Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Қазіргі ағылшын тілінде жаңа сөз жасаудың негізгі жолдары мен олар жайлы ғылыми пікірлер өте жоғары дәрежеде айтылып отыр. Ағылшын тілінде жаңа сөз жасау конверсия, сөздерді біріктіру, префикстік және суффикстік әдістері арқылы жүргізіледі. Ағылшын тілінде біріккен сөздер сөзқосым үрдісінің нәтижесінде қалыптасады. Ал екі немесе одан көп түбірлерді қосу арқылы бір сөз жасайтын сөзжасамның бір жолы – біріктіру (сomposition). Біріккен сөздердің ағылшын тіл білімінің лексикология саласында да қарастырылуы, ең алдымен олардың сөздік құрамды байытатын ең негізгі бөлік екендігімен астарласып жатыр. Мұнда лексикологияның нысандық ерекшелігі де рөл ойнайды. Лексикологияны сөз туралы ғылым екендігін ғалымдар толық тән алады. Сондықтан ағылшын тілінде біріккен сөздердің лексикологиядан орын алуы олардың жеке сөзге жақын сипаттарының басымдығында. Ағылшын тіліндегі біріккен сөздер сөйлеу кезінде қаншалықты кең қолданылса да, теориялық жағынан олар туралы әлі де өз шешімін таппаған сұрақтар көп кездеседі. Сондықтан О.Д.Мешков [9]. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздерге қатысты еңбегінде ағылшын сөзжасамының қыр-сырын жан-жақты айқындауда көптеген проблемаларға кезігетінін айта келіп, оларды төмендегідей санамалап шығады: 1. Күрделі сөздердің өзіндік ерекшеліктерін айқындау. 2. Күрделі сөздердің шығу төркіні проблемасы. 3. Күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің арақатысы проблемасы. 4. Күрделі сөздердің компоненттерінің арақатысы проблемасы. 5. Күрделі сөздердің мағыналары проблемасы. 6. Сөзжасамның тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымымен байланысы проблемасы. 7. Күрделі сөздердегі ұлттық ерекшеліктер проблемасы. 8. Күрделі сөздерді жіктеу проблемасы. 9. Күрделі сөздің модельдерін сипаттау проблемасы. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздер төмендегідей топтарға бөлінеді: І. Сөз таптарына қарай: 1. Зат есімдер, мысалы: baby-moon, address book, letter-box, match-box; 2. Сын есімдер, мысалы: power-happy, old-hand, new-born, light-headed; 3. Етістіктер, мысалы: to honey-moon, to baby-sit, to henpeck, to blackmail; 4. Үстеулер, мысалы: down deep, headfirst, splash down; 5. Шылаулар, мысалы: into, within, onto, without; 6. Сан есімдер, мысалы : fifty-five, seventy-eight, thirty-eight, ninety-one. ІІ. Құрамындағы компоненттерінің қатысына қарай: 1. Аралық (neutral), олар екі түбірден ешқандай морфемаларсыз бірігуінен жасалады, мысалы, outrageous, she-goat, general public, space age, iron-clad; 2. Морфологиялық (morphological), мұнда компоненттер «o» немесе «i» дауысты яки «s» дауыссыз дәнекер дыбыстары арқылы байланысады: astrospace, handicraft, sportsman, craftsman, tradesfolk, Anglo-Saxon; 3. Синтактикалық (syntactical) немесе лексикаланған фразалар мұнда компоненттер көмекші формалар арқылы байланысады, мысалы, hold-a-lot-of-beer, sick-in-the-mud, breakfast-in-the-bedder, free-for-all, do-or-die, lily-of-the-valley, bring-and-buy sale, washing-up-liquid, Jack-of-all-trades, good-for-nothing. ІІІ. Құрылымына қарай: 1. Екі түбірден тұратын негізгі күрделі сөздер, мысалы, job-hunt, hidebound, go-go, tip-top, heartache, speak-easy, double-cross, chatter-box, whitewash; 2. Түбірлерінде аффикстері болатын туынды (derivational) күрделі сөздер, мысалы, ear-minded, hydro-skimmer, guided missile, baked beans, runner-up, horn-rimmed, factory-packed, science-based, chain-smoker; 3. Үш немесе одан да көп түбірлерден тұратын күрделі сөздер, мысалы, cornflower-blue, eggshell-thin, singer-songwriter, greenhouse effect, one-parent family; 4. Қысқарған күрделі сөздер, мысалы. VJ-day, motocross, intervision, Eurodollar, T-shirt, math-mistress, H-bag, X-mas, G-man. Қорыта келгенде, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліне берілуінің трансформациялық модельдерінің ғылыми негізде дәйектелуі төмендегідей түйіндер жасауға мүмкіндік береді: 1. Аударма бір халықты басқа елдердің мәдениетімен, әдебиетімен, өнерімен таныстыру үшін қызмет етеді. Аударма барысында аудармашының мәдениетаралық байланыстың, этномәдени қарым-қатынастың ортасында әділ дәнекер бола білуі оның ең басты міндеттерінен саналады. 2. Ағылшын және қазақ тілдері екі түрлі тілдік топқа жататындықтан, ондағы біріккен сөздердің сыртқы формаларында да, компоненттік ерекшеліктерінде де елеулі айырмашылықтар болады. 3. Ағылшын тіліндегі күрделі сөздің құрылымдық бірігуі екпіннің бір болуына; бірге немесе дефис арқылы жазылуына; семантикалық тұтастығына; морфологиялық және синтаксистік функцияларының бір болуына байланысты болады. 4. Біріккен сөздердің компоненттерінің белгілі бір сөз таптарына қатысты болуы да олардың аударылатын тілдегі баламасын табу үшін көмек бере алады. 5. Ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Ағылшын тілінде де, қазақ тілінде де біріккен сөздердің мағынасы үнемі компоненттерінің мағыналарына қарай анықтала бермейді.Аударма трансформациясында орын алмастыру, сөз қосу, ауыстыру, түсіріп тастау (опущения), яғни бір компонентін түсіру және т.б. әдістері бар. Белгілі бір шығарманы аударуда бірнеше тәсіл қатар қолданыла береді. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Мешков О.Д. Словообразование современного английского языка. – М.: Наука, 1976. – 245 с. 2. Ермагамбетова А.С. Сущность и значения национальных слов-реалий в языке художественного произведения и способы их перевода: дисс. ... канд. фил. наук. – Алматы, 1972. – 185 c. 3. Бархударов Л.С. Язык и перевод. – М.: Международные отношения, 1975. – 240 с. 4. Ағылшын тіліндегі біріккен зат есімдердің сөз түрлендіру тәсілімен трансформациялануы // “Оқыту үдерісіндегі инновациялық технологияларды қолдану мәселелері” атты халықаралық ғылыми-практикалық конф. матер. – Шымкент, 2009. – Т. 2. – Б. 140-144. 5. Қазақ-ағылшын тілдеріндегі біріккен сөздер құрамының мағыналық сипаты туралы // “М.О. Әуезов және қазақтанудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конф. матер. – Шымкент. – №1. – 77-79 бб. | |
Просмотров: 2774 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|