Мен Қазақстан деген кең байтақ елде тұрамын. Менің елімнің жері кең, тынысы мол, жандарының көңілдері жайдары . Өзім қазақ болып жаралғаныма қуанамын, өйткені менің елімнің тарихы, салт –дәстүрі, әдет –ғұрпы өте бай. Мектепте қазақ әдебиеті пәнін оқығанда ,өз ұлтымның қыры мен сырын жете танисың.Мектеп ішінде қазақ тілі мен қатар орыс тілін де оқимыз. Бұл тілді біз басқа мемлекеттің балалары сияқты шетел тілі деп алмаймыз, ол біздің екінші тіліміз сияқты. Менің Қазақстанымда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз әрұлтты мемлекетпіз. Елімізде тұратын ұлттардың өз асссамблеясы бар екенін бізге мұғалім түсіндіріп кетті. Біздің қазақ ұлтының құқықтық правосы заңмен қалай сақталса, басқа ұлттардың да праволары солай қорғалады. Мен өзім орыс халқының әдебиетін өз халқымның әдебиетімен тең қоямын, өйткені біздің ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлы орыс әдебиетін оқып, сол әдебиеттен аударған шығармалары көп. Сол себепті мен де Пушкиннің еңбектері мен мысалшы Крыловтың еңбектерін жақсы көремін. Біздің ауыл таза қазақ ауылы, бізде басқа ұлттың өкілдері болған емес,менде басқа ұлт өкілінен шыққан досым да жоқ. Бірақ осы әңгімені естігеннен бері , сол оқиғалар ертегі сияқты есімнен кетпейді. Біздің мектепте қазақ тілі пәнінен сабақ беретін Самұратова Сандуғаш Асылбекқызы деген ұстаз бар. Ол кісі балаға әңгіме айтқанда, кәдімгідей ұйып тыңдап қаласың да, сол әңгіме еш уақытта есіңнен кетпейді. Осындай әңгіме басын бастағалы отырмын. Мен өзім сол әңгімені естігенде ,бір жағынан қызыға қарасам, екінші жағынан қызғана қарадым, өйткені сондай достық менің басымда болса ғой деп ойладым. Сөздің қысқасы ,ол кісі біздің ауылға көршілес орналасқан Жылымды ауылында туып, сол ауылда өсіпті. Жылымды ауылына Ұлы Отан соғысы кезінде басқа ұлт өкілдері жер ауып келген екен. Көбінесе соғыстың ең ауырпалығын көтеріп, алғаш соққы алған белорус , украйн елдерінің азаматтары болыпты. Біздің мұғалімнің үйі белорустар жанұялары тұрған көшеде тұрыпты. Сол көшенің шеткі үйінде өзімен бірге бір сыныпта оқыған , өзімен барлық балалық шағын өткізген Ланцейвич Витя деген досы болыпты. Осы ұлт тумасынан ақкөңіл , мейірімділігімен ерекшелінетін халық. Витя да мейірімді, қолы ашық , сыпайы бала болыпты. Үйінің адамдары мен мұғалімнің жанұясы да бір жанұяның адамдары немесе туыстар сияқты болыпты, ішкенін бөлісіп, ойларының да бір жерден шешім табулары мені қызықтырды. Витямен ойнаған ойындары, оны қазақ тіліне үйретуі, сол үйде қона жатып ойнауы қызықтырды. Мұғалімнің айтуы бойынша, олардың үлкен бақшалары болыпты. содан алған қиярды тұздау, орамжапырақты тұздау, салат түрлерін жасауды ел осылардан үйреніпті. Витя сияқты неміс , украйн балалары таза қазақ мектебінде оқып, таза қазақ тілінде сөйлеген дейді. Ауылдарында Люх Андрей деген неміс азаматы дүкенде сатушы болып жұмыс істепті. Әйелі Ельвира Ивановна дәрігер болыпты. Ельвираны ел сыйлап, жақсы көріпті, өйткені түн болса да, күн болса да әрқашан көмекке келіп тұрады екен. Андрейді ауылдағы жолдастары еркелетіп «қоқима» деп атапты, өйткені оның шашының алды қоқиып тұрғандықтын дейді. Мұғалімнің тағы есте қалғаны ауылда өтетін Жаңа жыл кеші болыпты. Осы Андрейдің ойлап таппайтын нәрсесі болмайды екен. Үлкен балмаскарадқа жын болып киініп, мұрнының ұшына жанатын лампочка, құйрығына лампочка тағып, оны сол жерде жағып барлық жұрт алдында сахналық қойылым қойып, жұртты ду күлдіріпті. Осы Андрей деген азамат тек таза қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, сонымен қатар мақалдап сөйлегенде, талай қазақты орнында қалдырған жан болыпты. Енді былай байқап қарасақ,егер осы ұлт өкілдерінің барған жерде өз еліндей сіңісе алмаса, осылай қадірленбесе, олар біздің тілімізді өз тіліндей қадірлер ме еді?. Ол, ол ма ауыл ішінде берілетін омыртқаға барып, өздері де осындай дастархан жайып, барлығымен өз бауырларындай араласып, әскерге кеткен, үйленген тойлардың бел ортасында жүрген адамдар болыпты. Осыдан көруге болады емес пе халықтар достығын. Менің ойымша, сол ауылдың адамдарының адамгершілігі мол болып отыр ғой. Ауыл балаларының бойына басқа ұлт өкілдерінің балаларымен жолдастық, достық деген сезімді дұрыс дарыта білген ол –ата –ана болып отыр ғой. Егер ата –ананың тәрбиесі бұрыс болмағанда, ата –ананың олармен достық қарым –қатынасы болмағанда , балалар жақсы азамат болар ма еді. Тәрбие басы сол кісілер болған соң., солардың ісін көрген соң , бала да олардай болуға тырысады. Мұғалімнің тағы бір айтқаны, мектебінде осы Ұлы Отан соғысы кезінде ауып келгендердің бірі –Мария Галиевна деген орыс тілінің мұғалімі болыпты. Ол кісінің не туысы, не баласы болмаған екен. Ел болып сол кісінің қамын ойлап, Жылқайдар деген кісінің үйінен бір бөлме әперіп, сол ұстаз мектепте өле –өлгенше қызмет істепті. Мұғалімге өзі жылда болатын 8-наурыз мерекесіне сыйлық беріп, жақсы көріпті. Сандуғаш апайдың есінде қалғаны ол кісі сабағын әр уақытта «Летят перелетные птицы» деген өлеңмен бастайды екен. Бір күні мұғаліммен сөйлескенде, неге осы өлеңмен бастайсыз деп сұрағанда «Құстар жақсы хабар әкеледі, олар маған да хабар әкелуі мүмкін ғой, міне күзде ұшты, ертең жазда қайтқанда, мен де олардан хабар күтемін» депті, сонда өмірінің соңына дейін хабар күткен кісі болыпты, оны ел аяп , ел де бірге күткендей болады екен. Мектебінде неміс тілі пәнінен Ида Александровна сабақ беріпті. Ол кісі сабақ түсіндіргенде орыс , қазақ, неміс тілін салыстыра отырып түсіндіреді екен. Сондықтан біздің мұғалім ол кісінің үйреткендерін әлі күнге дейін есінде сақтап қалыпты. Ида Александровна әлі де Жылымдыда тұрады екен. Ол кісінің келіндері қазақ , немерелері Жылымды мектебінде қазақша оқып жатқан көрінеді. Сонда мұғалім бастаған достық әлі де жалғасын табуда . Жаңағы неміс тілі мұғалімінің немересі осы мектепте оқыса, оның жолдастары қазақ балалары болды ғой. Сол мектепке барып, жаңағы таза қазақ тілінде оқу оқып, таза қазақ тілінде жазу жазып, таза қазақ тілінде сөйлейтін баланы көріп , достасса ғой деп армандаймын. Ұлт пен ұлттың еш айырмашылығы жоқ. Олар да біз сиққты 12 мүшесі бар адам. Қазіргі таңда басқа ұлт өкілдеріне үйленіп,ұрпақ әкеліп жатқан жанұялар қаншама. Оған таңданудың қажеті жоқ. Жалпылап айтқанда ,менің мемлекетімнің шекарасы ешқашан шектеліп, заңымыздың ешқашан ұлт өкілдеріне қайшылық келтірілмегенін біз білеміз.. «Сыйласаң- сыйлы боларсың» деген мақал бар. Қай ұлт өкілі болмасын сен сыйлай білсең, ол да сені солай сыйлайды да , құрметтейді. Мен осы естігендерімнен не түйдім , болашақта үлкен азамат болып, елден жырақ шыққанда ,мұғалім айтқан қасиеттерді өзіме ту етіп ұстап, қай ұлттың өкілі болмасын өзімнің туғанымдай көретін боламын.Мен әлі баламын, бала болсам да алдыма қойған мақсатым дұрыс деп ойлаймын. Мұғалім бізге ондай жағдаятты жай айтаған болар .Не айтса да ,содан біз бір нәрсе түйсін деп айтты. Ол бізге өмірлік азық беріп тұр. Мен де өскенде өз балаларыма осындай қасиеттен арылмаңдар деп үйретемін. Егер ұлттар арасында достық болса, бейбітшілік болады. 1941 жылы неміс басқыншылары біздің елді басып аламыз дегенде , біздің елдердің ішіне орналасқан әртүрлі ұлт өкілдері бірігіп, елімізге бейбітшілігін алып берді емес пе?! Әдебиеттен Б.Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат» деген еңбекте әр ұлттың өкілдерінің ой –арманы беріледі. Соны оқығанда ,мен қызығып, таңқалып, тамсанған болатынмын. Ол рас, егер осындай жолдастық, бірлік болмағанда, біз қазір мынандай өмірді сүрмес едік. Ол кісілерге айтар алғысым шексіз. Біз білмейтін талай елдердің соғыстарын, террорлық істерді көргенде шошисың. Бізде бейбітшілік болып тұрғанға қуанасың, оның бәрі Елбасымыздың саясатының арқасы. Бейбітшілік болған соң ,биыл тәуелсіздігіміздің 20жылдық тойын жасамақпыз. Елімнің болашағына, халқыма бейбіт өмір, халықтар арасына достық, ынтымақтастық болсын деймін. Біз бейбітшілік өмірді қалаймыз!
|