Главная » Статьи » В помощь учителю » Университет здоровья |
Әдістемелік нұсқау Мамандығы: «Емдеу ісі» 2 курс Пән:Анатомия Сабақ түрі:Тәжірибелік Сабақтың тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесі. Адам қаңқасы Сағат:90 мин Сабақ жүргізу әдісі: Құрастырылған сабақ Сабақ көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды оқулық, адам қаңқасы,сүйектер жиынтығы,тіректі конспектілер,микрокестелер,атластар, альбомдар,анатомиялық кестелер,т.б. Мақсаты: Білімділік: • Әр түрлі әдістермен дидактикалық тәсілдерді қолдана отырып,жоғары сапалы түрде тақырыпты түсіндіру. Дамытушылық: • Тәжірибелік іс-әрекеттерді еркінді түрде білімді көзқараспен дұрыс орындауды үйрету; • Студенттің бойында оқу-өрісін дамыту. Тәрбиелік: • Адам денсаулығындағы тірек-қимыл жүйесінің маңызы. Пәнішілік байланысы: «Бұлшық ет жүйесі», «Ас қорыту жүйесі», «Жүрек қан тамыр жүйесі», «Тыныс алу жүйесі»; Пәнаралық байланысы: «Жалпы хирургия», «Анестезиология және реанимация, «Физиология анатомия негіздерімен». Тақырыптың соңғы нәтижелері: Арнайы және мамандық құзырлығы Студент білу керек Студент істей білу керек Адам қаңқасының бөлімдерін сүйектер, буындарды анықтау Сүйектің түрлерін; жасқа байланысты сүйек құрылысының ерекшеліктері; сүйектердің қосылу ерекшеліктерін; -аяқ-қол сүйектерін; -бас қаңқасының сүйектерін; -бас қаңқасының сүйектерінің қосылуын; -нәрестенің бас қаңқасының ерекшеліктерін Сүйек түрлерін білу және мінездеме беру; омыртқа жотасының иілімдері (дөңесі) қаңқаның бөліктерін көрсету; -қаңқа мен бөлек сүйектердің құрылысы мен орналасуын анықтау және оның ерекшеліктерін айта білу; -сүйектердің аттарын латынша атау; -қол мен аяқ сүйектерін, олардың буындарын анықтау, құрылысын білу және қаңқадан көрсете білу; -адам денесінің құрылысын, мүшелердің орналасуын анықтау, оларды тауып көрсету. Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі-3 мин Мотивациялау-5 мин Тірек-қимыл жүйесі, адам қаңқасы туралы слайдтар жинағы -5 мин Тірек-қимыл жүйесі, адам қаңқасы туралы қысқаша мәлімет-5 мин Студенттердің өзіндік жұмысы-60мин Студенттердің жұмысын бағалау-5 мин Қорытынды жасау-5 мин Үй тапсырмасы-2 мин 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Мотивациялау: Тірек-қимыл жүйесінің адам өміріндегі маңызын білу. 3. Тірек-қимыл жүйесі, адам қаңқасы туралы слайдтар жинағы 4. Тірек-қимыл жүйесі, адам қаңқасы туралы қысқаша мәлімет Сүйектердің құрылысы . Сүйек ,кость ,os .ossis негізінен сүйек тінінен тұратын мүше. Сүйектің негізін тығыз және кемікті заттар құрайды . Сыртынан сүйек қабымен,тек буын түзуге қатысатын беттері ғана шеміршекпен қапталады. Сүйектердің ішінде жілік майы болады .Сүйектер басқа мүшелер сияқты қанмен қамтамасыз етіледі және жүйкеленеді. Сүйектердің химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері.Сүйектің құрамы 50% судан, ал қалған бөлігі құрғақ заттан тұрады. Құрғақ заты органикалық ( 28%жуық ) және бейорганикалық (22%жуық) болып бөлінеді. Органикалық заты негізінен оссеин ақуызынан , бейорганикалық заты кальций және фосфор тұздарынан тұрады.Сүйек қатты , берік ,әрі серпімді келеді. Органикалық заттар сүйекке серпімділік қасиет берсе, бейорганикалық заттар қаттылық және беріктік қасиет береді . Сүйектер құрылысы. Сүйектер сүйек табақшаларының орналасуына байланысты тығыз және кеуекті заттардан тұрады. Тығыз заттарда, substantia compacta , сүйек табақшалары белгілі бір реттілікпен орналасып остеондар түзеді. Остеон – сүйектің құрылымдық- қызметтік бірлігі болып табылады. Кеуекті затында substantia spongiosa жұқа сүйек табақшалары бір-бірімен айқасып,ұяшықтар түзе бастайды. Сүйек қабы, periosteum –сүйекті сыртынан қоршаған қызғылт түсті дәнекер тінді жұқа қабыршақ, жілік майы- medulla ossis жілік майының екі түрі болады: қызғылт және сары. Қызғылт жілік майы қан түзу және қорғаныс қызмет атқарады . Сүйектердің жіктелуі : -түтікті сүйектер; ұзын, қысқа -кеуекті сүйектер; -жалпақ сүйектер; -аралас сүйектер; -ауалы сүйектер. 5. Студенттердің өзіндік жұмысы I.Адам қаңқасымен жұмыс: № 1 тапсырма: Адам қаңқасының бөліктерін қаңқадан көрсету, омыртқа жотасына анықтама беріп, латынша атау №2 тапсырма: Бас қаңқасының бөліктерін көрсетіп, латынша атау Жас нәрестенің бас қаңқасының ерекшеліктерін атау №3 тапсырма: Кеуде қуысының сүйектерін көрсетіп, латынша атау №4 тапсырма: Қол сүйектерін қаңқадан көрсетіп, латынша атау №5 тапсырма: Жамбас сүйектерін қаңқадан көрсетіп, латынша атау Жыныс ерекшелігін тауып,көрсету №6 тапсырма: Аяқ сүйектерін қаңқадан көрсетіп, латынша атау II. Интерактивті тақтамен жұмыс: №7 тапсырма: Интерактивті тақтадағы адам қаңқасының сүйектерін құрастыру №8 тапсырма: Адам қаңқасының сүйектерінің латынша атауларын қобдишадан алып, орнына орналастыру №9тапсырма: Бас қаңқасының сүйектерін құрастыру №10 тапсырма: Кеуде қуысының сүйектерін құрастыру №11 тапсырма: Омыртқа жотасының латынша атауларын кестеге орналастыру №12тапсырма: Анықтамаға сәйкес келетін мүшені суреттен көрсетіңіз III.Рентгген суретімен жұмыс: №13 тапсырма: Рентген суреті арқылы сүйек түрін анықтау IV.Сүйектерді құрастыру: №14 тапсырма: Омыртқа жотасының бөліктерін құрастыру,ерекшеліктерін атау V.Көрмей табу: №15 тапсырма: Студенттердің сүйек түрлерін көрмей табуы VI.Кестелермен жұмыс: №16 тапсырма: Микрокестелер арқылы сүйек түрін табу №17тапсырма: Микрокестеден сүйек бөлігін тауып белгілеу 6. Студенттердің жұмысын бағалау 7. Қорытынды жасау. Сабақтың басында қойылған мақсаттарға жеткендерін бағалау. 8. Үй тапсырмасы: Сабақта берілген тақырыптарды басқа тақырыптармен байланыстыру Қолданылған әдебиеттер: 1. Ә.Ө.Күзембаева «Адам анатомиясы»2009ж 2. А.Б.Әубәкіров, Т.М.Досаев «Адам анатомиясы» 2 том. 2008ж 3. А.Рақышев «Адам анатомиясының атласы» 4 том, Алматы 2006ж Қосымша әдебиет: 1.Тони Смит «Адам денесі» (А.Рақышев аударған) 2006ж Құрастырған анатомия пәнінің оқытушысы :Жақыпбаева Г.Е | |
Просмотров: 1309 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|