Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

Доклад на тему "Шет тілін үйрену барысындағы проблемалық мәселелер"
Шет тілін үйрену барысындағы проблемалық мәселелер.
Жаңа уақыт, кәсіби іс-әрекеттің жаңа талаптары, жалпы методологияға қоса, шет тілін үйрену барысындағы әдіс-тәсілдер мен нақты әдістемелерге де өзгерістер енгізуді талап етуде. Ақпараттық қоғам негізінде білім мен біліктілік адам өміріндегі құндылықтардың бірі болып, табылады. Білікті маман үшін бір тілді білу қазіргі қоғамда жеткіліксіз. Қазіргі маман өзінің саласы бойынша әлемдегі болып жатқан өзгерістерден, жаңалықтардан хабардар болу керек. Сол себептен ЮНЕСКО болашақ ғасырды полиглоттар ғасыры ретінде анықтап отыр. Осының негізінде шет тілін үйренудің маңызы өсіп, коммуникативті құзырлықтың қалыптасуына әсер етеді.
Шет тілін қарым-қатынас құралы ретінде үйрену жолдары соңғы кезде өзекті мәселеге айналды. Қазіргі кезде жеке тұлғаға бағытталып, оның потенциалды мүмкіншіліктерінің, ой-өрісінің, парасатының, адамгершілік қағидаларының және рухани дамуын, әр мәселеге сын көзбен қарау жүйесін қалыптастыруға бағытталған оқу түрлері кең тарай бастады. Оқудың осындай түрлеріне коммуникативті және жеке тұлғаға бағытталған бағыттар жатады.
Коммуникативті мүмкіншіліктерді жоғарғы деңгейде дамыту шет тілі оқытушыларының алдында тұрған негізгі, дәлме-дәл сонымен қоса өте күрделі мәселе оның шешімін табу үшін бір жағынан оқу іс-әрекетінің барлық түрлерінбірдей дамытуға арналғанжаңа әдіс-тәсілдерді меңгерумен қатар лингвистикалық құзырлықтарды қалыптастыру керек.
Екінші тұрғыдан қарастырғанда қарым-қатынас жасауды қарқынды түрде үйрететін жаңа оқу материалдарын ойлап табу керек. Бірақ жаңа әдіс – тәсілдерді қолдану барысында ескі әдіс-тәсілдерден мүлдем бас тартуға да болмайды. Олардың ішінен, уақыт сынынан өткен барлық пайдалы әдіс-тәсілдерді таңдап алу керек.
Адамдарды басқа тілдеқарым-қатынас жасауға, ой-пікірлерін анық және жүйелі түрде жеткізе алатынетіп, өз көзқарасын ашып айта алумен қатар, тілдік қарым-қатынасқа түсіп отырғанадамды тыңдаптүсіне алуға баулу тілдік қарым-қатынастың тек қана вербальды процесс емес екенін ескерген жағдайда ғана қарқынды болмақ.
Тіл үйренудің нәтижелі болуы тіл білуден басқа қарым-қатынас мәдениеті, жағдайы, ситуациялық тіл этикетінің ережелерін білуі, тілдік қарым-қатынас барысында ойды жеткізудің вербальды емес түрлерін білу, білім қорының жеткілікті болуы сияқты көптеген факторларға байланысты болады.
Шет тілін үйретудің мәселелерін жаңа тұрғыдан қарау барысында, мәдениет аралық қарым-қатынас, коммуникативті құзырлықтың қалыптасуы, оқудың мәдениеттік компонент жүйесінде болуы анықталды. Тілді мәдениеттен бөлек қарастыра алмаймыз. Ол дегеніміз біздің өмір сүру дағдымызды сипаттайтын практикалық дағдылар мен идеялардың жиынтығын бойымызға сіңірмей тіл үйрену мүмкін емес.
Бірақ заман талабы мен жоғары білімді мамандар даярлау деңгейі арасындағы алшақтықты мойындамасқа болмайды.
Заман талабына сай маман ол әрқашан біліктілігін көтеруге қабілетті болуы керек.
Белгілі бір сала бойынша негізгі даярлығы және білімі болуы керек, заман талабына сай маманға бір немесе екі шет тілін білу, оған ғаламдық қоғамдастыққа жол ашып, жер шарының әр түпкіріндегіөз әріптестермен қарым – қатынас жасауға мүмкіндік беретін, оның биліктігін дәлелдейтін міндетті жағдай. Бұның барлығы тіл үйрену барысындағы жан – жақты және тығылықты дайындықты қажет етеді. Қай тілде болмасын ақпарат пен жұмыс жасау үшін белгілі бір интеллектуалды біліктілікті қалыптастыруды қажет етеді,мысалы ақпаратты сараптай алу қабілеті, керекті фактілерді іріктей алу, оларды логикалық бірізділікпен өрбіту, дәлелдерді ұсына білу.
Сондықтан шет тілін үйрену процесін, ақпарат көздерін қолдана отырып, оқу процесін өзекті мәселелер арқылы қарқынды түрде қарастыруға болады. Проблемалық әдіс – тәсілдер жайлы сөз қозғағанда зерттеушілік, ізденушілік, дискуссиялық, проектіліқ әдіс – тәсілдерді атауға болады.
Проектілер әдісі оқу – танымдық әдістердің, іс-әрекеттердің белгілі бір топтамасының өз бетінше танымдық іс-әрекет нәтижесінде белгілі бір мәселені шешуге бағытталған шоғыры болып табылып, шыққан нәтижені нақты іс-әрекет жемісі ретінде ұсынуды қарастырады.
Дискуссиялық әдіс-ұсынылған мәселеге деген көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді, оны талқылау барысындағы, белсенділік, тілдік мәдениет, пайдаболған мәселенің себебін анықтау және осы мәселенің болашақтағы шешімін табу сияқты біліктіліктерді қалыптастырады. Дискуссиялық әдіс тілдің іс-әрекеттің барлық төрт түрін меңгеруге ғана көмектесіп қана қоймайды, сонымен қоса соц мәдениеттік ортада пайда болған проблеманы тілдік ситуация арқылы анықтап, оның пайда болу себебін анықтап қана қоймай, сонымен қоса мәселенің шешімін табуға көмегін тигізеді.
Ұсынылған әдістемелер жиынтығы мәдениет аралық қарым-қатынастың коммуникативтік құзырлығының ерекшелігінің қалыптасуын көрсетеді.
Соған байланысты оқушылар бойында жеке тұлғаны қалыптастыру барысындағы әлеуметтік маңыздылығы бар компонент-кретикалық ойлауды қалыптастыру кезінде оқу циклдарын алдымен талқылау жасаудың бастапқы дағдыларын қалыптастырып, пікірталас әдісінің көмегімен аргументтер беру, рольдік ойындарды аргументтер беру арқылы дамыта отырып, өзінің болашақ іс-әрекетін ұйымдастырудағы жоғары деңгейдегі автономияға жету сияқты маман дайындау барысындағы талаптарды сатылай қою керек. Оқытушы тек қана пікірталасқа бағдар беріп, талқылау сұрақтарын анықтап, қызықты проблемалық ситуацияларды айқындаумен айналысады, ал тіл үйренушілер ақпарат іздеу, талдау, сараптау сияқты жұмыс атқарады.
Батыс Қазақстан индустриалды колледжі
Категория: Английский язык | Добавил: aliasel (2016-03-24) | Автор: Кабдыгалиева Айымгул E
Просмотров: 880 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-12-19, 7:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru