Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Мазмұны: Кіріспе ............................................................................................................3 I. Негізгі бөлім 1. Теориялық бөлім 1. Жоба туралы жалпы сипттама ...................................................................4-5 ІІ. Практикалық бөлім 2. «Менің отбасым My Family» тақырыбында жасалған жобасы ..............................................................................................................6-7 2.1. «Менің отбасым My Family» тақырыбындағы сабақ жоспары .................................................................................................8-11 а). Жоба бойынша сурет көрмесі ............................................................12-17 3. Отбасы туралы тақпақ-өлеңдер ................................................................18-20 Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Жұмыстың өзектілігі: Қазақстандағы жалпы білім беретін мекемені жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шетел тілді оқытып, шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу – біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару сапалы білім беру нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс. Мектепке дейінгі мекемелерде оқу-тәрбие процессінде жобалау әдісі ағылшын тілін меңгеру тереңдетіп үшін жүзеге асырылады. Біздің балабақшада оқу жылының аяғында ағылшын тілінде жоба қорғайды. Жыл бойы сол жұмысты атқаруға дайдық өткізіледі және сабақта мини-жобалар қорғалады. Жоба қорғау әдісі балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын ағылшын тілінде еркін айтуға үйретеді. Бала өз қызығушылығына орай педагогтың көмегімен тақырып таңдайды, жоспар құрады, зерттейді, ата-анасының көмегімен әдебиет оқып, талдайды, жоспар арқылы жобаны жүзеге асырады. Бала балабақша қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып, зерттей білуге үйренеді. Сонымен қатар, балада шыдамдылық, жүйелі жұмыс дағдысы пайда болып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ағылшын тілінде теориялық алған білімді бала практикалық жүзінде өмірде қолдана біледі. Жоба қорғау әдісі арқылы баланың сөйлеу қабілеті мен сауаттылығын арттырады. Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де, іскер, ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Бүгінде әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап, дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар, жан-жақтылық, ғылымның бар саласынан хабардар болудың маңызы зор. Сондықтан, балалардың жобалау әдісін ағылшын тілі сабағында кеңінен қолданып, жоба қорғауы – заман талабы. Бұндай жұмыстар балалардың пәнге деген қызығушылын арттырып, олардың ғылыми жұмыспен шұғылдануға алғашқы қадамы болып табылады. Бүгінгі күн талабы екенін ескере отырып , менің таңдаған тақырыбым: “Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану”. Мақсаты: баланың қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін ашу. Міндеттері: Баланың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру; Әртүрлі проблемаларды ағылшын тілінде талдау және оларды шеше білу қабілетін дамыту арқылы жоба қорғау әдістерін үйрету; Ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: Ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді еңбек ете алатын және алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық пайдалана алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу. Теориялық бөлім Бұл жұмыстың мақсаты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдере жобалау әдісін меңгеруге көмек беру. Ал енді білім саласындағы «жобалау» терминің қарастырайық. Жұмыс барысында қаралған сұрақтар: 1. Жобалау әдісі дегеніміз не? 2. Жобалау әдісінің негізін құрушылар 3. Жобалау жұмысын құру 4. Ағылшын тілі пәнінде қолданған жобалау жұмысы 1. Ең біріншіден жобалау әдісі дегеніміз не деген сұраққа жауап берейік. «Жоба» (лат.) - алдында жүретін. Яғни қандай да жоба болса да алға жүретіні сөзсіз. «Әдіс» - белгілі бір мақсатқа жету үшін практикалық немесе теориялық білімдердің ізденудегі жұмысы, дидактикалық категория. Жобалау әдісі бұл- белгілі бір мәселені оқу-әдістемелік білімді негізге ала отырып түпкілікті құрылымын айқындау арқылы шешу. Жобалау әдісін басқаша мәселе әдісі ретінде де танимыз, себебі белгілі бір теориялық немесе практикалық мәселені шешуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жобалау әдісін мұғалімдердің жобалық оқытуында қолданылатын педагогикалық технология деп түсінеміз. 2. Әлемдік педагогикада жобалау әдісі жаңа емес. Ол 1920 жылы АҚШ-та пайда болған. Оны философиядағы гуманистік ағымдар мен білім идеяларымен байланыстырған. Американдық философ және педагог Дж. Дьюи мен оның оқушысы У.Х. Килпатрикті жобалау әдісінің негізін салушылары ретінде танимыз. Жобалау әдісі орыс педагогтарын да қызықтырды. 1905 жылы орыс педагогы С.Т.Шацкий басшылығымен жобалау әдісін дәріс беруде қолдануға әрекеттенген мұғалімдер тобы құрылды. Кейін Совет үкіметі кезінде бұл идея мектептерге енгізіле бастады. Бірақ дұрыс құралмағандығынан қолдану аясынан шықты. Бұл уақытта жобалау әдісі шетелдік мектептерде кеңінен қанатын жайды. АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Израиль, Финляндия, Гермения, Италия, Бразилия, Нидерланды және т.б. көптеген елдерде Дж.Дьюидің білімге деген гуманистік идеясы қолдау тапты[10]. Осы жоба негізінде 1990 жылдары Жапония өз экономикасын көтеруге мүмкіндік алды. Қазіргі кезде жобалау әдісі көптеген ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған: Г.К. Селевко, И.П. Подласый, Е.С. Полат, М.В. Кларин, М.Р. Ковжасарова, П.В. Степанов, А.К. Кусаинова, Г.Ш. Альназарова. 3. Жоба белгілі бір тақырып бойынша құрастырылады. Ол баланың қызығушылығына орай таңдалуы мүмкін. Жобалау жұмысын орындаудағы талаптар төмендегідей: - Оқыту жобасының классификациясын таңдау - Жоба презентациясын дайындау - Жобаға баға беру критериилерін айқындау - Жасалған жобаның нәтижесіне баға беру - Жобалау әдісін оқытудағы мұғалімдердің мақсаты мен міндеттерін айқындау Қазіргі кездегі оқу жобаларының түрлері (балалардың қызығушылығына негізделген): - практикалық - ғылыми жобалау - ақпараттық - шығармашылық - рольдік Құрамы бойынша мини-жоба, моно-жоба пәндік және пәнаралық болып бөлінеді. Мини-жоба бір пән негізінде ғана ұйымдастырылса, пәндік жобалар факультативтік сабақтар аясында қолданылады. Ал пәнаралық жоба бірнеше пән негізінде құралады. Қатынас құралы бойынша дара және топтық болып бөлінеді. Өз алдына топтық: балабақшалық, аумақтық және халықаралық болып бөлінеді. Ұзақтығына байланысты мини-жоба- 1 сабақтық, қысқа- 4-6 сабақтық, апталық- 30-40 сағаттық, ұзақ немесе жылдық- дара немесе топтық жобалар міндетті түрде сабақтан тыс жүргізілуі керек. Жобалар презентациясының түрлері: ғылыми жұмыс, іскерлік ойын, видео-фильм көрсету, экскурсия, бағдарлама, ғылыми конференция, театр көрсетілімі, тарихи немесе әдеби диалогтар, спорт ойыны, спектакль, жарнама, пресс-конференция. Ал жобалау әдісінің практикалық бөлімін қарастырсақ бұл жерде жоба дайындау қажет ақпаратты жинақтау, рәсімдеу кезеңдеріне назар аударатын сабақ жоспарлары мен дебат пікір сайысына дайындық кезеңдерін атап өтейік. Негізгі жоба тақырыбын бала өзі қызығушылығына орай таңдайды, бірақ бағыт-бағдарды әрине педагог береді. Төменде сабақ жоспарлары беріліп, дайындық жұмысын ұйымдастыру кезеңдері көрсетілген. «Менің отбасым My Family» тақырыбында жасалған ағылшын тілі сабағының жобасы «Менің отбасым My Family» жобасы Жоба түрі: танымдық Жобаға қатысушылар: естияр тобының балалары Жобаны жүзеге асыру мерзімі: қысқа мерзімді (4 апталық) Басты мәселесі: ағылшын тілінде балалар отбасы туралы ағылшынша білмейді Жобаның мақсаты: «Отбасы» тақырыбына қатысты I have, I love, Who is it? деген лексикалық сөздерді түсінуге үйрету Міндеті: • Білімділік:жаңа сөздердің дұрыс айтылуына және қаталануына көңіл бөлу; • Дамытушылық: ауызша сөйлеу, есту қабілетін дамыту; • Тәрбиелік: ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту, топта және жеке сөйлеуге тәрбиелеу. Жобаның нәтижесі: отбасы мүшелері туралы ағылшынша қысқаша суреттей алу. Жобаны өткізу барысы: 1. Жоба бойынша тақырып таңдау. 2. Таңдалған тақырып бойынша жоспар құру. 3. Таңдалған тақырып бойынша өткізетін ортаны дайындау. 4. Таңдалған тақырып бойынша жайында әңгімелесу. 5. Отбасы жайлы бейне таспалар көру. 6. “My Family” тақырыбында тақпақтар жаттау 7. «Point to the right flashcard» «Суреттің дұрысын тап» ойынын ойнау 8. Сергіту сәтін өткізу. 9. «Отбасы Family» тақырыбында слайдтар көрсету 10. «Менің отбасым My Family» тақырыбындағы ойын-сауық Жобаны өткізуде жүргізілетін жұмыстар: 1. Сабаққа қажетті суреттер мен әдебиттерді табу. 2. Ата-аналармен жұмыс: «Менің отбасым» туралы балалардың ата-аналарымен бірге тақпақтар жаттауға беру. 3. Іс-шараға қажетті көрнекіліктерді дайындау: ойыншықтар, ойынға қажетті заттар, сабаққа қажетті суреттер. Нәтижесі: • Танымдық әрекеті арқылы балалардың сабаққа деген қызығушылығы артады. • Отбасы мүшелері туралы қысқаша білу, I have, this is my деген лексикалық сөздерді қолдана отырып, солар жайында айта алу. • Сурет арқылы өздерінің отбасы мүшелері туралы ағылшынша қысқаша айта алу. Күні:______________________________________________________________ Тобы: __________________________________________________________________ Сабақтың тақырыбы: ___________________________________________________________ Сабақтың түрі: ________________________________________________________________ Мақсаты: «Отбасы» тақырыбына қатысты I have, I love, Who is it? деген лексикалық сөздерді түсінуге үйрету, жаңа сөздердің дұрыс айтылуына көңіл бөлу, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылығын ояту Сабақтың кезеңдері Кезеңдер дің мақсаты Мұғалімнің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті І.Ұйымдасты ру кезеңі 1.Психоло гиялық дайындық. Балалар дың назарын сабаққа аудару - Good afternoon, children? -How are you? - I am fine, good, OK Балалар мұғаліммен амандасып, Good afternoon, Good afternoon! Good afternoon to you! Good afternoon, Good afternoon! I am glad to see you! қал жағдайларын сұрап әңгіме әдісін құрады. ІІ. Қызығу шылығын ояту Балаладың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын ашу. - Look! Қараңдаршы сендерге кім қонаққа келгенін, әрине Микки маус қонаққа келіпті. Балалар сабақтың мақсатымен танысады. Ағылшын сабағы бойынша қонақпен танысады. ІІІ. Мағына ны тану Білімдерін кеңейту, негізгіні таңдау, берілген тапсырма ларды жүппен, топпен, жеке орындау Ол өзімен бірге қорапша ала келіпті, онда не бар екенін Look! Қарап көрейікші. Мұнда менің отбасымның суреттері бар My family. Сендер менің достарым болғандықтарынан сендерді өзімнің жақындарымен өлең арқылы таныстырайын: I have a father, I have a mother, I have a sister, I have a brother. Миккидің отбасында кімдер бар екен? mother, father, sister, brother. Микки өзінің family жақсы көреді ме? Микки сендер жайлы және отбастарын туралы жақынырақ білу үшін: «Do you have?» деген ойынын ойнағысы келіп тұр. Біздің қонағымыз сендерге Do you have a mother (father, sister, brother)? Сендердің әкең, анаң, ағаң, әпкең бар ма деген сұрақты қояды. Егер бар болса Yes деп айтып қолдарыңдағы «a red flashcard (қызыл карточканы)» көтересіңдер, егер жоқ болса No - деп айтып, «a blue flashcard көк карточканы» көтересіңдер. Let’s play. Do you have a mother? Do you have a brother? Do you have a father? Do you have a sister? (4 рет қайталанады) 2.Микки сендердің отбасыларыңды қалай жақсы көретіндеріңді білгісі келіп тұр ол үшін: Make up pictures of your family! ойынын ойнағысы келіп тұр. Бірінші болып балалар ортаға келеді. Мен сендерге сандар жазылған кубикті беремін, сол кубикті лақтырасыңдар, кубиктегі санның қайсысы түссе сол бойынша мына суреттер арқылы отбасымыздың суретін құрамыз. Бұл ойынды қыздар-ұлдар болып екіге бөлініп ойнаймыз. 3. Балалар біз Миккимен бірге қонақтармен бірге «Point to the right flashcard» «Суреттің дұрысын тап» деген ойынын ойнасақ қалай болар екен. Come to me. Look! There are 4 pictures: a mother, a father, a sister, a brother (суреттерді ғимарат ішіне іліп тастаймыз). Достарымыз бағана бері біздің тақырыбымыз бойынша көріп отыр, қонақтарымыздың ағылшынша команданы қалай орындайтынын тексеріп көрейікші. Мен сендерге: жүгір, ұш, жүз, секір деген командасын бергенде ағылшынша айтылған сөздің қай суретке тән екенін тауып, сол суретті қолымызбен көрсетуіміз керек, келістік пе? Жандос, jump to the «father’ s picture», Сабина - run tо the «mother’s picture», Алишер - fly to the «sister’s picture», Айсана - go to the «brother’s picture». (Ойынды бірнеше рет қайталауға болады). Well done. Балалар отбасына қатысты өлеңді айтады: Yes. I love my mother, I love my father, I love my sister, I love my brother. Балалар мұғаліммен бірге хормен бірнеше рет қайталайды. Балалар берген тапсырманы жеке және топпен орындайды. Қонақтарымен қосылып ойын ойнайды. Сергіту сәті Балалар дың шаршаға нын басу Миккиге біздің ағылшынша қалай жаттығу жасай алатынымызды көрстейікші. Stand up, please. Hands up! Hands down! Hands on hips! Sit down! Stand up! Hands to the sides! Bend left! Bend right! One, two, three, hop! One, two, three, stop! Балалар жаттығу жасайды. IV. Рефлекция Алған білімдерін қортынды лау Look at the Mickey’s Family. Саусақтар мен отбасы бейнеленген суреттерді пайдаланып, әрқайсысына сұрақ қоя отырып Миккидің отбасы жайлы жаңа тақырыпты қортындылаймыз. Who is it? Бұл кім? It is a mother. It is a father. It is a sister. It is a brother. Бұл әкем. Бұл анам, ағам, әпкем.... Берілген сұрақтарға жауап береді. Қортынды Балалар Миккидің отбасының қалған туыстарымен келесі сабақта танысамыз, Миккидің үйіне қайтатын уақыты болыпты, қоштасамыз: Good-bye, Mickey. Балалар біз өткенде ағаш жасағанбыз, сол ағашымыз бүгін көңілсіз қәлде тұрғандай, оны қуанту үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақты таба алсаңдар, ағашты жасыл жапырақпен көмкеріп, оның қайта қалпына келуіне көмектессесіңдер. Қане жұмбақты жасырамын: 1. Папаларыңның папасы. (Ата) 2. Мамаларыңның мамасы. (Әже) 3. Атасының баласы. (Әке) 4. Мамасының баласы. (ағасы) 5. Әжесінің қызы. (Мамасы) 6. Ағасының әпкесі. (әпкесі) Very good, my friends! Ағылшынша отбасымызды бір қайталап жіберейікші: a grandmother, a grandfather, a mother, a father, a sister, a brother. Отбасмызды жақсы көретіндігі жөнінде өлеңімізді қайталап жіберейікші: I love my mother, I love my father, I love my sister, I love my brother. Балалардан сабақтың қалай өткендігі жөнінде сұраймыз. Олардың сабаққа жақсы қатысқаны жөнінде рақметімді айтып, сабақтың аяқталғанын айтамын. Thank you! Dear children! You’ve been so good friends and I’m proud of you. Wave your hand And sаy: «Good-bye! The lesson is over. Good-bye! My friends. Жұмбақты тауып, хормен отбасына қатысты сөздерді қайталайды. Хормен жаңа сабақты қайталайды. Good-bye! Teacher! Күтілетін нәтиже: Болу керек: Топпен жұмыс жасауға және тілге деген қызығушылығы болу керек. Білу керек: Отбасына қатысы ағылшынша сөздерді білу керек. Үйрену керек: Сабаққа қатысты сөздердің дұрыс айтуға және сабаққа қатысты ойындарға қатысуға үйрету. | |
Просмотров: 9075 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|