Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру Ахметқызы Құралай, ағылшын тілі мұғалімі, Алматы облысы, Алакөл ауданы, Қызылащы орта мектебі Қазіргі таңда еліміздің рухани күш – қуатын одан әрі жетілдіру, жастарға білім беру реформасын жүзеге асыру жаңа тұрпатты білім ордасында бүкіл білім мазмұнын, оның құрылымдық жүйесін жаңарту арқылы жүзеге аспақ. Жаңа ғасырда прогрессивті өмірге аяқ басқан жастар заман талабына сай өзгеше өмір сүруге дайын болуы керек. Парасатты да саналы азамат болу үшін бүгінгі оқушы білімі терең, жан – жақты болуы тиіс. Оқушыларды бүгінгі заман талабына сай шет тілін еркін меңгерулері өте пайдалы. Себебі, шетел тілі сабақтарының басты мақсаты, шәкірттерге күнделікті өзін қоршаған қоғамнан алған білім, білік дағдыларына қоса басқа елдердің тыныс-тіршілігін хабардар етіп, мағлұматтар береді және ең бастысы, жеке бас тәжірибесін жетілдіре түсуге көмектеседі. Шетел тілін үйрену арқылы оқушылар білім деңгейін көтеріп, өз халқы мен басқа халықтар арасындағы ұқсастықтар, ерекшеліктерді ажыратуға дағдыланады, оқушының өз пікірі қалыптасады, басқа елдердің мәдениетін үйренеді. Шетел тілін үйрену өз бетінше білім алуға, интермәдениет коммуникациясын бойына сіңіруге септігін тигізеді. Шетел тілі пәнінің ең басты міндеті – шәкірттердің тілдік қарым-қатынас жасай алу біліктілігін жетілдіру. Әсіресе, шет тілін үйретуде оқушылардың тіл үйренуге деген қызығушылығын арттыруда олардың шығармашылық қабілеттерін арттыру өте маңызды болып табылады. Жас ұрпақты шығармашылық потенциалын көтермей дамыту мүмкін емес. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту үшін оларды қызықты материалмен қамтамасыз ету, оқытудың дәстүрлі емес түрлерін қолдану, шығармашылыққа бағытталған тапсырмалар беру, әрбір істе жаңа әдістер қолдану қажет. Педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ болып табылады. Сабақтың негізгі сипаттары: • Оқушылардың тұрақты тобы • Оқушылардың қызметін әрқайсысының дара ерекшеліктерін ескере отырып, басқару • Сабақта берілген материалдарды меңгеру Сабақтың құрылымы оның кезеңдерінің жиынтығынан тұрады, бұл кезеңдер белгілі бір кезектестікпен өзара байланысып жатады. Оның ерекшеліктері: құрылымын жан-жақты ұйымдастыру, үнемділік, оқушылардың өзара байланысы, оқу үрдісінде тәрбиелеу. Бірақ оның кемшіліктері де кездеседі: оқытудың жалпыға бірдей жылдамдығы, оқушылардың дара ерекшеліктерін ескерудің қиындықтары, оқыту үрдісінің жеткіліксіз байланысы. Оқушылардың шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттыруда оқытудың әдістері мен құралдары, тіпті сабақты ұйымдастыру жағынан да өзгеше болатын дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің маңызы өте зор. Өз тәжірибемде дәстүрлі емес сабақтардың төмендегі түрлерін жиі өткізіп тұрамын. • Конференция, ауызша журнал • Жарыс- сабақтары, викторина, іскери ойындар • Репортаж, сұхбаттасу Оқушыларға дәстүрлі сабақтарға қарағанда аталған сабақтарды өткізу ұнағанымен, оларды өткізуді оқытудың негізгі формасына айналдырған дұрыс емес, себебі көп уақыт кетеді, жоғары нәтиже бермейді. Оқушылардың жауапкершілік сезімдерін жетілдіретін, олардың өз бетінше іздену арқылы дамуларына себін тигізетін, үлкен тәрбиелік маңызы бар тапсырманың бірі үйге берілетін тапсырма. Оқуға ниеттенген оқушыларды шет тіліне деген қызығушылығын тудыра білу үшін өз тәжірибемде оларды жан – жақты дамытатын үй жұмыстары қолданылады. Бұл жаттығуларды орындау барысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері артады, әрі лексикалық және грамматикалық материалдарды жеңіл үйренуге жол ашылады және өз алдымен жұмыс істеу дағдылары артады. Осындай жұмыс түрлеріне жататындар: • эссе, хат жазу: • слайд-презентациялар әзірлеу; • баяндама, реферат дайындау; • әңгіме, диалог құрастыру немесе оларды аяқтау, толықтыру; • жобалар дайындау; Аталған тапсырмалар оқушылардың сабаққа жан – жақты дайындалуына, көп ізденулеріне себін тигізеді. Сонымен қатар, үй жұмысын тексеру «мұғалім – оқушы» емес, «оқушы-оқушы» режимі арқылы жүзеге асады, ал мұғалім жұмыс барысын қадағалап отырады. Шет тілдерін оқыту барысында кейінгі жылдары «жоба қорғау» әдісі кеңінен қолданылуда. Бұл істе оқушы жеке тұлға ретінде көрінеді, ол өзін дамытумен қатар, қоғамдық өмірдің жақсаруына септігін тигізеді. Оқушы жобада өзінің қызығушылығын білдіре отырып, қоғам ретінде де, қоғамдық өмірдің мәселелерін шешу үшін өзінің ойларын ұсыну арқылы шығармашылық тұлға ретінде де қатысады. Жобаның тәсілі – оқушының белсенді жеке ойлауына бағытталған, әрі оны тек есте сақтап және айтып қана қоймай, сонымен қатар практикада қолданылуына бағытталған. Жобаның түпкі мақсатында мәселелерді шешу жатыр. Сол себепті оқушы ойлай білу қабілеттілігіне, шығармашылық әрі қарым – қатынас жасай білу қасиеттеріне ие болу керек. Бұл қабілеттерге мәтінмен жұмыс істеу, алған мәліметтерге талдау жасау, оны сараптау, қорытынды жасау секілді жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Оқушылар «жоба қорғау» барысында дискуссия жүргізе білу, пікірлесін тыңдай алу, өзінің көзқарасын айта білу және т.б. жатады. Жоба дегеніміз – орындалған жұмыстардың нәтижесі болып табылады және жобамен жұмыс оқушылардың лексикалық және грамматикалық материалды белсенді меңгерулеріне, олардың бұрын өткен материалды қайталауларына, мәселелерді шеше алуларына жол береді. Жобаның тәсілі оқушыға маңызы бар практикалық шешімге, нәтижеге негізделген. Жобамен жұмыс оқушыларға өзін күтпеген қырынан ашылуларына мүмкіндік береді. Жоба арқылы оқушы өзінің ұйымдастыру қабілетін бұрын – соңды көрінбеген таланттарын ашады. Шығармашылық жұмыстар жасату арқылы оқушыларды шет тіліне деген қызығушылықтарын арттыра аламыз. Жоба арқылы оқушылар шет тіліне қызығып, ойлай білу, шығармашылық ойлау қабілетін дамытады. Өз тәжірибемде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру үшін шығарма, яғни эссе жазуды көп қолданамын. Оқушылардың жазған шығармалары олардың сөйлеу қабілеттерін де арттырады. Оқушылар эссе жазумен сөйлесу, әңгімелесу кезінде айналыса алмайды. Бірақ олар әңгіме арқылы басқа оқушының ойын біліп, өз ойларын ортаға салуға, сол арқылы жазбаша тілдерін дамыта алады. Егер оқушылар эссе тапсырмасын сабақ үстінде орындайтын болса, олар не жазу, не туралы жазу және қалай жазу керектігін бір – бірінен сұрап, талдай алады. Әрбір оқушы жазған эссесін сабақта оқып, қалған оқушылар оған сұрақ қояды және жазылған эссені бірге тексере алады. Осыдан кейін мұғалім түзетілген эссені дауыстап оқып, басқа оқушылар оның қысқаша мазмұнын айтады. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру - белсенді процесс. Сондықтан әр сабақта олардың шығармашылықтарына көп көңіл бөлу олардың өмірге деген көзқарасын өзгертіп, шет тілін үйренуге деген қызығушылықтарын арттырып, тілдерін дамытатыны сөзсіз. | |
Просмотров: 796 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|