[i][i]Садуақасова Зайраш Амангелдіқызы.
Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы
Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында еліміздің білім беру жүйесіне қазіргі кезде көптеген өзгерістер жүруде. Осыған орай еліміздің мектептерінің оқу үрдісіне инновациялық педагогикалық технологияларды енгізу белсенді түрде қолға алынып жатыр. Жеке түлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін деңгейлеп саралап оқыту, сын тұрғысынан ойлау, ақпаратты-коммуникациялы оқыту, жобалап оқыту, коммуникативті оқыту, модульді оқыту технологияларының негізгі қағидалары- балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оның өз бетімен білім алуына ықпал ету, қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуға қабілетті, өзіндік пікірін анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлға қалыптастыру, баланың танымдық жэне шығармашылық қабілетін дамыту болып табылады. Елімізде қолданылып жүрген технологиялар қатарында ағылшын тілін оқытуда коммуникативті оқыту технологиясы маңызы зор. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып жүрген ортақ міндет- тілді коммуникативті бағытта үйрету. Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: шет тілінде пікір алысуды пікір алысу арқылы үйрету, оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуі мен өзара тіл табысып, сөйлеуді дамытуы. Коммуникативті оқыту технологиясы дегеніміз пікір алысуға негізделген әдіс. Коммуникативтік – оқыту процесінің тілдік бағытын білдіреді, ол тіл дамыту жұмыстарының бір түрі. Тіл - қарым - қатынас құралы. Тіл игеру арқылы адам айналасындағы дүниені таниды, басқалармен қарым - қатынасқа түсе отырып оның ой өрісі кеңейеді.
Ағылшын тілін үйретудегі негізгі әдістемелік бағыттар- оқу үрдісі оңайдан қиынға қарай бағытталған, тілдік материалдар күнделікті өмір шындығынан алынған және оқу процесінде әбден шыңдалып, өңделген. Коммуникативті оқытуда білім беру- оқушының өзін ауызша ( тыңдап түсіну, сөйлеу) және коммуникацияға(оқу және жазбаша) тарту, яғни оқылып жатқан тілде бүкіл курс бойынша қарым-қатынасын қалыптастыру. Коммуникативтік әдіс ағылшын тілін оқытудағы оқу тәрбие үрдісінің барлық мақсат-міндеттерін қамтиды. Басты көңіл бөлінетін нәрсе ол сөйлеу және оқу. Оқушылар сөйлеу мен оқуды меңгергеннен кейін жазуды үйренеді. Сөйлеу мен оқу арқылы дұрыс нәтижеге жеткен оқушы өз ортасында ағылшынша еркін сөйлеп , тілді қатынас қүралы ретінде пайдаланады. Коммуникативті технологияны пайдалана отырып сабақ жүргізгенде жұптық, топтық жұмыстардың, ойынның, әннің, жобалау жұмысының маңызы зор.
Жұптық жұмыс барысында рөлдік ойындардың берері көп:
-басынан бастап сөйлеу ретінде жүргізілуі
-тілдік серіктестің шынайы болуы
-өздері ықылас білдіріп өз еркімен сөйлеуі
Топтық жұмыс кезінде:
-оқушылар өзара пікір алысып, сөйлеу қабілеті артады
-топ мүшелері арасында қарым-қатынас күшейіп, ұжым құруға септігін тигізеді
-өзгенің де, өзінің де ісін обьективті бағалауды үйренеді
-оқушылардың іскерлік қабілеті артады
Жоба жұмысын қорғау барысында:
-белгілі тақырып бойынша сұрақ-жауап түрінде пікір алысу
-қосымша мәліметтерге сүйене отырып сөздік қорды молайту
-монологты дамыту
-мәселелерді анықтау, көтеру және шешу
Оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту үшін: салыстыра отырып әңгімелесу, мәтін бойынша өз ойын ортаға салу, пікір алмасу, проблемалық сұрақтарды талдау, логикалық ой тұжырымын дамыта отырып сөйлеу, түйіндеу, ситуацияға байланысты сөйлеу, ойындар арқылы сөйлеу, сұраққа жауап беру, қорытындылау, өз пікірін айту сияқты сөйлеудің түрлерін қолдануға болады. Оқушының оқу іскерлігін дамыту үшін мәтін кеңінен қолданылады. Мәтін - негізгі қарым -қатынас қүралы. Мәтінді оқымас бұрын сұрақтар беріледі. Ол сұрақтар бойынша сол мәтіндегі мәселеге байланысты оқушы не біледі соны білу керек. Бұл жұмысты топ болып және жұптасып талқылауға болады.
Оқушыны еркін сөйлеуге үйрету үшін сөздерді қайталату, оларды еркін қолдана білуге үйрету, грамматикалық материалдарды, сөйлем құрылымын орынды қолдануға үйрету де басты назарда болу керек.
Тыңдап - айту. Сөйлеу үшін тыңдап түсінудің маңызы зор. Диалогты, әңгімелерді, мәтіндерді тыңдап, одан не түсінгенін анықтау үшін де әр түрлі әдіс - тәсілдерді қолдануға болады. Тыңдауға арналған мәтіндер оқылған тілдік материалға негізделіп құрылады. Оның ішінде 2-5% таныс емес сөздер қосуға болады. Тыңдалған әңгіме бойынша сұраққа жауап алу, сөз мағынасына назар аудару, сөз тіркестерін жазу,мәтінге ат қою, жоспар құру, ауызша қысқаша мәтіннің мазмұнын беру, әңгімеде естігенді өмірмен байланыстыру.
Жазу - сөйлеуге үйренудің басты құралы болып табылады. Жазуды көбінесе грамматикалық жаттығуларды орындағанда, мәтін немесе тақырып туралы не айтқысы келгенін білдіру үшін қолдануға болады.
Шетел тілін үйрену тұлғаның рухани жан дүниесін байытады, ой-өрістерін кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман талабы.[/i][/i]
|