Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыруда қолданылатын тәсілдер Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа Зеландия, Аустралия және басқа елдердің ана тілі болып есептеледі. Одан басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып саналады. Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі болып саналады. Ағылшын тілі — дүние жүзіне ең кең таралған тіл. Алты құрлыққа кең тараған бұл тілде қазір 400 млн-нан астам адам сөйлейді. Қазақстанда да 20-ғасырдың 50-жылдарынан бастап Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, өзге де жоғары және орта оқу орындарында ағылшын тілі оқытылып мамандар дайындалды. Жеке пән түрінде мектеп бағдарламаларына енгізілді. Елбасымыз өз жолдауында үш тілді меңгеру қазақстандықтардың өздері үшін міндетті шарт екендігін және 2020 жылға қарай ағылшын тілін меңгерген халықтың үлесі кем дегенде 20 пайызды құрауы қажет екендігін атап өтті. Қазіргі кезде мектептерде ағылшын тілін меңгеруге аса көп көңіл бөлінген. Барлық мектептерде дерлік ағылшын тілі бастауыш сыныптардан бастап оқытыла бастады. Мектеп оқушылары ағылшын тілінде еркін сөйлеуді мақсат етеді, себебі олар өзінің болашақ оқуы мен қызметіне шетел тілінің кажет екендігінін жақсы түсінеді. Қазіргі таңда ағылшын тілі мұғалімдерінің басты мәселесі оқушылардың шет тілін оқуға деген қызығушылығын дамыту. XXI ғасыр жаңа технологиялар ғасыры. Сондықтан қазіргі күні шетел тілін түрлі жаңа технологияларды қолдана отырып оқушы қызығушылығын арттыруға және шет тілін жылдам әрі тиімді үйреніп алуға болады. Сондықтан мұғалім оқушыны ынталандыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты төмендегідей жолдармен өткізуіне болады: -Сабақта тақырыпқа байланысты схемаларды, кестелерді, суреттерді кең көлемде қолдану; -Интерактивті тақтаны қолдану арқылы тақырыпқа қатысты слайд-шоу, бейнетаспаларды көрсету; -Сабақты ойын түрінде өткізу; -Сабақта техникалық құралдарды тиімді қолдану; Пәнге деген қызығушылықты арттыруда ең көп қолданылатын тиімді тәсіл сабақты ойын түрінде өткізу болып табылады . Сабақты ойын түрінде өткізу оқушылардың грамматиканы, лексиканы тез меңгеруге, сөйлеу және есту қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар ойынды сүйіспеншілікпен мұғалімдер де, оқушылар да ойнайды. Себебі ойын балалар үшін еліктіргіш сабақ болып табылады. Ойын кезінде жақсы оқитын оқушылар да, нашар оқитын оқушылар да тең. Сол себепті ойын кезіндегі теңдік сезімі, оқушының тапсырманың қолынан келетінін сезінуі, еркін атмосфера әрбір оқушыға өз бойындағы ұялшақтық сезімін жеңуге, өз ойын еркін білдіруге, топта бірлесе жұмыс істеуге көмектеседі. Ойындар келесідей маңызды әдістемелік тапсырмалардың орындалуына мүмкіндік туғызады: 1. Балалардың сөйлеу арқылы араласуына психологиялық дайындығын жасауға; 2. Балалардың тіл материалын көп қайталауына табиғи қажеттілікті қамтамасыз етуге; 3. Сөйлеудің жалпы алғанда күтпеген жағдайға дайындығы болып табылатын оқушылардың қажетті сөйлеу үлгісін таңдап алуға жаттықтырады. Белгілі ғалым М.Ф. Стронин өзінің “Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар” кітабында ойындарды келесідей категорияларға бөлді: лексикалық ойындар, грамматикалық ойындар, фонетикалық ойындар, орфографиялық ойындар және шығармашылық ойындар. Сонымен қатар сабақта электронды кітаптарды пайдаланудың да маңызы өте зор. Себебі ол оқушының танымдық көзқарасын қалыптастыруға, ізденісін ұлғайтуға, шығармашылық қабілетін арттыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға көмектеседі. Оқу процесінде жаңа технологияларды қолдану аса маңызды. Өзімізге белгілі жаңа технологияларды қолдануға көп үлес қосып жүрген зерттеуші ғалымдар қатарына У.С.Полат, Е.Н.Дмитреева, С.В.Новиков, Т.А. Помелова жатады. Шыныменен жаңа технологияларды оқыту үрдісінде қолдану үлкен рөлге ие болып, барлық сфераларда қолданылуда. Интернет-технологиялар ақпаратты іздеуге, халықаралық ғылыми жобаларды әзірлеуге,ғылыми зерттеулер жүргізуге үлкен мүмкіндіктер туғызады. Сондықтан ағылшын тілі сабағында оқушының оқу-танымдық көзқарастарын дамыту үшін, ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын арттыру ең біріншіден ұстаздарға байланысты. Қорыта айтқанда, шетел тілін меңгеру өте маңызды. Ол оқушылардың ой-өрістерін кеңейтеді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасауға бағыт алып отырған бүгінгі білім беру жүйесінде әлемдік стандарттар талабының негізгі компоненттерінің бірі деп танылған көптілдік оқытуға көңіл бөлу бүгінгі заман тапсырысы болып табылады. Шетел тілінің мұғалімі оқытудың жаңа технологиясын жан-жақты меңгеріп, соңғы жарық көрген ғылыми әдістемелік әдебиеттердегі тәжірибелі ұстаздардың оқыту әдістерін оқып үйреніп, оларды өз жұмысында орынды қолдана білуі керек. Елбасымыз Н.А.Назарбаев айтқандай “Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында”. Сондықтан біз-ұстаздар ХХІ ғасырдың біздің алдымызға қойып отырған барлық талаптарына сай болып, үздіксіз білімімізді көтеріп отыруымыз қажет. . Қолданылған әдебиеттер: 1. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. Под ред. Полат Е.С. М., 1999. 2. Полат Е.С. 2. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын жаттықтырушы ойындар М.Ф. Стронин 3. http://kk.wikipedia.org | |
Просмотров: 9246 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|