Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы: Баязитова Жанна Сериковна Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжі Ағылшын тілін оқыту барысында ақпараттық технологиялар арқылы әлеуметтік- мәдени коммуникативті құзіреттілікті қалыптастыру. Адамзат мәдениеті ежелгі ғасырлардан бүгінгі күндерге дейін өзінің даму жолын жүріп өтті. Ол ешқашан да қозғалыссыз қалған емес: пайда болып, бір аймақтан екінші аймаққа таралып дамыды, өткен ұрпақтан қазіргі және болашақ ұрпаққа беріліп, әр уақытта да материалдық және рухани жағынан толығып отырды. Демек, өзгерістер мәдениеттің бөлінбейтін бөлшегі мен қасиеті болып табылады. Мәдениет динамикасында мәдени ықпалдар мен байланыстардың алатын орны зор, өйткені қозғалыс қашанда кездесулер, қақтығусыларсыз болмай тұрмасы белгілі. Мәдени коммуникация мәдени өзгерістердің кеңінен тараған бастау көзі болып табылады. Мәдени ықпалдардың сипаты, дәрежесі мен тиімділігін негізінен төмендегі факторлар арқылы анықтауға болады: 1.Байланыстардың интенсивтілігі (мәдениеттердің жиі қарым- қатынастарда, өзара байланыста болуы басқа мәдениет эементтерін өз бойын сіңіріп алуға алып келеді); 2. Мәдениетаралық байланыстардың шарттары (мәжбүрлі байланыстар мәдениеттердің өзара алыстауын туындатады); 3. Қоғамның жіктелу дәрежесі (жаңалықтарды қабылдауға дайын мәдени - әлеуметтік топтардың болуы); 4. Басқа мәдениеттерді қабылдау қабілеті ( мәдени контексттің өзгеруіне байланысты өзін бейімдеу қабілеті). Осы факторлардың әсерінен шетел тілінің маңызы артуда. Яғни мәдениетаралық қарым- қатынас құралы ретінде қолдану талабы бар. Тіл мәдениетті жүзеге асырушы құрал, тіл белгілі бір тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің негізін қалайтын тарихи қалыптасқан белгілер жүйесі. Осыдан келіп тіл мен мәдениеттің байланысынан мәдениетаралық құзіреттілік ұғымына анықтама беру міндеті туындайды. Лингвистикалық білімнің қазіргі жүйесінің жаңғыртулары негізін мәдениетаралқ қамал құрайды. Ал оның басты белгіленген мақсаты мәдениетаралық құзіреттілік қалыптастыру. Мәдениетаралық коммуникативті құзіреттілік- ол қалыптасқан, толыққанды (әлеметтік, кәсіби, жағадаяттық тұрғыдан) шет тілінде мәденитаралық қатысымға өзге мәдениет өкілімен түсінесе алу біліктілігі. Осындай қатысымды лингвомәдениеттер арасындағы қатысым деуге болады, өйткені ол процесс барысында іске асады және сұхбаттасушылардың мәдени және коммуникативті ерекшеліктерінің өзара әрекеттестігінің нәтижесі.Ал осы қатынасты іске асырудың бірден бір тиімді жолы ол ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы болмақ. Ағылшын тілін саналы меңгерту , оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ: ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек? Оқыту тілі өзге тілде жүретін мектептерде тіл үйрету туралы жазылған әдістемелік және ғылыми материалдарды зерделей келе, ақпараттық технологияларды пайдалану туралы мәселеге тоқталу керек . Білім беру саласында түрлі технологиялар енгізілуде, бірақ олардың ішінен қажеттісін таңдап, сабақтың әр кезеңінде тиімді қодану басты талап. Мәселе технологиялады кеңінен пайдалану емес, мәселе- тұлғаны нәтижеге бағыттай білім беруде. Қазіргі таңда, көрнекілік әдісі мен техникалық құралдарды қолдану әдісін ақпараттық- коммуникативтік технологияның бір өзі атқара алады. Ақпараттық технология- ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістермен өндірістік және бағдарламалық технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технолгияларды бәріміз кеңінен қолданамыз. Қазақ әдебиетінің классигі, ұлы Абай Құнанбайұлы: «Шәкірттерің жақсы оқу үшін, оның оқуға деген ынтасы және қызығушылығы зор болу керек»,- деген. Расында да, тек қана жігерлі, әр нәрсені үнемі білгісі келетін, табандылығын, шыдамдылығын, көрсеткен адам ғана мақсатына жетеді. Ағылшын тілді оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан- жақты қолдану, мұғалімнің көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады. Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағадарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады. Ағылшын тілі сабақтарында қолданып жүрген компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істеу түрлерін атап өтсем, лексиканы меңгерту. Мәтіндік лексиканың кіріспесінде және онымен жұмыс істеуде, мысалы, сауда, азық- түлік, сауа- рйын сипаттауда, киім, жануарлар, дене мүшелері, т.б Сөйлеу жұмыстары кезінде көптеген бағдарламаларда микрофонмен жұмыс істеу қарастырылады. Сөздер мен сөз тіркестері тыңдалғаннан кейін, оқушы оны қайталайды. Содан кейін диктордың сөздері айту, яғни дыбыстау ерекшелігін тыңдай отырып, жеткіліксіз жақтарын аңғарып, оқушы оны түзетуге мүмкіндік алады. Сөйлеу тілін дамытуда диалогтың берері мол. Диалог- сөйлесудің ең негізгі түрі болып саналалады. Адамдар арасындағы қарым- қатынас амандасудан басталады. Мұғалім сабаққа кіргеннен оқушылармен диалогта болады. Мақсатты ұйымдастырылған жағадаяттар арқылы ауызекі сөйлесуге үйрету- оқушыларды қызықтырады. Диалогтік сөйлеу коммуникативтік оқытудың негізгі ұстанымына сәйкес келеді. Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі. Ауызекі сөйлесу- жауаптасу арқылы жүзеге асады, ал жауаптасуға дейінгі дайындық кезеңдері былайша сараланады: І кезең: диалогпен танысу; ІІ кезең: диалогті жасау; ІІІ кезең: диалогті қойылымға айналдыру, яңн сөйлесім іс- әрекетін қойылым іс- әркекетімен ұштастыру; Жазуды оқыту түрінде сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру сияқты үш іс- әрекетті бір уақытта біріктіреді. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық- грамматикалық дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер, аудио- визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады.Ауызекі сөйлеу тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолдануын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да жазбаша да мазмұндай беретіндей дағды- машықтарын, шығарма, хат жазу, дағдыларынан құралады. Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. | |
Просмотров: 1285 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|