Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Оқушы–оқу үрдісінің басты субъектісі, сондықтан баланың дамуына, оның ойлау қабілетін дамытуға және шет тілін меңгеру қабілетін арттыруға тиімді жолдарды таңдап алу қажет. Ағылшын тілін меңгертудің алғашқы деңігейінде оқушы мен оқытушының өзара ынтымақтастығы оқу процесіне қалыптастыру мен әртүрлі оқу іс-әрекетін қамтитын оқыту әдістерінің үйлесімдігі нәтижесінде жүзеге асырылуы тиіс. Видеоматериалдарды аұылшын тілін меңгертудің алғашқы сатысында пайдалану тілді үйретуде маңызды болмақ. «Видеоматериалдарды пайдаланудың маңыздылығы ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығын меңгертуде; ағылшын тілінде барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата және айта білуде; сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпіннің дұрыс қойылуын меңгертуде; әр түрлі сөйлемдерде дұрыс интонацияны таңдай алуда: (жай, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер) көрінеді»[1]. Видеоматериалдарды тақырыпқа сай іріктеп, таңдап алып оқыту төмендегідей мақсатты көздейді: -жаңа сөздерді естіп, көріп, жазу арқылы жаттап алуына мүмкіндік тудырады; - бастапқы деңгейде өзге тіл дыбыстарының айтылуын есту арқылы да қабылдауға жағдай туындайды; - шет тілін меңгерудегі алғашқы қиындықтарды жеңілдетеді; - оқушылардың қызығуылығы артады; - оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытады; - алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдануға үйретеді. Болжам: - Егер жаңа ағылшын тілін меңгертуде тиімді пайдаланса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі, зерттеушілік іскерлігі, шығармашылығы артады. Еліміздің өркениетті елдер қатарына ұмтылуына байланысты қазіргі кезеңде білім ең басты мәселе болып отырғаны баршамызға аян. Бұл білім берудің әлемдік деңгейіне сай болуды білдіреді. Олардың ең бастылары: -білімнің әрбір адам тағдырындағы мәнділігін күшейту үшін оның дара тұлғаға бағытталуы; -қоғамдағы рухани құлдыраудан арылу үшін білімді ізгілендіру; -әр баланың білім алудағы өз қабілеті мен ынтасына сай туындаған сұранысын қанағаттандыру үшін білім беруді саралауды күшейту; -көп нұсқалы білім алуға мүмкіндік жасау. Мысалы, видеоматериалдарды пайдаланудың маңыздылығы ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығын меңгертуде көрінеді. Ағылшын тілі сабағында видеоматериалдарды қолданудың маңыздылығын арттыру үшін мынандай міндеттерді орындау қажет: – ғылыми-педагогикалық әдебиеттерден видеоматериалдардың тиімділігі туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу. – жаңа ақпараттық технологияны ұйымдастыру үшін материалдық техникалық базаны жетілдіру, іс шаралар кешенін әзірлеу, тақырыптық жоспарға сай видеоматериалдарды іріктеу. Видеоматериалдарды оқыту үрдісіне енгізу негізінде: а) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген сабақтардағы оқушылардың білім деңгейінің көрсеткіштерін анықтау. б) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың білім сапасына әсерін зерттеу, талдау. в) ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы өткізілген дәстүрлі және электронды оқулықты қолданып оқытылған сабақтардың салыстыруына сараптама. Ағылшын тілін оқытудың бастапқы деңгейінде видеоматериалдарды қолдану процесінде күтілетін нәтиже: - Ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды кеңінен пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру; - Бүгінгі таңдағы ақпарат ғасырындағы өмірге бейімделген жан-жақты білімді жеке тұлға қалыптастыру; Осы жағдайлар өз шешімін тапқанда әлемдік білім кеңістігіне енудің маңызды шарттарының ең бастысы – оқушы құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі де іске асар еді. Ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды қолдану арқылы оқушылар тек шет тілін үйреніп қоймай сонымен қатар, мынандай жетістіктерге қол жеткізеді: – оқушылар электронды оқулықтармен және интернет желісімен жұмыс істей алады; – оқушының білімі қысқа мерзімде тілді меңгере алады; – интерактивті тақтаны еркін қолданады; – ақпараттық мәдениетін дамытады; – сабақта уақыт та үнемделеді; – оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамиды; – зерттеу дағдылары дамиды; – оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады; – әрбір оқушының шығармашылық мүмкіндігі ашылады. Ағылшын тілі пәнінен видеоматериалдарды пайдалану тиімділігі. Шет тілін үйретуде видеоматериалдарды қолдану білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты. Көптеген электронды оқулықтар мен оқу бағдарламалары, мультимедиалық оқу бағдарламалары жасалады және жасалып та жатыр. Сондықтан, бүгінгі таңда ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық – коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады. «Компьютер – мұғалімнің басты көмекшісі. Ең біріншіден, ол мұғалімнің еңбегін жетілдіреді. Көптеген материалдарды, дайын сабақтарды реттеп сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, компьютердің арқасында мұғалім әр сабаққа оқушылардың ерекшелігіне қарай және сабақтың мақсатымен міндетін ескере отырып, әртүрлі кеспелер, материалдар дайындай алады. Үшіншіден, сабақтың формаларын түрлендіре алады, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолдана алады. Мұндай жұмыс сабақтың әр кезеңінде іске асырылады»[2]. Сонымен бірге, видеоматериалдар сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді, тілді ғана үйретіп қоймай сол елдің мәдениетін, танымы мен салт-дәстүрлерінен хабар береді. Мәдениет басқа көзқарастарға қарағанда суреттелінетін бір концепция. Осы себепті мәдениет концепциясы кең ауқымды мағынаға ие. Мәдениет концепциясы жаңа тілді оқытудың мақсат еткен түсінігі бойынша, қолға алынса игі еді. Мәдениет дінді, өнерді, көркем туындыларды қамтыған кешенді бір алаң. Көзбен көрінбейтін, қолмен ұсталмайтын осы түсініктерді білім арқылы таниды, тіл арқылы жүзеге асырады, жасампаздығын қамтамасыз етеді. Ағылшын тілін меңгертудің бастапқы деңгейінде видеоматериалдарды қолданудың формалары мен әдістері. Видеоматериалдарды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді: -сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру, Оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау, - жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру; - сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау; -мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және т.б. Видеоматериалдарды төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады: 1. Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады. 2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді. 3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады. Ағылшын тілін меңгертудің бастапқы деңгейінде видеоматериалдарды қолдану оқушының оқуға мотивациясын арттырады және пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді: -оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді; -оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде); -оқушылардың ағылын тілі дыбыстарының айтылуын жылдам және тиімді меңгеруіне; -оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету; -жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау; -ақпараттық мәдениетттін дамыту. Дәстүрлі оқыту жүйесінен видеоматериалдарды қолданған сабақтардың түпкі айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық мұғалімнің рөлі өзгеруінде: ол білімнің негізгі бұлағы емес. Ол реттеуші, ұйымдастырушы, кеңес беруші. Бүгінгі электрондық оқулық ағылшын тілі сабақтарында интернет арқылы орындалады. Осыған байланысты мұғалімнің міндеті осы оқу құралдарды оқыту материалдың мазмұнымен байланысты видеоматериалдарды іріктеу. Осы міндеттерді сапалы, нәтижелі ету үшін мұғалім өзі интерактивті тақтамен, әртүрлі электронды оқулықтармен, және ғаламтор көзінде жұмыс істей білу керек. Ол үшін негізінде Activstudio, кітапхана және флипчартты қолдана білу қажет. Видеоматериалдарды пайдаланудың маңыздылығы ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығын меңгертуде байқалады. Айталық, Берілген сурет видеоматериалдан алынды. Бұл суреттегі chalkboard, calculator, book, computer, grade, school т.б. сөздернің жазылуы мен дыбысталуын есту, көру арқылы ұғынады. Видеоматериалдарды пайдаланудың маңыздылығы ағылшын тіліндегі дыбыстардың артикуляциялық айырмашылығын меңгертуде байқалады. Айталық, Берілген сурет видеоматериалдан алынды. Бұл суреттегі chalkboard, calculatr, book, computer, grade, school т.б. сөздерінің жазылуы мен дыбысталуын есту, көру арқылы ұғынады. Видеоматериалдарды бастапқы деңгейде тіл үйренушіге таныс қоршаған ортаға сәйкес материалдарды алған дұрыс. Мысалы тағам түрлері, табиғат т.б қоршаған ортаға байланысты заттар мен құбылыстар туралы материалдарды қамту қажет. Мысалы, Видеоматериалдардың басқа көрнекіліктерден айырмашылығы есту, көру арқылы тілді меңгеруге мүмкіндік туады. Киім атаулары туралы видеоматериалдарды көру арқылы зат атауларын жаттату, сол арқылы тіл үйретудің бастапұы сатысында оқушылардың сөздік қорын молайтуға қол жеткіземіз. Арнайы түсіндірушінің көмегімен зат атауларының жазылуы мен айтылуындағы кейбір ерекшеліктерді меңгертеміз. Мысалы жұмысымыздың А қосымшасындағы видеоматериалы арқылы бастапқы кезеңде тіл үйренушіге ағылшын тілі дыбыстарын оқытуда қолдану тиімді. Ал жұмысымыздың Ә қосымшасында берілген видеоматериалдарды жаңа сөздерді жаттатуда қолданамыз. В қосымшасында ұсынылған видеоматериалдар табиғат құбылыстары жайлы мәліметтер арқылы тіл үйрету мақсатын көздейді. АКТ-ны ағылшын тілі сабағында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Сабақтың қызықты да тартымды болуына сабақтың мақсатына жету үшін жоғары дәрежеде пайдалана білген ақпараттық-техникалық құралдардың мүмкіндіктері де оң әсер етеді. «Ақпараттық –техникалық құралды қолданып өткізген әр сабақ оқушылар ынтасы мен қызығушылығын арттыруда орны бөлек. Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды аудио-визуалды қабылдау мен көрсетілім оқушылардың алған ақпаратты сақтауының 20-30% -на ғана әсер етсе де, оқушылар өздеріне берілген тапсырмаларды талқылау, тәжірибе барысында бір-біріне үйрету, білім беру және үйрену барысында жақсы нәтижеге жете алды» [3]. Оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану –заман талабы. Cабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, бейнефильмдер көрсету, грамматикалық жаттығулар орындату, А,В,С деңгейіндегі тапсырмаларды орындату кезінде, мәтіннің дұрыс оқылуы арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне интернет беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты интернет сайттарына сілтеме беріп отырамын. Оқушыларға Интернет желісін қолданып, ашылған тізім ішінен Википедия сайтын таңдап ол туралы тағы да қысқаша мәлімет беремін. Бұл жердегі менің мақсатым оқушыларға интернет желісін өзімізді қызықтыратын қосымша ақпарат іздеуде дұрыс пайдалану және google мен wiki мүмкіншіліктерін көрсетіп, подкастинг жасауда қолдана білу болды. Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады деп күтіп отырмай, өздері ізденеді, зерттейді, таңдайды, шешеді, жасайды, жұмыстанады. Оқушы өзіне қажетті ақпаратты таңдап алып, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады. Өз бетінше ізденіп, дұрыс ақпаратты алып, оны өңдеуге үйренеді, компьютерлік сауаттылығы қалыптасады. Қазіргі ақпараттық заманда оқушыларды таңғалдыру мүмкін емес жағдай. Сондықтан, осы кезеңге дейін АКТ-ны қолдану дегенде слайд, презентацияларды қолдану керекпіз деген ұғым қалыптасқан болса, қазір АКТ-ның көптеген мүмкіндіктерін сабақтарда жүзеге асыра отырып, олардың пәнге қызығушылықтарын және нақты білімдерін көрсетпесе де, оған жетуде мол мүмкіндік беретіндігіне мұғалім ретінде көзім жетті. Бұрын оқушылардың ұялы телефондарын сабақта тыныштықты бұзады деп қолдануға тыйым салған болсам, ендігі көзқарасым басқаға өзгерді. Оны ақпаратты іздеу құралы ретінде сабақта пайдаланып, оқушы пікірімен санасу арқылы бірлесіп жұмыс жасауға болатынына көзім жетті. Әр сабағымда ұялы телефондарын, ноутбукті пайдаланып, берілген тапсырманы орындауға кіріседі. Олар телефонды тек байланыс құралы емес, сабаққа да пайдалануға болатынына көздері жетті. Себебі, кітапта жоқ ақпараттарды, электрондық құралдардың көмегі арқылы компьютерде өңдеу, интернет желісінен бейне (видео) арқылы көрсету, оны көшіру мұғалімнің жұмысын да, оқушының қабылдауын да жеңілдетеді деп ойлаймын. Осы модульде нұсқаулықта берілген подкаст, wiki-беттерімен жұмыстану мен үшінде, оқушы үшін де жаңалық болды. Алдағы уақытта осы жаңалықтарды оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асыру қажеттігін ұғындым. Мен өз сабақтарымда АКТ-ның мүмкіндіктерін тиімді қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырыстым. Сабақта қолданылатын ақпараттық технологияның бірі– интерактивті тақта. Интерактивті тақтаның сабақ үдерісінде оң нәтижеге жету үшін тигізетін әсері ерекше. Интерактивті тақтаны сабақта қолдану Activstudio бағдарламасының мүмкіндіктерін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бүкіл оқыту барысына коммуникативтік бағдар бере отырып, оқушылардың ауызша сөйлеу (монолог,диалог) тыңдап-түсіну,оқушыға өтілетін тақырып бойынша грамматика, лексиканы ұғындыру мақсатында, орындалатын әрбір тапсырманы және жүргізу барысында қолданылатын кестелерді, интерактивті тақтаны пайдалана отырып көрсеттім. Алайда интерактивті тақтаның қолдану мүмкіншіліктері өте көп. Мысалы, ActiveBoard электрондық тақтасы: материалды қызу талқылауға ерекше бөліп көрсетуге, нақтылауға, қосымша ақпарат қосуға, электрондық маркер арқылы түсін және сызықтың қалыңдығын өзгертуге; сөздер мен сөйлемдердің бір-бірімен байланысын көрсете отырып, тақырыпты немесе сөйлемді толықтай аударуға; flash–анимациаларды пайдаланып, өлеңдер мәтінін жаттауға, суреттермен слайдтар жасауға; ағылшын тілінде сөйлеушілердің дауысымен жазылған видео-роликтер көруге, сол тілде жазылған мәтінді тыңдауға; тест сұрақтарымен таныстырып, бір топ оқушыны тесттен өткізуге; суреттерді бір фонға қойып, суреттерді қимылдатып сөйлесу ситуациясын ұйымдастыруға; сөз-жұмбақтар шешуге, әртүрлі ойындар ойнатуға мүмкіндік береді; электрондық оқулықтарды экран бетіне шығарып көрсетуге болады.ActiveBoard тақтасының дайын бағдарламасын қолдану маңызды.Нәтижесінде оқушылар өз ойларын бағдарлама талаптарына сай үйретіліп отырған тілде еркін жеткізе алды, шетел тілін қатынас құралы ретінде пайдалана білді, пәнге деген қызығушылыықтары артты.Өткен тақырыпты қайталау мақсатында Activote құралы арқылы тест тапсырмасын өткізуде, Аctivote құралының тиімділігі оқушылардың жауаптары бірден бағаланады. Бұл әсіресе АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді. Оқу үдерісінде АКТ қолдану оқытушының жеке іс-тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. АКТ оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіндіктер береді. Ол оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, шығармашылықпен жұмыс жасауға жігерлендіреді. АКТ-ны ағылшын тілі сабақтарында қолдана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, техникалық құралдармен жұмыстануға, компьютерлік сауаттылықтарын қалыптастыруға болады. Жас ұрпақты оқытуда осы айтылған инновациялық технологияны пайдалану – сапалы білімнің кепілі, шығармашылық жетістіктің негізгі көзі және мұғалімнің кәсіби өсуінің тура жолы. Интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуі ақпараттық коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін дамыту бағытында қолданылады. Activstudio PE мұғалімдерге интерактивті сабақтарды өткізу барысында Activ-тақтаны қолдануға негізделген программалық құрылғы. Бұл бағдарламаның көмегімен оңай да, қарапайым түрде түрлі ресурстарды қолданып, оның ішінде мультимедиялық (дауыс, видеофайлдарды қою),сабақты электронды түрге айналдырып, көрнекті түрде өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, мағыналы флипчарттарды құру оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады. Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық. ACTIVboard(Promethean компаниясы) - ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы. ACTIVwand указкасы. Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard – интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға қолайлы құрал. ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп көрсетеді. ACTIVpanel-pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады. Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай-ақ тақтада жаза алады. ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы. ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт беттерінде жазу жаза алады. ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға, бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16 немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады. ACTIVote қолдана отырып: «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады. Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады. ACTIVstudio программасы ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған. ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда, презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар. Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады. «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады. «Активті экран» бағдарламалық -техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды. Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім қосымшаны іске қосу, CD-ROM, Web- түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады. Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге көмектеседі : • Пән бойынша базалық білімді меңгеру ; • Алған білімді жүйелеу ; • Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; • Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру • Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады. Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «мұғалім – оқушы» жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ, мұның барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие. Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде. Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте – мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан - жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Іс-тәжірибеде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін сабақта төмендегі іс-шараларды қолданудың маңызы зор. - Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың мүмкіндіктерін пайдалану. - Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын (проблемалық, ұйымдастырушылық іс - әрекетін компьютерлік ойындар және т. б.) сабақта жиі қолдану. - Проблемалық зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдістерін қолдану арқылы классикалық әдістерді жетілдіру. - Жаңа ақпараттық технология құралдарын ( жаңа типті компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедия – технология, интерактивті құрылғылар) пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық – техникалық базасын жетілдіру» [4]. Сабақ материалы Power Point презентациясы немесе мәтіндік ақпарат түрінде беріледі. Сонымен қатар, материалдың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер болады. Түсіндіру барысында мұғалім тақтаның алдында тұрып жасырулы ақпаратты және объектілерді көрсете алады және өзгертеді. Сабақтың соңында қолданылған материалды есте сақтап, қажет жағдайда қайталап қолдана алады. Мысалы, мына мәтін оқулықтан гөрі интерактивтік тақта арқылы берілсе оқушыларға әсері басқаша болады. Мәтінді қазақ тіліне аудар. About myself My name is Asanov Samat.I am ten. I live in Astana, in a new district. I am a schoolboy. My school is not far from my house and it takes me 10 minutes to walk there. I am in the fifth form. I like school. I’m very busy now preparing for classes and I have little time for my hobby, which is music and dancing. I’m also interested in books, and I like to watch cartoon.. I can play the piano a little and I like to sing our favourite songs with my friends . I have a lot of friends at school and we sometimes get together and discuss our school problems and plans for the future. As for me, I want to become a teacher. Интерактівтік тақтамен жұмыс істеу барысында жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталады, сонымен қатар PDF форматында да сақтап, оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады. Мұғалім алдын-ала дайындаған сабақты оқушының білімін , біліктілігін, дағдысын бақылауға бағытталған тапсырмаларды орындауға береді. Сабақтың барысында тапсырманы орындау бойынша ауызша түсіндіру жүргізіледі, интерактивтік тақтаны пайдалану арқылы теориялық материал қайталанады. Қажетті жағдайда, оқытушы тақта арқылы мысал есепті шығаруды, графиктерді құруды, құрал-саймандарды қолдануды көрсетіп түсіндіреді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, оған жеке тапсырма береді, оған қалғандардың көңіл бөлу үшін бағыт береді және бақылап отырады. Мұғалім алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған іс - әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға болады. Сонымен, интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары – презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді. Сонымен, « Активті экран » кешенін қолдану арқылы оқыту үрдісінде жаңа дидактикалық мүмкіншіліктерді ашуға мүмкіндік береді. Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады. Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Мысалы мына тапсырманы орындатамыз: Жақша ішіндегі сын есімдерді мағынасына қарай, қажетті шырайға қой. 1. Which is (large): the United States or Cana¬da? 2. What is the name of the (big) port in the United States? 3. Moscow is the (large) city in Russia. 4. The London underground is the (old) in the world. 5. There is a (great) number of cars and buses in the streets of Moscow than in any other city of Russia. 6. St. Petersburg is one of the (beau¬tiful) cities in the world. 7. The rivers in America are much (big) than those in England. 8. The is¬land of Great Britain is (small) than Greenland. 9. What is the name of the (high) mountain in Asia? 10. The English Channel is (wide) than the straits of Gibraltar. 11. Russia is a very (large) country. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға мүмкіншілік бар. Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды сурет салу панелінің «төртбұрыш» объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс жауаптарымен салыстыра алады («тік төртбұрыш» объектісін жылжыту немесе жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды пайдалану үшін сақтап қоюға болады. Үшінші режим – тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады. Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға, графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған (есеп шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты) және материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық- психологиялық жаңа проблемалары әлі толық шешілмегені. Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады [5]. Мұғалім үшін педагогикалық технологияны игеруі; сабақ уақытын тиімді қолдану, білімнің тереңдігі, жиелік қауымдастыққа, әлемдік ақпараттық кеңістікке шығу. Ал оқушы нәтижесінде пәнге деген қызығушылықтары артады, оқушының өз бетінше ізденіп шығармашылық белсенділіктері дамыды, білім, білік, дағды деңгейі қалыптасады, сабақта уақыт үнемделді, оқушылар интерактивті тақтамен жұмыс жасауды үйренеді, АББҚ оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлана білуге үйретеді, ағылшын тілін үйренуде тіл тосқауылының кедергілері азайды, АКТ–ны басқа модульдермен ыкпалдастырылып пайдаланады, ғаламтор желісін пайдалану арқылы үнемі жаңалықтар енгізіп отырды,бұрынғы білімі мен қазіргі алған білімін салыстыратын болды, алған білімдерін өмірмен байланыстырып отыратын болды. АКТ-сын қолданғанда оқушыларға ұсынысым: сабақта АКТ құралдарының қатарын түрлендіріп отыру, бастысы АКТ құралдарын оқушылардың өздеріне пайдалануға мүмкіндік беру, интернет жүйесін тек білім алу мақсатында қолдануға жетелеу керек. Кесте 1. Ақпараттық -коммуникациялық технологияларды қолдану оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру мақсатында жүргізілген эксперимент жұмыстың бастапқы және соңғы үлгерім сапасының деңгейін салыстырмалы түрде анықтау диаграммасы.Қорыта айтқанда, оқушыларды шығармашылыққа, өз бетімен іс-әрекет етуге бағытталған тапсырмалар саны көбейгенде ғана, өз пікірін айта алатын, оны дәлелдей білетін, өмірге деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, үнемі ізденіс үстінде болатын, қоғам дамуына үлес қоса алатын, көкірегі ояу, ізденімпаз, өзіндік шығармашылық жұмыспен айналыса алатын жан-жақты жетілген жас ұрпақ өкілдерін дайындай аламыз. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Блумфилд Л Краткое руководство по практическому изучению иностранных языков. – В. кн.: Ме- тодика преподавания иностранных языков за рубежом, М.: Прогресс, 196 с, 23. 2. Білім беру жүйесін 2010-2015 жылдарға дейін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасы. 3. Верещагина, Рогова. //Методика обучения английскому языку на начальном этапе в общеобразовательных учреждениях//. М., 1998, С29-34 4. Г. Исаева, Шет тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың кейбір ерекшеліктері. «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми конференцияның материалдары. Мектептегі шет тілі, 2011ж. №3 60б. 5. Гальскова Н.Д. Методика преподавания иностранных языков. М.: Академия 2006. – 336 с. | |
Просмотров: 3148 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|