Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Үштұғырлы тілдің оқушы шығармашылығын дамытудағы рөлі Киюазова Алмагүл Жұмағазықызы Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы, білім беру саласындағы – қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан – жақты, ақыл – ой өрісі кемелденген оқушы тәрбиелеу мәселесін шешу қажеттігін қойып отыр. Өмір адамның алдына күрделі де, кезек күттірмейтін мәселелерді үнемі қойып отырады. Мұндай проблемалардың, қиындықтардың, күтпеген жағдаяттардың болуы бізді қоршаған ортада әлі де шешілмеген көптеген белгісіз нәрселердің бар екендігін көрсетеді. Бұл яғни, айналадағы әлемді одан әрі тану керектігін, жаңа үрдістерді, ерекшеліктерді, адам мен заттар арасындағы арақатынасты білуге бағытталған жаңалықты ашуды қажет ететіндігін көрсетеді. Бұндай мәселелерді шешетінеліміздің болашағы, рухани байлығы мол, білімді, кәсіби біліктілігі жаңалыққа сай, жоғары дәрежедегі өскелең ұрпақ. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Республикалық білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру ісін реформалаудағы стратегиялық міндеттерінің бірі – шығармашылық тұрғыдан бәсекелестікке сай, үш тілді жетік меңгерген, жан – жақты дамыған жеке тұлғаны оқытып – тәрбиелеу деп атап көрсетті. [1] Сондықтан да кез қелген мәселеге өзіндік ешкімге ұқсамайтын ой – пікірі бар, айналадағы өзгерістергедер уақытынданазар аударатын, рухани жетілген – озық ойлы, шығармашылық әлеуеті жоғары, көптілде сөйлейтін,шығармашылтұлғаны оқыту мен тәрбиелеу мемлекетіміздің білім беру саясатының өзекті мәселесі. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге де қойылатын талаптардың бірі – өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Осыған орай қазіргі таңда шетел тілі ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру – педагогикадағы ілгері міндеттердің бірі. Елбасы бастамасымен «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын дамыту басымдыққа айналып, соның ішінде жаңғыру жағдайында әлемдік интеграцияға кірігу тілі ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Көп тілді меңгеру – мемелекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым – қатынастардың аса маңызды құралы. Шет тілін оқыту арқылы өнегелік, эстетикалық жағынан жан – жақты дамыған, саяси – идеялық жағынан сенімді, еңбексүйгіш азамат тәрбиелеп, бүкіл оқыту үрдісінде қатынастық бағыт бере отырып, оның жалпы дүниеге деген көзқарасын қалыптастыра аламыз. Оқушы шет тілін оқи отырып, оның басқа тілдерден өзара айырмашылығын салыстырып, сөйлеу дағдылары, мәдениеті, ой – еңбегін оқытумен қатартеориялық әрі тәжірибелік міндеттерін меңгереді. Қай тілдің болмасын механизмін үйрену үшін сол тілдің жүйесі қалай құрылғанын, оны тәжірибелік жағынан қалай меңгеру керек екенін біледі. Сонымен қоса, оқушыларға ана тілінің негізінде ағылшын тілін үйрету, оларды өз ойын ауызша және жазбаша дұрыс баяндай білуге дағдылана отырып, ағылшын тілінде жазылған шығармалардың тіл байлығын, стилін, әр сөздің атқаратын идеялық – эстетикалық жүгін жете меңгеріп, кітаптарды өздігінен пайдалана білу тәрізді іскерлік дағдылары қалыптасып, адамзаттың ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетімен, білімімен қаруланады, сөйтіп, егемен еліміздің ұлттық мәдениетін, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін, тарихи құндылықтарын, ізгі тағылымдарын шет тілі арқылы дамытады. [2] Оқу орындарында оқытылатын ағылшын тілі кәсіби бағыттағы сипатқа ие болғандықтан, оның міндеттері белгілі мамандықтар бойынша даярланатын маман кадрларының коммуникативтік және танымдық қажеттіліктерімен анықтала келіп, мынадай құрамдас бөліктерден тұратыны белгілі: - Коммуникативтік іс – әрекет салалары, тақырыптар және шетел тіліндегі тілдесім жағдаяттары; - Тілдесім құралдары (лексикалық бірліктер, грамматикалық тұлғалар және құрылымдар, тілдесім орамдары); - Әлеуметтік – мәдени және лингваелтану білім негізі бар жанр, стиль, мазмұны жағынан әр түрлі сипаттағы мәтіндер және кәсіби білімнің кейбір элементтері; - Сөйлеу әрекетінің ауызекі және жазба түрлеріндегі тіл материалдарын тыңдап түсіну және қолдану; - Болашақ маманның қызмет саласы бойынша шетел тілінде ауызша және жазбаша тілдесе білуі [3]. Білім алушылар арасында орыс тілді балалар да кездеседі. Олардың дара ерекшеліктерін назарда ұстай отырып, түрлі тілдердегі ұғымдар сәйкестігі және баламасын табу, сөзжасам тәсілдері, тұрақты сөз тіркестері, үш тілдегі қандай да бір грамматикалық категорияның сәйкес келмеуі сияқты мәселелерге байланысты туындайтын қиыншылықтар бар. Ол үшін сабақтармен қатар интеллектуалды ойын, әдістемелік конференция, полиглот сияқты сыныптан тыс шаралар көптеп өткізу барысында оқушылар өздерінің пәнге деген қызығушылықтарын, тіл үйренуге деген құштарлықтарын көрсете біледі. Тілді меңгертуде теориялық біліммен қатар оқушыларға қосымша материалдар беріп, факультаивтік сабақтар мен сыныптан тыс шараларды ұйымдастыру және шет тіліне бағытталған үйірмелердің жұмыстарын жандандыру да оң нәтиже беретін іс. Айта кетсем, оқу орнымызда шет тіліне бағытталған бірнеше үйірмелер өз жұмыстарын атқарып келеді. Мысалы, «Мәнерлеп оқу», «Қуыршақ театры», «Аударма үйірмесі», «Драма үйірмесі» сынды үйірмелердің оқушылардың тілді үйренумен қатар, белсенділіктерін, жауапкершіліктерін, шығармашылық қабілеттерін шыңдап, креативті жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге де мол әсерін тигізеді. Оқушыларды шығармашылыққа баулудың тағы бір тиімді әдісінің бірі – баланың ой – қиялын, тіл байлығын, сөз саптау мәнерін дамыта отырып, оларды ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатыстырып, баяндамалар жазуға дағдыландыру. Осы орайда менің студенттерім де баяндама, мақала жазуда өз үлестерін қосып келеді. Айта кетсем, Атырау Бизнес және Құқық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Мәңгілік Қазақстан жобасы – жаңа дәуірдің кемел келбеті» атты облыстық студенттердің ғылыми конференциясына студентім Г.Өтепова «Тіл – еліміздің іргетасы» атты баяндамасымен қатысып, алғысхатпен марапатталып, баяндамасы жинаққа енді, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Ғылым және жастар: болашаққа қадам» атты студенттердің ғылыми конференциясына 3курс студенттері Г.Сүйіндікова «Көптілділік – өмір талабы», А.Таңатова «Білім кеңістігінде еркін самғауымызға жол ашық», А.Ізтұрғанова «Ағылшын тілін білудің маңыздылығы» тақырыбындағы баяндамаларымен қатысып, алғысхатпен марапатталып, баяндамалары жинаққа енді. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыруда атқарылатын жұмыстар төмендегідей болмақ деп ұйғардым: 1. Шығармашылық қабілеті жоғары, қабілетті оқушыларды оқытудың және дамытудың жеке бағдарламасын құру, оқу жоспарының ұтымды нұсқасын дайындау. 2. Оқу – тәрбие үрдісінде оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға ықпал ететін шетел тілін оқытудың ең тиімді жақтарын қарастыру және оны жүзеге асыру. 3. Шығармашылықпен ойлайтын қабілетті оқушыларды оқытуда ағылшын тілі сабақтарында жүйеленген мақсатты, әдісті, тәсілді, құралды таңдай білу. 4. Оқушыларға шетел тілін меңгертуде туындаған жағымсыз істер мен қиыншылықтардың алдын – алу, қолданудың тиімді жағдайын қарастыру. 5. Әр ұстаз оқушының креативтілік қабілетін, мінез ерекшеліктерімен байланыстыра отырып бағалай алуы. 6. Оқушыларғаүштұғырлы тілді меңгерту арқылы шығармашылық қабілетін арттыруда, әрі жұмыс жасауда педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру сапасына талап қоюды қалыптастыру. 7. Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң оларды дамыту жұмыстарын жүргізу. Яғни, оқушының мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, әрі ғылыми негіздеуге жоспар құру. 8. Шетел тілі сабақтарында жеке тұлғаға баға берілетін сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өзбеттілік білім алуға жетелеу: пәндік олимпиадалар, байқаулар, клубтар, үйірмелер, секциялар. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, креативтілік қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі кезде қоғамда шығармашылықпен ойлайтын, креативті, кез келген мәселені шешуде өзгелерге ұқсамайтын шешімдер ұсынатын адамдарға сұраныс артуда. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар, көп тіл меңгерген білікті маман қажет.Өмірде үлкен жетістіктерге жету үшін оқушы шығармашылығын ертерек дамытсақ, ол өз нәтижесін беретіні сөзсіз. ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев //Еркін елдің ертеңі – кемел білім мен кенен ғылымда// - Егемен Қазақстан.– 2004, 13 қазан (№255) – 1, 2 б. 2. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұханова Б.С., Бисенғалиева А.Н. //Шет тілін оқыту әдістемесі//- Астана, Фолиант 2007ж. – 37б. 3. Усербаева М.К. «Үштұғырлы тіл жобасы – ел болашағының кепілі» //Ғылыми – тәжірибелік конференциясының материалдар жинағы, ІІ том// Атырау, 2014ж. – 217б. 4. Киюазова А.Ж. //Магистрлік диссертация// Атырау, 2016ж. | |
Просмотров: 796 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|