Главная » Статьи » В помощь учителю » Университет здоровья |
Денсаулық сақтауды оқыту педагогикасы «Бала ауру, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан ләззәт ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.» М.Жұмабаев. Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда. Президентіміз Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «біздің еліміздің азаматтарының дендері сау болу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, сонда ғана дұрыс қоғам құрамыз» деп айтқанындай қазіргі мектептің аса маңызды міндеттерінің бірі − оқушы тұлғасын жан-жақты дамыту, әсіресе олардың денсаулығын нығайту. Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларға жүргізілген медициналық зерттеулер тұлғаның денсаулық күйінде түрлі патологияның бар екенін көрсетті, соның ішінде әр жетінші оқушыда ас қорыту органдары мен жүйке-бұлшық ет жүйесінің аурулары, әр тоғызыншы оқушыда − жүйке жүйесінің аурулары, әр оныншы оқушыда − тыныс алу органдары мен эндокриндік жүйке аурулары байқалады. Мамандардың пікірінше, «аурудың басты себептері санитарлық-індет жағдайының қанағаттанғысыздығы мен мектептегі оқушылар санының көптігі, оқу еңбегі жүктемелерінің сақталмауы, оқушылар тамақтануының қанағаттанғысыздығы, медициналық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі». Оқушылардың денсаулық жағдайына әсер ететін басты себеп − олардың отбасындағы әл-ауқатының төмендігі. Білім беру жүйесінде денсаулық сақтайтын технологиялардан денсаулықты қорғауға қатысты әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданылатын бірнеше топтарды айқындауға болады: - медициналық–гигиеналық технологиялар; - дене шынықтыру – денсаулық сақтайтын технологиялар; - экологиялық денсаулық сақтайтын технологиялар; - өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологиялар; - денсаулық сақтайтын оқыту технологиялары. Денсаулық сақтайтын технологияларды жіктеу үшін басқа да негіздер бар. Әрекет ету сипаты бойынша олар мына типтерге бөінеді: - қорғану; - профилактикалық; - қалпына келтіру; - нейтралдау; - ынталандыру; - ақпараттық; - оқыту. Денсаулық сақтайтын оқыту технологияларының мақсаты – мектепте оқу кезінде оқушының денсаулық сақтау мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушыда салауатты өмір салты бойынша қажетті білім, білік пен дағдыларды қалыптастыру, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Бұл мақсаттардың орындалуы келесі білім беру үрдістеріне байланысты: - санитарлық ережелерге сай оқу үрдісінің тиімді ұйымдастырылуы; - оқушылардың қимыл-қозғалыс белседілігінің тиімді ұйымдастырылуы; - салауатты өмір салты және денсаулық құндылықтарын қалыптастыру жөнінде жүйелі жұмыстар. Бұл кемшіліктерді жою үшін педагог мына ұстанымдарды орындауы тиіс: - сабақта және сабақтан тыс шаралар кезіндегі санитарлық нормалардың орындалуы (бөлме ауасының тепературасы мен тазалығы, кабинеттің және тақтаның жарықтануы, ұнамсыз дыбыс қоздырғыштардың әсері) - сабақ үстінде қалжыраған кезде денешынықтыру сәтін өткізу. Норма – сабақтың 15-20 минутына 1 минуттен 3 жеңіл жаттығулардан, әр жаттығуды үш рет қайталау; Көзге гимнастика жүргізу. Саусақтар моторикасын дамыту; қауіпсіз белсенді қозғалыстарды ұйымдастыру; - сабақта әрекет түрлерінің ауысуы (бір сабақта оқушының әрекеті ету нормасы - 7-8 түрі болу керек. Мысалы: оқу, жазу, тындау, әңгімелеу, сұрақтар, сұрақтарға жауап, көрнекі құралдарды қарау, есептер шығару және т/б). Бағдарлы нормасы - 7-10 минут. Оқыту түрлерінің саны: ауызша, көрнекілік, аудиовизуалды және т.б.. Нормасы – 3-ден аз болмау керек. Ауысу нормасы - 10-15 минуттен кеш емес; - оқыту түрлері, әдістері, құралдарын таңдауда оқушының денсаулық жағдайы мен жеке психологофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру. Еркін таңдау (еркін әңгімелеу, әрекет ету және өзара әрекет ету тәсілдерін таңдау); белсенді әдістер (оқушылар мұғалім рөлінде, әрекет ету арқылы оқу топта талқылау, рөлдік ойындар, дискуссия, семинар, оқушы-зерттеуші); өзін тануға және дамытуға бағытталған әдістемелер (интеллект, эмоция, қатынас жасау, қиял-елес, өзін-өзі бағалау және өзара бағалау). - үй тапсырмасын даралау; - жас-жыныс ерекшеліктерінің ескерілуі; - таза ауада тынығу, ойын түрлерін ұйымдастыру. - Әр балаға өзінің қабілеттерін сезінуге, олардың дамуына жағдай жасауға, баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға көмектесу мектептің негізгі міндеті болып табылады, яғни оқытуда және тәрбиелеуде жеке тұлғаға бағыт орнату керек. Кез келген жеке тұлғаға бағыталған технологияны денсаулық сақтайтын технологияға жатқызуға болады . - Әрбір жанұяда денсаулықты сақтау, нығайту мақсатында үнемі жұмыс жасалуы қажет. - Жекебас денсаулығын сақтау үшін әр адам өз ағзасына ауруды енгізбеуге бағытталған білімі болуы тиіс. Бұл өте маңызды, өйткені барлық аурулардың себептері жалғыз ғана білімсіздік. Өзіндік немесе ата- анасының білімсіздігі. Көптеген зерттеулер көрсеткендей, 1 сыныпқа келген балалардың 25-30% денсаулығында белгілі бір ақауларының бар екендінін анықтаған. Ал мектепте оқу кезінде дені сау балалардың саны 4 есеге азайып, 5,5-16.4% жүйке және психика, 9-16,8% тірек-қимыл жүйесінің ауруына шалдығады екен. Оқушылардың арасында көп кездесетін потология ол көздің көргіштігінің нашарлауы. ҚР кейбір аймақтарында бұл көрсеткіш 30-40% жетсе, 1сыныптан 11 сыныпқа келгенше алыстан көрмейтіндердің саны 3,9%-12,3% көбейеді екен. Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері адам ауруының 75 % -ы балалық шақта қалыптасатынын ескертеді. Cалауатты өмір сүру дағдысы – бұл оқушылардың күнделікті өмірдегі әрекетінің саналы түрде жүзеге асырылуы, олардың қимыл-қозғалыс белсенділігінде, денсаулығының шыңдалуында, күн ережесін сақтауда, дұрыс тамақтануда, денсаулықты бұзатын жат әдеттерден бас тартушылықта, мінез-құлық пен қарым-қатынас мәдениетінде көрінеді. Қолданылған әдебиеттер тізімі - 1. Абылкасымова А.Е. Современный урок. Алматы: НИЦ «Гылым», 2003 - 2. Вазина К. Модель саморазвития человека. - Н.Новгород: ВГИПИ, 1999. - 3. Дерекляеева Н.И. Двигательные игры, тренинги и уроки здоровья. 1-5 классы - М.: ВАКО, 2004. - 4. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. - М.: Народное образование, 1998. - 5. Смирнов Н.К. Здоровьесберегающие образовательные технологии в работе учителя и школы. - М.: АРКТИ, 2003. - 6. Фарбер Д.А. Младший школьник: развитие мозга и познавательная деятельность. - М.: Вентана-Графф, 2002. | |
Просмотров: 2068 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|