| Главная » Статьи » В помощь учителю » Английский язык |
| Грамматика Verb TO BE (TO BE етістігі) – “болу”, “орналасу” дегенді білдіріп, бір іс-әрекеттің болуын, орналасуын білдіреді. Мысалы: I am 18 years old – Мен он сегіз жастамын. Біреудің жасының он сегізде болғанын білдіріп тұр. He is in Almaty – Ол Алматыда. Оның Алматыда орналасқанын білдіріп тұр. Askar is from Kazakhstan – Асқар Қазақстан елінен. Адамның қай жерлік екенін, қандай да бір жерден болуын білдіріп тұр. She is a student – Ол (қыз бала) студент. Оның студент екенін білдіреді. Affirmative form. Singular (Болымды форма. Жекеше түрде) S i n g u l a r I (Мен) am a pupil Мен оқушымын I am = I’m You (Сен) are a student Сен студентсің You are = You’re He (Ол /ер кісі/ ) is a teacher Ол(ұл) мұғалім He is = He’s She (Ол /әйел кісі/ ) is a doctor Ол(қыз) дәрігер She is = She’s It (Ол /жаны жоқ зат/ ) is a table Ол(зат) үстел It is = It’s Болымды түрде бірінші кезекте бастауыш тұрады, олар I, you, he, she, it. Содан соң етістік, анығырақ айтсақ TO BE етістігінің көмекші етістіктері (Auxiliary Verbs). Олар: am, are, is. Сөйлемнің ең соңында толықтауыш қолданылады. Олар кестенің 3-бағанасында тұр. Олар: a pupil, a student, a teacher, a doctor және т.б. Ал кестенің соңғы бағанасында көмекші етістіктердің қысқарып қолданылуын көріп тұрмыз. Бірақ ол сөйлемнің мәнісін өзгертпейді. Affirmative form. Plural (Болымды форма. Көпше түрде) P l u r a l We (Біз/Біздер) are pupils Біз оқушымыз We’re pupils You (Сендер/Сіздер) are students Сендер студентсіңдер You’re students They (Олар) are teachers Олар мұғалімдер They’re teachers Көпше түрде де жекеше түрдегі сияқты бірінші бастауыштар we, you, they қолданылады. Олардан соң үшеуіне ортақ are көмекші етістігі. Ал сөйлем соңында толықтауыштар қолданылады. Олар pupils, students, teachers болып, көпше түрде жекеше түрдегідей алдына артикль қойылмайды және соңына көпше түрді білдіретін –s жалғауы жалғанады. Кестенің ең соңғы бесінші бағанасында көмекші етістіктер қысқартылып қолданып тұр. Тағы да ескертейік, сөйлемде көме кші етістік қысқартылып жазылса да, толық жазылса да бәрібір сөйлемнің мағынасы өзгермейді. Negative form. Singular (Болымсыз форма. Жекеше түрде) I am not a pupil Мен оқушы емеспін I’m not You are not a student Сен студент емессің You’re not немесе You aren’t He She is not a teacher Ол (ұл/қыз) мұғалім емес (S)He’s not немесе (S)He isn’t It is not a table Ол үстел емес It’s not немесе It isn’t Болымсыз формада көмекші етістіктен соң, not болымсыз шылауы жалғанып, қазақ тіліне емес деп аударылады. Тағы да соңғы бағанада not шылауымен көмекші етістіктің қысқартылып жасалуын көруге болады. Negative form. Plural (Болымсыз форма. Көпше түрде) We are not pupils Біз оқушы емеспіз We’re not немесе We aren’t You are not students Сендер студент емессіңдер You’re not немесе You aren’t They are not teachers Олар мұғалімдер емес They’re not немесе They aren’t Көп ше түрде де болымсыз формада көмекші етістіктен соң, not болымсыз шылауы жалғанып, қазақ тіліне емес деп аударылады. Interrogative form. Singular (Сұрақ форма. Жекеше түрде) Am I a pupil? Мен оқушымын ба? Yes, you are (Yes, you’re) / No, you are not (No, you’re not / No, you aren’t) Are you a student? Сен студентсің бе? Yes, I am (Yes, I’m)/ No, I am not (No, I’m not) Is he a teacher? Ол(ұл) мұғалім бе? Yes, (s)he is (Yes, (s)he’s) / No, (s)he is not (No, (s)he’s not / No, (s)he isn’t) Is she a doctor? Ол(қыз) дәрігер ме? Is it a table? Ол(зат) үстел ме? Yes, it is (Yes, it’s) / No, it is not (No, it’s not / No, it isn’t) Сұрақ формада жекеше түрде am, are, is көмекші етістіктері сөйлемде алдыға шығу арқылы жасалады. Соңғы бағанада сұраққа жауап жазылған, ал жақша ішінде болса, жауаптың қысқаша түрі берілген. Interrogative form. Plural (Сұрақ форма. Көпше түрде) Are we pupils? Біз оқушымыз ба? Yes, you are (Yes, you’re) / No, you are not (No, you’re not/No, you aren’t) Are you students? Сендер студентсіңдер ме? Yes, we are (Yes, we’re) / No, we are not (No, we’re not/No, we aren’t) Are they teachers? Олар мұғалімдер ме? Yes, they are (Yes, they’re) / No, they are not (No, they’re not/No, they aren’t) Жаттығулар Exercise 1 Төмендегі орындарға am/are/is көмекші етістіктерінің бірін қойыңыздар. It __ cold today. I ___ at home now. They ___Korean. There ___ a pen on the desk. My name ____ Nikita. We ___ from Ukraine. That ___ right. I ___ OK, thanks. Clara and Steve ___ married. She ___ an English teacher. Exercise 2 Төмендегі сөздерді дұрыс орындарын қойып, сөйлем құраңыздар. twenty-five years am I old. Venezuela. from We are I'm student. is Anton and name My a This is my book. It's a nice day today. Her is brother's name Paul. engineer. an is John is name husband's Johansson. My my are There in twelve class. students new is address at top the of letter. My the Exercise 3 Төмендегі бос орындарға TO BE етістігінің болымсыз формасындағы көмекші етістіктерін қойыңыздар. Example: She ____ from France. This book ___ mine. Jane and Peter ___ married. That ___ right. My brother ___ here at the moment. We ___ in England. It ___ Monday today. Jennie's surname ____ Peters. I ____ a hairdresser. My name ___ Alexander. There _____ many people in this class. | |
| Просмотров: 19735 | |
Форма входа |
|---|
Социальные закладк |
|---|
Поиск |
|---|
Друзья сайта |
|---|
Теги |
|---|
Статистика |
|---|