Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда видеоматериалдарды қолдану
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда видеоматериалдарды қолдану

Қазақстан Республикасының тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі, ағылшын тілін меңгертуді жолға қою мақсатында ерте жастан оқыту қолға алынып отыр. Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруды жалпы жазба тілімен ауыз екі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей: «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа сай келетін сапалы білім беруіміз керек, сонымен қатар қазіргі мамандардың біліктілік деңгейін көтеруді де ұмытпауға тиіспіз», - деген міндетті белгілейді [1]. Біздің зерттеуіміз бүкілхалықтық талқылаудан өткен, өзектілігі күнбе-күн артып келе жатқан осы құжаттарда қойылған сұраныс бойынша зерттеу жұмысын жүргізуге арналады.
Оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруда жалпы жазба тілі мен ауызекі сөйлеу тілі тікелей байланысты. Оқушыларды шығармашылықпен ойлауға тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті. Сондықтан бұл жұмыс түріне ерекше талап қою керек. Мәтінді мазмұндауға үйрету жазбаша сұрақтарға жауап беруге үйрету, жоспар құруға, белгілі бір суретке тақырып қоя білуге, сол суретке қарап сөйлем құрауға мұғалімнің көмегімен өздерінің ойларын, қызықты іс әрекеттерін әңгімелеуге үйрету.
Қазіргі заман сөйлеудің үш түрі – ауызша, жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің жазбаша, электронды түрі қаншалықты маңызды болса – ауызша сөйлеудің мәні де соншалықты зор. Оқушылардың ауызша сөйлеуге баулу мәселесін нақты әңгіме ететін кезең келді. Бұл - әлеуметтік қажеттілік, заңнамалар талабы.
Видеоматериалдар арқылы тілді дамытудағы eң бacты мaқcaт – oқушыны cөйлeугe, яғни aйтaр oйын жeткізe білугe үйрeту болып табылады. М.C. Бaлaбaйкoның пікіріне сүйенер болсақ: «Cөйлeу – тілдік қaрым-қaтынac бaрыcындa aдaмның өз oйын жaрыққa шығaру прoцecі, өз cөзін eкінші бірeугe түcінікті eтіп жeткізуі. Cөйлeугe үйрeту дeгeндe мынaдaй ұғымғa мән бeрілeді: бұл-aдaм мeн aдaмның тілдік қaрым-қaтынacтa бір-бірімeн тілдecуі, cөйлecуі яғни бір aдaмның өз oйын eкінші aдaмғa aуызшa жeткізуі, cөйлeуі, aйтуы, coнымeн біргe aйтылғaн oйдың aдaмғa түcінікті бoлып, oны қaбылдaу aрқылы eкінші aдaмның oғaн өзіндік жaуaп қaйтaруы. Бұл cөйлeугe үйрeтудің бір aдaмғa ғaнa қиын прoблeмa eмecтігін көрceтeді. Oл тілдік кoммуникaция aрқылы жүзeгe acaды. Cөйлeу әрeкeті - тілді үйрeну жoлындaғы мaңызды бacпaлдaқ, қaжeтті шaрт қaнa eмec, oл-aдaмзaттың қoғaмдaғы oрнын, қызмeтін көрceтeтін күрдeлі әрeкeт. Өйткeні, cөйлeу әрeкeті aдaмдық қacиeтті білдірeтін бacты өлшeмдeрдің бірі. Aуызшa cөйлeугe үйрeту - тілді жaлaң үйрeну eмec, aдaмның жaлпы oйлaу қaбілeтін кeңeйту, жeтілдіру дeгeн cөз. Жaлпы cөйлeу әрeкeтін мeңгeру үшін мынa жaғдaйлaрды ecкeру қaжeт: Үйрeтeтін тілдe cөйлeугe дeгeн қaжeттілік; қoршaғaн oртa, жaғдaйдың әceрі; жeкe бacтың қaбілeті; cөйлeудің нeгізгі мaқcaтын aйқындaу» [2]. Ағылшын тілін оқытуда ауызекі сөйлеудің рөлі өте зор. Себебі ауызша сөйлеу арқылы адамдар бір-бірін түсінеді, өз ойларын айтады, дәлелдейді, естіген, айтылған хабарға өз көңілкүй қатынасын білдіреді. Сөйлеудің екі түрі бар. Олар: монологтық, диалогтық. Диалог - екі немесе бірнеше адамның сұрақ-жауап ретінде сөйлесіп, тіл қатысуы. «Диалогтық сөйлеу алдын ала жоспарланбайды, сөйлесу кезінде пайда болады. Оқушылар жалпы, арнаулы сұрақтарды қоя алуы, әр түрлі сұрақтарға жауап бере алуы, өтініш, бір нәрсемен келісетінін немесе келіспейтінін білдіре алуы керек. Оқушылардың сөйлеу қарқынын өсіру барысында және әр оқушы сөйлегенде кемдегенде екі реплика айтуы қажет. Диалогтық сөйлеуді дамытуда дискуссия-сабақ, экскурсия-сабақ, ойын-сабақ, талқылау сабақтарының рөлі зор. Монологты сөйлеуді дамыту сабақтары-шет тіліне оқытудағы негізгі сабақтардың бірі. Монологтық сөйлеу алдынала әзірленуді талап етеді» [3].
Ауызша сөйлеу әдістемесін суреттеуге келгенде ауыз екі тілде ойдағыдай сөйлеудің төмендегі негізгі шарттарын ескергеніміз жөн:
1) Ауызша сөйлеудің монологты және диологты формалары оқытудың барлық кезеңдеріндеқатар жүреді;
2) Тілді меңгеруге кешенді түрде ықпал ету жүзеге асырылады; яғни бұл ауызша сөйлеу мен оқытуға бір мезетте үйрету, тілдік және сөйлетуге арналған дайындық жаттығуларының жүйелі түрде орындалуы;
3) қосымша оқыту құралдарының жиі жиі қолданылуы;
4) лингафонда, компьютерлі кабинеттерде ауызша сөйлеуге бағытталған жаттығуларды кең көлемде қолдану. Ауызша сөйле ептілігін дамытуға үйретудің қажеттілігі, әсіресе диалогты құрастыра білуге үйрету, түсіне отырып тыңдауға үйретудің барлық торабымен тығыз байланысты.
Ағылшын тілін оқытуда тілдік тіректер арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту басты мақсат болып табылады. Егер оқушыларды ағылшын тілінде тілдік тіректер арқылы монолог түрінде сөйлеуге үйретсе, онда олардың сөйлеу қабілеттері, танымдық қызығушылықтары, мәтін мен жұмыс жасау кезінде шығармашылық дағдылары қалыптасып қана қоймай, олар ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтанады. Оқушыларды монолог түрінде сөйлеуге үйретуде тілдік тіректердің маңызы зор. Шетел тілдерін оқыту әдістемелерінде «тірек» ұғымы әртүрлі түсіндіріледі. Көптеген ғылыми жұмыстарда ол, стимул, әрекет жасауға түрткі ретінде қарастырылады. Мағлұмат түрткі бола алады, ал мұғалімнің міндеті оқушылардың тыңдаған,оқыған, көрген мәліметтерін дұрыс басқара отырып, оларды монолог түрінде сөйлету. Көп жағдайда тілдік тіректер сөз әрекетін ұйымдастырушы болып, олардың белгілі бір бағытта дамуына, оқушылардың сөйлегенде қате жасамауына дәнекер бола алады. Сөйлеудің монолог түрін қолдану үшін,сөйлеушіге белгілі бір мазмұн керек, ол сол мазмұнның негізінде сөйлемдер құра білуі тиіс, монолог сөздің ұйымдасқан түрі, сондықтан мұнда жекелеген сөйлемдер мен айтылымдар ғана емес, бүкіл хабар жоспарланып, бағдарлануы керек. Тілдік тіректер оқушылардың монолог түрінде сөйлеуіне көмегі зор. Көптеген әдіскерлер тілдік тіректердің cөзден мәтінге дейін, мынадай классификациясын ұсынады:
1. материалды көрсету негізінде;
-тілдік-кіші көлемдегі көруге болатын мәтін, жоспар, сызба, мақал-мәтелдер;
-бейнелеуші-кинофильм, диафильм, суреттер, кесте, түрлі бейнефильмдер;
2. cөз әрекетін басқару негізінде;
-мазмұндық тіректер (кім, не, қайда, қашан, қалай т.б. сұрақтар);
-мағыналық тіректер (неге, не мақсатпен, не үшін т.б. сұрақтар) [4].
Тілдік тіректер жалпы дидактикалық және методикалық принциптерді ескеріп төмендегі талаптарға сай құрылуы тиіс:
-өтіліп жатқан материалды ескеру қажет;
-тіректер түсінікті және көрнекі болуы тиіс;
Тілдік тіректер оқу процесін дамытып,оқушылардың монолог түрінде сөйлеу скерліктерін қалыптастырады. Оқушылардың танымдық қызығушылығын тілдерді оқыту үдерісінде қалыптастырудың дидактикалық шарттары:
-тілді оқытуда тың ақпараттарды және қазіргі технологияларды қолдану;
-тілді оқыту барысында белсенді әдістерді пайдалану;
-тілді оқытуда мәтінің мазмұнын жаңа технологияға және әлеуметтік саяси жағдайға сәйкестеп сұрыптау.Кез келген сөйлеу біліктілігін дамыту процесінде екі кезеңді,яғни сөйлеуге дайындық және сөйлеу кезеңін ескеру қажет.
Ауызша сөзді жетілдіру үшін жасалатын жаттығулардың көбі тіл және сөз жаттығулары түрі беріледі және ондай жаттығуларсыз оқушыларды сабақта сөйлету мүмкін емес. Оқушылардың сөйлеген сөзі жатық болу үшін олар тақырыптарға байланысты емес басқа сөздерді де білуі керек. Ондай сөздер қатарына сәлемдесу, әдептілік ишараттарын , өтініш, т.б.( Good day, May I…, Make up…,). Ауызекі сөйлеу үшін оқушының сөздік қорында зат есімдер мен етістіктердің, есімдіктер мен көмекші сөздердің болуының маңызы зор. Сонымен бірге көмекші сөздердің ішінде жоққа шығаратын сөздер, заттың қайда екенін білдіретін, модальді сөздердің, істің, қимылдың басталуын, аяқталуын, жалғасуын білдіретін сөздердің алатын орны ерекше. Осы сөздерді қамтитын ситуацияларға келсек,олар негізінен мынадай болады: Барлық әңгімелер өз елімізде болады да, ал сөйлесетін әріптестер шет елдіктер болады. Мұндай ситуациялар заттарға және қарым-қатынастарға байланысты болуы керек. Сонымен қатар суреттеу,пікірталас ситуацияларын да атаған жөн. Мысалы: заттарға байланысты ситуациялар:
а) Лондоннан келген оқушылар біздің оқушылардан қандай кітаптар,пәндер оқитындарын сұрайды. Бұған табиғат т.б, туралы суреттеулер де кіреді.
б) Көшеде: шетелдікпен көшеде, аялдамада кездесу. Шет елдік біздің қалада алғаш рет болғандықтан жол сұрайды.
Қарым-қатынас (пікірлесу) ситуациясы. а) Мектепте: отбасы туралы фильмді талдау.
б) Көшеде: автобуста шет елдікпен әңгіме.
Суреттеу ситуациялары.
а) Оқушы шет елдікке көшеде жол сілтеп, қаланы суреттейді. Лондоннан келген мұғалім оқушылардан мектеп туралы сұрайды. Оқытудың бастапқы сатысына арналған ситуациялар арнайы құрылуы тиіс. Лексиканы коммуникативтік мақсатта қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін алдымен оларды қандай әдіс-тәсіл арқылы үйрету керек деген сұрақ туындайды. Е.И.Пассов сөздерді коммуникативтік мақсатта қолдану үшін мынадай жағдайларды ескру керектігін айтады:
а) қажетті сөзді еске түсіру;
ә) сөзді өзіне қажетті ситуацияға сәйкес басқа сөздермен байланыстыра сөйлем құрап, дұрыс қолдана алу [5].
Ауызша сөйлеуге үйрету барлық сыныпта жүргізіледі. Оның әр сыныптағы мәні өзгеше екендігі анық. Оқушыларға жатық, шебер сөйлеуге баулудың мәні зор екендігі сөзсіз.
Шетел тілінің айтылуын үйреткенде сол тілдегі дыбыстардың ерекшеліктеріне, жергілкті диалектіге де көңіл аудару керек, себебі ағылшын тілінде дыбыстық ерекшеліктер және Англиядағы диалектің өзі бірнеше түрге бөлінеді. Ал қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктер болғанменде олар айқын көрінбейді, ал жергілікті диалектінің адамдардың бірін бірі түсінуіне қиыншылық әкелмейді. Қазақ тілінде дыбыстық ерекшеліктерінің өте аз болу себебі қазақ халқы көшпенді өмір сүрген, сондықтан халықтың барлығы бір тілде, бір тілдік бірліктерді және дыбыстарды қолданған.
Ал қазақ тілінде оқитын балаларға ағылшын тіліндегі айтылуды үйреткенде біраз қиыншылықтармен кездесеміз. Ол қиыншылықтар ағылшын тіліндегі кейбір дыбыстардың туған тілдегі дыбыстардан қатты айырмашылығы болуынан.
Құрылымдық лингвистика мен лингводидактиканың өкілдері Л.Ельмсиев, Л.Блумфилд, Ч.Фриз, Р.Ладо өз жұмыстарында былай деп танытқан: «…Шетел тілінің айтылуын дыбыстарға еліктету жаттығуларымен үйрету керек» [6].
Л. Блумфилдтің айтуы бойынша шетел тілінің айтылуын шетел тілі мен туған тілдегі дыбыстарды талдау және салыстыру арқылы үйрету керек десе [7], Ч. Фриздің айтуынша сөздердегі бір ғана дыбысты өзгертіп бір-біріне қарама-қарсы қойып салыстыра үйрету керек деген, мәселен: [nais-naiz], [pleis-pleiz]. Ч.Фриз алдымен дыбыстардың артикуляциясын суреттеп, еліктеу әдісімен жаттықтыру керек деген [8].
Тілді үйренуші ағылшын тілінде сөйлегенде кейбір дыбыстарды айтқанда өз тіліндегі дыбыстармен ауыстырып айтуға үйір болады. Сондықтан сөйлеуге дағдыландыруда видеоматериалдардың маңызы зор.
Ағылшын тілінің айтылуын лингвистикалық негізде үйрету.
Лингвистикалық негізде ағылшын тілінің айтылуын үйрету екі бөлімнен тұрады. Олар: физиологиялық фонетика және фонология.
Физиологиялық фонетика дыбыстардың құрылуын және тіл арқылы айтылуын зерттейді және түсіндіреді.
Фонология, ол тілдің фонетикалық қатарындағы компоненттердің атқаратын рөлін зерттейді және түсіндіреді.
Фонология – функционалды фонетика. Ол үш функцияны қарастырады:
1. Конститутивтік (құрастырушы)
2. Дистинктивтік (айырмашылықты білдіретін)
3. Рекогнитивтік (тану)
Конститутивтік функция, ол қандай да сөйлем тіпті ол бір буынды сөзден тұрса да, ол дыбыстардан құралады. Мысалы: I [ai]- мен, бұл сөз белгілі бір буыннан тұрады, бір екпін бар және белгілі бір тонмен (төменгі немесе жоғарғы) айтылады. Дыбысты немесе сөздің құрамындағы дыбысты айтқанда сөйлеуші немесе дауыстап оқып отырған адам бұл сөзді немесе фразаны басқа дыбыстардан тұратын сөздерден шектетіп айтады.
Рекогнитивтік жаттығулар дыбыстарды және олардың тәртібін ажырату қабілеттерін дамыту үшін арналған. Есту қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ауызша естіп тану әдістерін қолдануы керек. Мұғалім бірнеше сөздерді айтады, ал оқушылар жаңа дыбысты естігенде қолдарын көтереді.Сөйтіп мұғалім оқушыларының дыбыстарды ажырата алатынын біледі. Немесе мұғалім екі сөзді айтады да олардың қайсысы етістік екенін оқушылар ажырата алатынындығын білу үшін, олардан етістікті естігенде қолдарын көтеруін сұрайды.

Пайдаланылған әдебиет:
1. Зимняя И. А. //Психология обучения иностранному языку в школе//. М., Просвещение, 1991,С 97-102.
2. Зимняя И.А.//Игра и ее роль в психическом развитии ребенка//. «Вопросы психологии» №6. 1992, С 42
3. Карташова А. «Использование интернета в обучении иностранному языку»
4. Качалова К.Н., Израилевич Е.Е. « Практическая грамматика английского языка» Москва, « Лист Нью» 2003г. Стр.444, 485
5. Колыхалова, Ольга Алексеевна, Махмурян, Каринэ Степанова. Учитесь говорить по-английский, фонетический практикум.-М.: ВЛАДОС, 2004-стр. 158-175.
6. Комков И. Ф. //О некоторых методах начального обучения иностранным языкам в школе//, Государственное учебно-педагогическое издательство Министерства Просвещения БССР, Минск, 1987, С 54
7. Кузьмичева Т.Н. «Технические средства в обучений английскому языку». - М. «Просвещение», 2001.
8. М. Мақсұтқанова, Интерактивті тақта. Оқыту-тәрбиелеу технологиясы, 2010ж. 32б.
Категория: Английский язык | Добавил: 1234563893 (2017-04-19) | Автор: Светлана E
Просмотров: 2154 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-12-18, 5:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru