Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ НЕГІЗДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢІРУ.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ХАЛЫҚ ДАНАЛЫҒЫ НЕГІЗДЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ СІҢІРУ.

Тлешева Нұргүл Нұржанқызы

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге - жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да бар, ысырып тастайтын тұстарымыз да бар. Алатын тұстарымыз қатарына батыстың технологиялық жетістіктерін, экономикалық өндірісті ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми - техникалық мәдениетін қабылдау сияқтыларды атауымызға болады. Батыстың білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне шамадан тыс еліктеушілік – жақсылықтың нышаны емес. «Батыстың технологиялық жаңалығына ұмтылу, экономикалық өндірісті ұйымдастырудағы жетістіктерін игеру – қажеттілік, ал одан керісінше бүгінгі күнде рухани тапшылыққа айналып отырған ізгілік, кісілік, адамгершілік, бауырмалдық, әдептілік, тәрбиелік мазмұн іздеу – бос әурешілік. Өкінішке орай, Батыс өркениеті бұл тұрғыда ешқандай жетістікке жеткен жоқ, қайта тоқырауға ұшырады. Мысалы, дәстүрлі қазақ қоғамы мәдени құндылықтарды ешуақытта тауар деп қабылдамайды, негізгі ұстанымы бойынша қоғамның шаңырағын шайқалтпай ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстын ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп». Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу үшін, әрбір ұлт, әрбір этнос, әрбір мемлекет өзінің болмысына бейімдеп сіңіре алу керек.
Әрине, жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау керек. "Бізге дәл қазіргі заманда батыстың желімен домалай жөнелетін қаңбақ ұрпақ керек емес, пайдасын алып, зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына терең бойлаған мәуелі бәйтерек керек. Сондықтан біздің міндетіміз – рухы биік ұрпақ тәрбиелеу".
Қазіргі кезеңде әлемнің әр түкпірінде өткір қойыла бастаған ең өзекті жайдың бірі – осы ұлттық тәрбие мәселесі болып отыр. Ұлттық тәрбиенің ең маңызды тұсы – адамды ойлануға үйретуі. Бұлай дегенде әрбір жеке адам ең алдымен өзінің белгілі бір ұлттың мүшесі екенін іштей терең сезініп, санада сілкініс жасауы керек екенін, содан кейін барып жалпыадамзаттық қоғамға лайық орнын белгілеуі қажеттігін сіңіруі болса керек. Бұл жерде негізгі әңгіме арқауы ұлттық тәрбие, ұлттық сана, ұлттық ұстаным, ұлттық мүдде туралы болып отыр. Өйткені біздің төлтума бітімімізді, қайталанбас ұлттық болмысымызды, ұлттық ойлау машығымызды, қала берді ұлттық кейпімізді сақтап қалу бәрінен маңызды. Ол бізге мынау аждаһадай төніп келе жатқан дүлей дүниеде біржола жоғалып кетпеуімізге кепіл болуға тиіс. Қалай десек те ендігі жерде өзіндік “менін” сақтауға ұмтылған жұрт ең алдымен ұлттық тарихи жадын, бірегей ұлттық ойлау машығын, өзіндік дүниетанымын, ана тілі мен ділін, дінін, дәстүрлі мәдениетін аман алып қалу және оны одан әрі дамыту жолында күреске түсетіні анық. Олай болса, осы айтқанымыздың бәрі ұлттық тәрбиеге тікелей байланысты жүзеге асатынын мойындаймыз.
Ұлттық тәрбиені ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде қарауға болады. Ол үшін ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеуді мақсат етіп алуымыз жөн.
«Қазақстан – 2030» бағдарламасында: «...Бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз заманының жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ. Олар бабаларының игi дәстүрлерiн сақтай отырып, қазiргi заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуге даяр болады...», – делінген.
Оқу мен тәрбие егіз. Оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Тәрбиенің өзі күнделікті сабақтың әрбір кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды. Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдер, туған топырағымызда дүниеге келген ойшыл ғұламаларымыздың еңбектеріндегі тәрбие қағидалары элементтерін сабақта кеңінен қолданудың маңызы артып келеді.
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиенің озық өнегелі дәстүрлерін, асыл қасиеттерді жеткіншек ұрпақтардың бойында қалыптастыру, халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз Қазіргі таңдағы басты проблемалардың бірі- тіл мәселесі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауының «Тілдердің үш тұғырлығы» стратегиясында тіл мәселесіне қатты назар аударған болатын.Еліміз тәуелсіздік алып заман талабына сай дамуы үшін әрбір азамат ағылшын тілін жақсы меңгергені жөн.Ағылшын тілі де қазақ тілі сияқты көркем де шебер, мағыналы да, мазмұнды, қысқа да нұсқа қанатты сөздерге өте бай. Сол қанатты сөздердің бірі- мақал-мәтелдер. Мақал-мәтелдерді қолдану арқылы оқушылардың сөздік қорын, грамматикалық құрылымын білуін жетілдіруге болады. Мақал-мәтелдердің тәрбиелік маңызы зор. Оқушылардың ойлау қабілетін де жетілдіреді. Мақал-мәтелдер ғасырлар бойы халық даналығынан туындаған. Оқушылар мақалды неғұрлым көп білсе, соғұрлым сөздік қоры байи түседі. Ал, мақал-мәтелдердің оқушылардың жан-жақты және адамгершілігі мол азамат болуына ықпалы зор. Ғасырлар бойы ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің бірі болып келген мақал-мәтелдер қазіргі нарық заманында да өзінің өзектілігін жоя қойған жоқ. Мақал-мәтелдер тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін өзінің ықшамдылығымен, әрі түсінікті даналық сөзімен түсіндіріп бере алады. Сол себепті де ағылшын тілі сабағында мақалдардың қазақша баламасын, екі тілде жаттатқызамын. Ағылшын мақал-мәтелдері мен қазақ мақал-мәтелдерін салыстыра отырып, мазмұнын ұғындыру оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді. Сондай-ақ ағылшын тілін меңгерте отырып, халқымыздың ақыл-ой даналығын үйрететін мақал-мәтелдермен шәкірттердің ойын ширатып, ойлау белсенділігін арттыратын жұмбақтарды да пайдалануға ұмтыламын. Бұл оқушылардың сөйлеу, ойлау қабілеттерін арттырады. Негізінен мақал -мәтелдерді белгілі бір тақырып бойынша жазғызамын. Мысалы «Достық» тақырыбын өткен кезде тіл дамыту жаттығуларын орындау барысында мынадай жұмыстар жүргізіледі.
1. Between friends all is common – Достардың арасында бәрі ортақ.
2. A man is known by the company he keeps – Адамды досына қарап танырсың.
3. Joy shared with other are more enjoyed – Доспен көрген қуаныш аса зор қуаныш
4. A hedge between keeps friendship green – Шынайы достық қиындықта сыналады.
5. Friendship can not stand always on one side – Ерегескен ел болмайды, есептескен дос болмайды.
Бұл оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулып, пәнге қызығушылығын арттырады. Ойын түрінде өткізілетін сабақтар барысында оқушылар 2 топқа бөлініп, бір топқа мақал мәтелдердің бас жағы, екінші топқа соңғы жағы беріледі.Әркім өз жалғасын табуы керек. Келесі бір ойында конверттің ішінде бас-аяғы қиылған мақал-мәтелдер бар, ол 10 сөйлемнен тұрады, яғни оқушылар мақал-мәтелдердің бас-аяғын құрастыруы тиіс. Барлық 10 сөйлемді бірінші болып жинаған топ жеңімпаз болып саналады.
Немесе оқушылар екі топқа бөлініп, өзара мақал-мәтелдер айтып жарысады. Қай топ көп мақал-айтса, сол топ жеңген болып саналады.
Сабақ өтудің тағы бір тәсілі кеспе картаға бір сөзін қалдырып, жазған мақалдың бірін қазақ және ағылшын тілінде орындап шығу. Әрине, мұндай сабақтарды көптеп қызықты, әрі түрлендіріп өткізуге болады. Мұндағы негізгі жетістік- баланың сабаққа белсене араласуы, өз ойын жеткізе білуге үйренуі, сол себепті де саналы тәрбие мен сапалы білім беру жолында ұтымды тәсілдерді қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті. Мақал көптеген жағдайларда тиянақталған ой ретінде, сөйлем түрінде келеді және олар нақыл, өсиет түрінде айтылатын пәлсапалық ой қорытындылары болады. Ал мәтел сипаты жағынан бейнелеп сөйлеудің элементі тәрізді. Ағылшын тілінде мақал-мәтелдер тест кітапшаларының ішінде де «Мақалды жалғастыр», «Аудармасын тап» деген секілді тапсырмалар ретінде көптеп кездеседі. Барлық тілдер секілді ағылшын тілі де мақал-мәтелдерге, сөз тіркестеріне бай, олардың көбісі әдебиетте, газет мақалаларында жиі қолданылады.
Мақал-мәтелдерде ұлттық мәдениетке және еңбекке қатысты тарихи тәжірибесі көрсетіледі және олар тілге қайталанбас көркемдік береді.
Мақал-мәтелдер халық ауыз әдебиетін сүйіп құрметтеуге, сөз өнерінің асыл қазынасын меңгеруге, тапқыр сөйлеуге, ретті жерлерде қолдана білуге, үлкен ойды аядай қалыпқа сыйғызып, айта білуге тәрбиелейді.Мақал-мәтелдерді ағылшын тілінде жай шырай, салыстырмалы шырай және күшейтпелі шырайларды өткен кезде қолдануға болады.
The degrees of comparison of adjectives
1. A good name is better than riches
Доброе слово лучше богатства
Жақсы сөз – жарым ырыс
2. Two heads better than one
Одна голова хорошо, две- лучше
Екі кісі бір кісінің тәңірісі
3. East or west home is best
В гостях хорошо, дома лучше
Өз үйім өлең төсегім
The plural of nouns
1. So many countries, so many customs
Что ни город, то народ
Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа
2. Many words cut more than swords
Злые языки острее меча
Сөз сүйектен өтеді
The constructions: there is/there are
1. There is no place like home
В гостях хорошо, а дома лучше
Айхай өз үйім, кең сарайым, боз үйім
2. There is no smoke without fire
Нет дыма без огня
Жел болмаса, шөптің басы қозғалмайды
The Present Indefinite
1. Tastes differ
На вкус и цвет товаришей нет
Әркімнің өз талғамы бар.
2. All is well that ends well
Все хорошо, что хорошо кончается
Басы қатты болса, аяғы тәтті болады
The Future Indefinite
1. We shall see what we shall see
Поживем – увидим
Көргеніңнен көрмегенің көп
Жүре бара көреміз
2. Who keeps company with the wolves will learn to howl
С кем поведешься, от того и наберешься
Жолдасына қарап, кісіні білерсің
The Present Perfect
1. As you have made your bed, so you must lie on it.
Что посеешь, то и пожнешь
Не ексең, соны орасың
2. Who has never tasted bitter, knows not what is sweet
Не вкусив горького, не узнаешь, что сладко
Ашының дәмін татпай, тәттінің не екенін біле алмайсың
The Passive Voice
1. Rome was not built in a day
Москва не сразу строилась
Еңбегіне қарай өнбегі
The Gerund
1. Talking mends no holes
Разговоры не помогают в беде
Көп жауын жерді бүлдірер, көп сөз елді бүлдірер
2. Learning is the eye of mind
Ученье-свет, неученье –тьма
Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні қаріп
Modal Verbs
1. Never put off till tomorrow what you can do today
Никогда не откладывай на завтра то, что можешь сделать сегодня
Еріншектің ертеңі бітпес
2. Love cannot be forced
Насильно мил не будешь
Жақсы жақсы емес, жарасқаны жақсы
Нәтижесінде: оқушы өзін-өзі тәрбиелей, өзін-өзі жетілдіре білуге, өзіне -өзі сыншыл болуға, өзін-өзі басқара білуге, шебер сөйлей білуге жетелейді.
Категория: Английский язык | Добавил: Нури7397 (2014-09-13) | Автор: Тлешева Нургуль E
Просмотров: 1939 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 9:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru