Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Үштілді мемлекет – заман талабы. Үш тілді меңгеру – жарқын болашақтың кепілі. «Әлемде Қазақстан халқы үш тілді білетін, жоғары білімді ел ретінде танылуы керек. Бұл: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикамен сәтті ықпалдасудың тілі»,-деген еді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Қазіргі заманның талабына сай, үщтілді мемлекетті қалыптастыру мақсатында ағылшын тілін үйренудің маңызы зор деп санаймын. Осы орайда, өзекті мәселелердің біріне айналған – мектептер мен колледждерде және университеттерде ағылшын тілін оқыту мәселесі. Себебі, ағылшын тілі - ол бизнестің, ғылымның тілі болып табылады. Жаһандық экономикаға ену үшін, бәсекеге қабілетті білімді де, білікті маман болу үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қажет. Біздің колледжде ағылшын тілінен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс – шаралар өткізіледі, оған студенттер қатыса отырып, өздерінің білімдерін шыңдай түседі. Бүгінгі студент – ертеңгі маман. Сондықтан, елінің ертеңін, болашағын ойлаған адам заман ағымына сәйкес дамуы тиіс. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан ағылшын тілін дәріптеуге көп көңіл бөлінеді. Осыған орай, жастардың тілге деген қызығушылығы арта берсін, еліміздің мәртебесін биік ұстасын деген сенім білдіргім келеді. Н.Б. Жапарова « Туризм және сервис индустриясы колледжінің» ағылшын тілі мұғалімі | |
Просмотров: 456 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|