Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе, мен тіл байлығын таңдар едім. өйткені тіл байлығы — бәрінен де сенімді байлық. Ғабиден Мұстафин ********************* Заманауи қоғамның негізгі бөлшегі – білімді ұрпақ. «Білімді ұрпақ» дегеніміз алдымызда жан-жақты білім нәрімен сусындатып отырған оқушы. Ал заманымыздың негізгі талабы – бүгінгі қоғамдағы ақпарат алмасудың негізгі көзі – көп тілділділікті меңгеру болып табылуда. Ендеше, бүгінгі таңда білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздардың негізгі мақсаты – оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс-әрекетінде дербес көп тілділікті қажетті деңгейде меңгерген жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу. Көп тілділік бұл – қазіргі өмірлік қажеттіліктен туындаған құбылыс. Қай заманда болсын, бірнеше тілді меңгерген мемлекеттер мен халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейтіп отырған. Мысалға, ежелгі дүниедегі Мысырдың өзінде бірнеше тілді білетін мамандар иерархиялық сатымен жоғарылап, көбіне салық төлеуден босатылған. Сондай-ақ, бүгінгі Еуропада да көп тілді меңгерушілік жалпыға ортақ норма болып саналады. Яғни, бүгінгі таңда Қазақстан үшін көп тілділік, яғни көп тілді меңгеру – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылуда бірінші баспалдағы. Өйткені, бірнеше тілде еркін сөйлей де, жаза да білетін қазақстандықтар өз елінде де, шетелдерде де бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады. Елімізде білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр. Ол тек қана техникалық құрал емес, сонымен бірге жаңа ақпараттық , коммуникациялық технология және білім беру жүйесіндегі сабақ берудің жаңаша әдісі болып отыр. Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауында ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу керектігін атап көрсетті: Компьютерлік техниканы, интернет , телекоммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көрсету. Сонымен қатар тәуелсіз еліміздің болашағы -жарқын, білімді, парасатты, өз ана тілімен бірге шетел тілі «ағылшын тілінде» еркін сөйлеп, өз елін, халқын, мәдениетін шетелге таныстыра алатын үш тілде еркін сөйлейтін азамат болып шығуы керек деген еді. Компьютерлік телекоммуникациялар бүгінгі қоғамда үлкен қолданысқа ие. Мәселен бизнесте, ақпараттық құралдарда, ғылым мен білімде. Қазіргі заман мұғалімі тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек. Ағылшын тілі - бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені белгілі. Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі.Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты, онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді. Компьютерлік және ақпараттық технологиялар- заман талабы. Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін және мультимедиялық - электрондық құралдарды шет тілі сабағында тиімді қолдану, нақтылап айтқанда ағылшын тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық - электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану. Ең тиімді программалардың бірі Microsoft Power Point. Ол мұғалімге қысқа мерзімде өзінің үлкен дидактикалық материалдармен қамтамсыз етіп, компьютерлік білімін даярлауға көмектеседі және ол оқушылардың түрлі қабілеттерін ашады. Олар: есте сақтау, көру, есту, ойлау, эмоционалды, автоматты және т.б. Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады. Ағылшын тілі сабағында компьютерді, мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда: - лексиканы оқып үйретеді; - сөйлеу ырғағын; - диалог, монолог және рөлдік ойындарды; - хат жазуға үйретеді; - грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп, оқушылардың есінде сақтауға көмектеседі. Қазіргі кезде ағылшын тілімен компьютер, телекоммуникациялық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде. Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр - түрлі әдіс-тәсілдерді білуді қажет деп санаймын және мен өз сабақтарымда қолданамын. Сондай-ақ өз сабағымда “English grammar for pupils» English 95”, “Enjoy English” электронды оқулықтарын жиі қолданамын. “English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен түсіндіруге көмектеседі. “Enjoy English” электронды оқулығында оқушылардың ойлау, сөйлеу және олардың коммуникативті дамуына көп ықпал етеді. Бұл диск екі бөліктен тұрады. • 1-ойындар, жаттығулар және диалогтардан және караокелерден тұрады. • 2-мультфильмдерден тұрады. Мультфильмдерді текстпен, диалогпен, аудирование және дауыс ырғағына берілген жаттығуларда қолдануға болады. Жаңа ақпараттық құралдарды ағылшын тілі сабағында қолданғанда күтілетін нәтижелер: • үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; • оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады; • сабақта пайдаланылатын көрнекіліктердің санын арттырады; • оқушылардың шығармашылығын арттырады; • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді; • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі; • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; • пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады; Көбіне мен ағылшын пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Қорыта келгенде, ағылшын тілі сабағында компьютер және т.б. жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану -заман талабы.Жаңа замандағы - Жаңа Қазақстанымыздың дамып келе жатқан қадамында оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді. Шетел тілін оқытудың басты мақсаты - оқушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша және жазбаша (сөз, тыңдап түсіну, оқу, жазу) өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын қалыптастыруды қамтамсыз ететін тілдік, сөздік, әлеуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді. Осы мақсатқа сай оқыту міндеттері екі үлкен бағыт бойынша белгіленеді: Танымдық бағыт бойынша: • Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру; • Тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру:(Қазіргі уақыт талабына сай шетел тілінің пән ретінде қажеттілігі күннен-күнге артып отыр.Ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және жалпы мәдени алға басуында қозғаушы фактор болуда.) • Оқушының тілін дамыту, тілдік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру; • Сөз мәдениетін таныту; • Пікірталас мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу түрін, сөйлеу тәсілін меңгерту; • Оқушылардың логикалық ойлауының бір ізді болуын қалыптастыру; Коммуникативтік, практикалық бағыт бойынша: • Оқушыларға тіл нормаларын меңгерту; • Тілдік сауаттылығын арттыру; • Оқушылардың тілдік- эстетикалық талғамдарын қалыптастыру; • Этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру; • Сөйлеу әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту; • Шығармашылық қабілеттерін дамыту; • Қарым-қатынас талаптарына сай іскерліктерде қолдана білу; • Пікірталас түрлеріне сай сөз қолдану біліктілігін қалыптастыру; Бұл міндеттердің жүзеге асырылуы тілдік білімнің (мұның қай - қайсысы да тіл арқылы баланың логикалық ойлауын дамытуға, қарым-қатынастық дағдыларын жетілдіруге, сөз әрекетінің түрлеріне) қатынасты машықтануына әсерін тигізеді. Жаңа ақпараттық технологиялармен қатар, өз сабағымда интербелсенді оқытуды пайдалана отырып , ойын әдіс-тәсілін қолданамын.Ойын арқылы ұстаз қойған мақсаттарына оңай жетеді деп ойлаймын. Ойынға қатысушы оқушылар мұғалімдермен өзара қарым-қатынастарын көтереді , әрі өздерінің қабілеттерін тексеруге мүмкіндік тудырады, сонымен қатар ұйымдастыру қабілеттерін арта отырып сабақ кезінде қуаныш сезімін оятады.Оқу үрдісінде тиімді ойындардың бірі төмендегідей: 1. Рөлдік ойындар. 2. Іскерлік ойындар. А) Іскерлік оқу ойындары: саяхат ойындары;блиц ойындары. Ә)Өндірістік ойындар. Рөлдік ойындар - интербелсенді әдістердің тиімді бір түрі.Рөлдік ойындар екіге бөлінеді: 1. Әрбір оқушы рөлде ойнайды. 2. Оқушылардың шағын топтары рөлде ойнайды. Қорыта келгенде «Тіл игеру тың игеруден де қиын» деп ақын ағамыз Қонысбай Әбіл айтқандай, жас жеткіншектерге тілді үйрету жолында өз білімімді үздіксіз көтеріп, үнемі ізденіс үстінде боламын деген үміттемін. | |
Просмотров: 2606 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|