Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ

Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік-экономикалық өміріндегі түбірлі өзгерістерге байланысты білім жүйесінде және оның мазмұны мен оқыту технологиясында да өзгерістер болып жатыр.
Қоғамның жаңа деңгейге көтерілуі, оның қозғаушы күші болып отырған жастарға білім беру ісінде өткен тарихы тәжірибелерді ой-елегінен өткізіп, жаңа заман талабына сай қолдану болып табылады. Сондай қажеттіліктердің бірі - ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру. Бұл мәселенің нәтижелі жүзеге асуы оқушылардың танымдық белсенділіктері бойынша толық білім сапасынан және оны практикада пайдалана білу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Сонымен қатар, ақпараттық технологияларда әр түрлі дидактикалық әдістерді пайдаланудың өзіндік бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері бар. Оқушыларға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың заман талабы екені белгілі. Өйткені, олардың мектептегі жұмыс сапасының кепілі. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесінің басты міндетінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Ұлы ғалымдар, педагогтар әл-Фараби, Я.А.Коменский , И.Г.Песталоцци, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский, Ы.Алтынсарин оқытудың негізінде оқушылардың ой дербестігін арттыруға, оларды өздігінен білім алуға үйретуге ерекше көңіл аударған.
Қазіргі заман талабының мақсаты ақпараттық технологияларды мектептің оқыту үрдісінде пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды ғылыми теориялық тұрғыда негіздеу болып табылады.Соңғы жылдары қоғамда болып жатқан ғылыми жаңалықтар мен білім беретін мекемелердің дамуында оң өзгерістердің көбеюі олардың өмірмен байланысының нығаюы сияқты факторлардың ықпалы зерттеушілер мен әдіскерлердің танымдық белсенділікті дамыту теориясына деген ықыласын күшейте түсуде.
Философиялық сөздікте: «Таным – іс-әрекетінің адам мақсаттары ұмытылыстарының негізі болатын білімін қалыптастырушы, шығармашылық қызметінің қоғамдық-тарихи процесі. Таным, көбінесе, рухани өндірістің (ғылыми, эстетикалық, этикалық, діни-парасаттық қызметтің және т.б.) түрлі салаларындағы кәсіби мамандардың ерекше функциясы ретінде көрінеді – деген анықтама берілген.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде белсенділік ұғымына былайша анықтама берілген: «Белсенділік –
1) психологиялық, философиялық қағида. Салдардың өзі әсер еткен заттың белсенді қатынасының нәтижесі. Қаржылылықты, ынталылықты, жігерлілікті, тынымсыздықты білдіреді. Орынсыз белсенділік және шығармашылық белсенділік болады; 2) күнделікті іс-әрекетке (ойын, сабақ, еңбек) кездесетін міндеттерді шығармашылықпен орындай білу қабілеті. Тек белсенді адамдар ғана мақсатқа жету барысында батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады.
Оқытудағы белсенділік – мұғалімнен оқытудың солай қойылуын талап етеді, қайсысы оқушыларда ынталықты, тұрақтылықты, терең білім алуына мүмкіндік жасауды көздейді. Сонымен бірге оқушыларда іскерлікті, дағдыны, ойлауды, бақылағышты есі мен сөзін және шығармашылықты қалыптастыру.
Танымдық белсенділік – психологиялық белсенділіктің жоғарғы түрі.
Қазақстандық педагог-ғалымдар Ж.А.Қараев оқушылардың танымдық әрекетін арттыру жолдарын компьютерді қолдану арқылы; Т.С.Сабыров оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолданудың негізін қарастырса ; Н.А.Дарханов жаңа тұрпаттағы мектептердегі оқушылардың белсенді танымдық іс-әрекетінің моделін жасап, оның белгілері мен деңгейлерін анықтаған.С.Қалиев оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың сабақта және сабақтан тыс уақытта ұйымдастыру жолын айқындап береді. Яғни пән апталықтарын өткізу, әр түрлі байқаулар, сайыстар, олимпиадалар, турнирлер, интеллектуалдық жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуға болады.
Ақпарат ұғымы (латын тілінен “іпformation” – түсіндіру, мазмұндау)- бұл мәлімет халықтың ауызша, жазбаша немесе басқа да әдістермен (шартты белгілер көмегімен, техникалық құралдар және т.б.):”қоршаған орта әлемі туралы түсінік беру, ондағы үрдістің өтуі, адамның оны қабылдауы немесе арнайы құруы”.
Ақпарат адам әрекетіндегі барлық жағдайды қамтиды. Академик Ю.А.Ершов атап көрсеткендей, жақында, бірінші жоспарға енетін жас ұрпақтың ақпарат ғасырына сәттілікпен өтті. Ол: ”ХІХ ғасырдағы елеулі оқиға болып, адамның салыстырмалылықтың мәнін түсініп салыстырмалы теориямен келісе отырып, адамзат үш өлшемдік кеңістік әлемде емес төрт- өлшемдік кеңістік уақыты әлемінде өмір кешуде ХХ ғасыр ақпараттың тағы бір өлшемін анықтады “ - деп атап көрсетті.
Қазіргі заманның ақпараттық технологиясын оқушыға игерту - бүгінгі басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді шешіп алуымыз керек:
1. Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу;
2. Мектептерді білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулық басылымдарымен қамтамасыз ету;
3. Дарынды балалардың қабілетін дамытып, олардың шығармашылықпен жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету;
4.Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау;
Инновация (латын тілінен аударғанда) - жаңарту, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті білдіреді. Инновация – оқу-тәрбие процесінің ағымы мен нәтижесін жақсартуда педагогикалық жүйедегі өзгеріс. Қазіргі күні инновация деп көбінесе жаңа технологияларды, әдістер мен құралдарды жасау және қолдануды айтса, сонымен бірге жаңа идеяларды, процесстерді бірлікте жетілдірудің де жүйесі. Сондықтан, оқыту мен тәрбиедегі жаңа технология инновациялық идеяларды енгізу, жаңарту нысаны болып табылады.
Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең – оқып, үйрену, 2 кезең – меңгеру, 3 кезең - өмірге ендіру, 4 кезең – дамыту. Инновацияның, жаңа енгізулердің екі жағы бар: пәндік және процессуалдық.
Инновациялық үрдістерді ендіру үш өзара байланысты күшпен анықталады:
1) Енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; 2)Жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; 3) Жаңалықты енгізу жолдарымен. Сондықтан бұл уақыт ағымына байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады.
Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды мынадай өлшемдер арқылы анықтауға болады:
1) педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы;
2) ақпараттық технологияларды пайдалануда танымдық дербестігі, шығармашылық іс-әрекеті;
3) инновациялық технологияларды тәжірибе жүзінде пайдалана білуі.
Жоғарыда көрсетілген өлшемдер негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың үш деңгейі (төменгі, орта, жоғары) анықталды.
Төменгі деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытпайды; танымдық тапсырмаларды орындауға ынта-ықылас қоймайды; ақпараттық технологияларды өз бетінше ізденіп оқымайды; өзін-өзі бақылауға көңіл бөлмейді.
Орта деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық танытады; білімді игеруге ынталы жұмыс істейді; оқу-танымдық іс-әрекетте қиындықты жеңуге белсенділік танытады; ең басты нәрсені ажыратады, осы негізде мақсат қояды, бірақ оны міндеттерде нақтыламайды; ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді;
Жоғары деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызғушылығы басым, оны шынайы сезіммен қабылдайды; берілген тапсырманы орындауда қиындықтарды жеңуге ұмытылысы жоғары; мақсаттар мен міндеттерді анықтай біледі; шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде атқарады; өз бетінше білім алады; жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес өзін-өзі бақылайды.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің көрінісі туралы төмендегідей сауалнама беруге болады.
1.Сабақта тапсырманы орындаған кезде белсенділік таныта аласыз ба? 2.Танымдық тапсырманы орындағанда мұғалімнің көмегі қажет пе?
3.Өзіңіздің танымдық іс-әрекетіңіз өз дәрежесінде дамыған деп ойлайсыз ба? 4.Өзіңіздің танымдық іс-әрекетіңіз өз дәрежесінде дамыған деп ойлайсыз ба? 5.Өз бетіңізше біліміңізді жетілдірудің әдіс-тәсілдерін білесіз бе? 6.Орындалатын жұмыстың мақсаты мен мәнін анықтай аласыз ба? 7.Ақпараттық технологияларды өз бетіңізше талдауға, салыстыруға, қортынды шығаруға, ой қортындысын жасауға мүмкіндіктеріңіз бар ма?
Сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда оқушылардың алған ұғымдарын нақтылау, абстрактілі ойлауға көшу, заттарды жіктеу, жинақтау, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу арқылы дербес іс-әрекеттер орындап, зерттеу және бақылау жүргізу, салыстыру дағдылары қалыптасады.
Оқушылардың маман ретінде қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, саналы білім алуы басты негізгі күш болады. Сабақ беру нысандарын таңдау кезінде оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден гөрі іздемпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалануда танымдық қызығушылықты, оқушылардың танымдық белсенділігін қалаптастыруға септігін тигізеді. Сондай-ақ оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда жалпы орта білім беретін оқу орындарында проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің, пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу үрдісінде оқушылардың ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың, өзіндік жұмысқа баулудың, оқып-үйрену барысында тақырыптық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше.
Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру – оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін мен іздемпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.
Жалпы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту өзекті мәселелердің бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға бағдарлануы, алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың дайындығына байланысты болады. Қорытындылай келгенде төмендегідей ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:
- қазіргі кезде қоғамның, ғылым мен техниканың дамуы оқушыларға берілетін білімнің сапасы жоғары деңгейде болуды талап етеді;
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту арқылы қоғам талабына сай рухани дүниесі бай, ой-өрісі кең, жан-жақты дамыған, білімі-біліктіліктің тірегі болатын, жауапты да, жігерлі маман даярлауымызға болады;
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуда өзіндік жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, семинар және практикалық сабақтарды проблемалық сипатта жүргізу, қажетті әдіс-тәсілдердің тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді;
- оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ақпараттық технологияларды бағдарлама мазмұнына енгізу оқу үрдісінің тиімділігін арттырады.
Әрине,оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың мәселелерін толық қарастыру мүмкін емес.Сондықтан біз осы тақырыпты ары қарай дамытуда мынадай ұсыныстар айтамыз:
1) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде пән сабақтарында оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру.
2) Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.
Әдебиеттер тізімі:
1. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың әдістемесі.
ҚМУ. Хабаршы N 30, 2010ж
2. Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту сипаты мен ерекшелігі. Алматы, Хабаршы N 20, 2010ж
3.Аюбаева Т Ақпараттық технологиялар оқыту үрдісінде. // Қазақстан мектебі 2008 № 9 65 б.
Категория: Английский язык | Добавил: Жанка (2012-02-25) | Автор: Тусупова Мария Абылқайқызы E
Просмотров: 5769 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2024-11-18, 9:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru