Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Степногорск қаласының №9 орта мектебі Пән: ағылшын тілі Сынып: 3 Мұғалімі: Жараспаева Ж.А. Сабақтың тақырыбы: My city. Сабақтың мақсаты: Білімдік: «My city» тақырыбы бойынша оқушылардың лексикалық және грамматикалық дағдыларын дамыту;there is/are оралымын қолдану дағдысын жетілдеру, Pp әрпі бар сөздерді және оның транскрипциясын оқу дағдысын қалыптастыру; Дамытушылық: оқылған лексиканы белсенді ету сөздік қорды байыту арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту; шет тілдік мәдениетке оң көзқарас қалыптастыру; сабақтағы өз іс-әрекетін өз бетімен бағалау білігін дамыту; Тәрбиелік: өз отбасының үлкен/кіші мүшелеріне/ мұғалімге/ сыныптастарға , қонаққа құрметпен қарауға, жауапкершілік, тәртіптілік сезімін қалыптастыруға, бөтен адамның мүлкіне ұқыптылықпен қарауға, жеке басының қадірін сезіне білуге баулу. Күтілетін нәтижелер: пәндік: бастапқы тыңдау және айту дағдыларына ие болу, тақырып бойынша сөздерді білу және қолдана алу, тұрақты сөз оралымдарын білу және сөйлегенде дұрыс қолдана алу, сабақтың белсенді лексикасын дұрыс жаза білу; тұлғалық: оқытылатын тілге қызығушылық, өз мәдениеті мен шет тілдік мәдениетке, үлкендерге, құрдастарына құрмет таныту, жасы кішілерге қамқор болу; оқуға саналы көзқарасты қалыптастыру; жүелік-әрекеттік: сабақтың белсенді лексикасын берілген шағын тақырып шеңберіне тән жағдайларда пайдалану. Сабақты материалдық қамтамасыз ету: - Мұғалім үшін: CD ойнатқыш. - Оқушылар үшін: оқулық. Пәнаралық байланыс: дүниетану (қағамдық орындардың атаулары), қазақ тілі (пәндердің атаулары, қарапайым лингвистикалық ұғымдар: дыбыс-әріп-әріп тіркесі). Сабақтың барысы 1. Ұйымдастыру сәті. T: Good afternoon, children! Ch: Good afternoon, Good afternoon! Good afternoon to you! Good afternoon our teacher! We are glad to see you! T: I’ m glad to see you too! Thank you! Sit down! Tell me, please, what date is it today? What day is it today? 2. Үй жұмысын тексеру. Үй жұмысын лексикалық ойын арқылы тексеру. Say the name of the picture. 3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Children, we are going to talk about your city. What big cities in Kazakhstan do you know? Great! 4. Тірек білімді белсендіру. Фонетикалық жаттығу. Балалар, әдеттегідей сабақты фонетикалық жаттығудан бастайық. What letter is it? You are right, letter Pp. what sound is it? Yes, [p]. Let’s say together: pilot, plane. The pilot is in the plane. 5. Жаңа білім мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру. Оқулықпен жұмыс. Text. «My city». Exercise 1. Listen and translate. Track 31. I live in a big and beautiful city. There are many schools, museums and theatres in my city. There is a big hospital. There are many beautiful squares in the city. There is a bank, a library and a cinema in my street. There is a good café near the bank. There is a bookshop near the library. Exercise 3, p 39. Choose true or false. 1. There is a river in the city. False 2. There are two hospitals in the city. False. 3. There aren’t any cafes in the city. False. 4. There is one museum in the city. False. 5. There aren’t any buses in the city. False. 6. There is a bookshop in the city. True. 6. Бастапқы түсінікті тексеру. 3 жаттығу. Answer the questions about your city? Сергіту сәті Stand up, sit down Clap, clap, clap Point to the window Point to the door Point to the board Point to the floor Stand up, sit down Clap, clap, clap 7. Білім мен әрекет ету тәсілдерін бекіту. Дәптермен жұмыс 1 жаттығу. Unscramble the words. Оқушылар суреттерге сүйене отырып, әріптерді суреттін астына сөздер құралатындай етіп орналастырып, оқулары тиіс. E u m m s u- museum A e t e t r h- theatre R l y r a b i- library A l h o s p l- hospital 2 жаттығу. Put is or are. 1. There aren’t any trams in my city. 2. Is there a library in your city? 3. There isn’t a café in our street. 4. There isn’t a gym in my school. 8. Сабақтың нәтижелерін қорытындылау. Балалар, сабағымызды аяқтаудан бұрын оны қорытындылайық. Бүгін сендер қандай жаңа мағлұмат алдыңдар? Нені үйрендіндер? Қалай ойлайсындар, сабақтың басында қойылған міндеттерге қол жеткізе алдық па? Жарайсыңдар! Әрқайсысың сабақта жақсы жұмыс істедіңдер, әрбірің зейінді және белсенді болдыңдар. Енді жұмысымызды бағалайық. (смайлдар арқылы) 9. Бағалау. Смайлдар арқылы оқушалар өз өзін бағалайды. 10. Үйге тапсырма. Оқушыларға карточкаларды таратып, үй тапсырмасын түсіндіріп өту. 5 жаттығу. Circle the correct sentence. 1. Is there a historical museum in your city? a. Yes, there is. b. Yes, there are. 2. Are there any bookshops in your city? a. Yes, there is. b. Yes, there are. 3. Is there a library in your street? a. No, there aren’t b. No, there isn’t 4. Are there any hospitals in your city? a. Yes, there are. b. B. No, there isn’t. | |
Просмотров: 1183 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|