. Русско-английский разговорник для бизнесменов .- Киевская правда ,1992 11.Дубкина Г.А ., Павлова М.В. Учебник английского языка для делового общение.-Аверс ,1991 12.Ена Я.М ., Михайловский С.В. На работу и стажеровку в США .-Киев Наукова думка ,1994 14.Карпусь И.А .Английский деловой язык .-Киев : МАУП ,1995 15.Кумарова М.Г Новый бизнес английксий (Курс деловой лексики английского языка ) – М.:Акались,1997 16. Плотникова А.В Деловой контракт с зарубежным партнером .-Киев: Либра,1993 17. Сыпченко В.А ., Купленко М.Л Англо-русский справочник бизнесмена .-Киев : Олимп 1992 18. Шанаева Н.В Краткая грамматика английского языка в таблицах и схемах .-Новосибирск : Наука 1990 19. Hartley B., Viney P. Streamline English. Connections.- Oxford University Press.1979 20. Naterop B.J., Weis E., Business Letters for All.- Oxford University Press.1977 | |
Просмотров: 4968 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|