Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
ММ «Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №5-ші мектеп – интернаты». Кубеева Л.А. Семей қаласы «Жігіт сұлтаны.» Мақсаты: 1. Балаларды болашаққа бағыттап, оларды жігерлік пен ұстамдылыққа, тапқырлық пен ақылдылыққа, ізгілік пен ісмерлікке, әдептілік пен әдемілікке тәрбиелеу мақсатын көздейді. 2. Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру; Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақ тәрбиелеу; Жігіттерімізді батырлыққа, шешендікке, тапқырлыққа, имандылыққа тәрбиелеу. 3. Балалардың ойлау, тану, зейін қабілеттерін датыру. Көрнекілігі: тақырыбы, бөлім атаулары, нақыл сөздер. Барысы: 1-жүргізуші: Уа, халайық, халайық, Мұнда назар салайық. Ата жолын жалғамақ, Ел дәстүрін қолдамақ. Ел намысын қорғамақ. Жігіттер шықсын ортаға, Бүгін сұлтан атанбақ. 2-жүргізуші: Қайсысы күйші, кім биші, Талабына қарайық. Кімдер зерек, кім жылдам, Таланттарын табайық. -Қазір сайысымыздың әділқазылар алқасымен танысайық: Серікбек Құлышұлы Гүлсім Жұмаханқызы Анар Закариянқызы 1-жүргізуші: Құрметті көрермен қауым! Енді сайысқа түсетін жігіттерді қол соғып, қошеметтеп шақырайық. 2-жүргізуші: Уа, жігіттер, жігіттер, Бар өнерді салындар. «Жігіт сұлтаны» атты лайықтап, Тобыңмен жеңіп алындар. 1-жүргізуші: Ал қанеки, қырандар! Босқа қарап тұрмандар, Бастап жігіт өнерін, Алыстарға самғаңдар! 2-жүргізуші: Әр топты өзін таныстыруға шақырайық. Жігіттер келіп жетті танысуға, Бойындағы бар дарынды дамытуға. Жігерленіп сахнаға келіп жетті, Әдеппен, ізетпенен табысуға. «Білімділер» Сыныпта өнерімен болған сыйлы. Жетінші сыныптың ер жігіті, Шақырайық ортамызға Жәнібекті. Кем қалмаған талантпенен табысқан Қараңыздар ортада кішкентай Серікжан. Тауды бұзар шын кіріссе намыстан – 5 А сынып оқушысы Серік келді алыстан Ерсаиын Еділ. Алмас. «Сұңқар» Жетінші сынып оқушысы біздің Ерлан Спортпенен білім жағын бір қосқан. Біледі ол жақсы менен жаманды Сабырлықпен тамсандырған адамды Қошеметтеп шақырайық ортаға Сұңғат атты жігіт болған сабазды - Еңбексүйгіш, таудай талап бойында, Барлық істі тыңдау бар ойында. Ахметов Мараттай жігітті, Шақыралық қошеметпен ортаға – Дулат Елдос Данияр 1 кезең: «Топтардың өз – өздерін таныстыруы». Енді топтарға сөз берейік. Бұл кезеңде топтар топ атымен ұранымен таныстырады. 1.Білімділер. 2.Сұңқар. 2 кезең: «Сауалнама». (Топтарға сұрақтар қойылады, олардың міндеттері жауап беру) 1 – жүргізуші: -Жарыста озып шығар жүйріктері, Әрқайсысы бақтарынан көрер енді. Қанеки, өрендерім, сайысқа шық, Таң қалдыр, біліміңмен көрерменді- дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімінде сайыскерлер сұраққа жауап береді. 1. Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен? Хандар:Абылай, Әбілқайыр, Тәуке, Жәңгір. 2. Қазақ халқының тарихында қандай батырлар өткен? Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Кенесары, Есет, Қайдауыл, Көтібар. 3. Қазақ халқының тарихында қандай билер өткен? Билер: Қаз дауысты Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. 4. Ұлттық ойындардың түрлерін ата. Ақсүйек, асау үйрету, арқан тарту, тымпи, сақина салу, көкпар. 5. Бес қаруды атаңыз. Мылтық, садақ, найза, қылыш, айбалта. 6. Жігіттің үш жақын жұртын ата. Ағайын жұрт, нағашы жұрт, қайын жұрт. 7. Төрт түліктің пірін атаңыз. Түйе пірі— Ойсыл қара, жылқы пірі— Қамбар ата, сиыр пірі— Зеңгі баба, қой пірі— Шопан ата, ешкі пірі— Шекшек ата. 3 кезең: «Үй тапсырмасы». (Балаларға үй тапсырмасы берілген, бір көрініс дайындау) 4 кезең: «Өнер көрсету». 1-жүргізуші: Қыран бүркіт көтерер елдің нарқын, Қыран асырар елдің даңқын,— демекші сегіз қырлы, бір сырлы жігіттеріміздің өнерлерін көруге шақырамыз. 1. «Қызыл өрік» әні. 2. «Тип - тоник» биі. 5 кезең: «Қол күрес». (Топ мүшелері қол күрестіреді). 1- жүргізуші: -«Күш – атасын танымас» дегендей келесі кезекте біздің жігіттеріміз спорт саласы бойынша өз бақтарын сынап қол күрестіреді. Сергіту сәті. «Қара жорға» биін билеу. 6 кезең: «Картоп аршу». Әр топтан екі оқушы шығып картоп аршиды. 7 кезең: «Жерден тартылу». (Сайыскерлер жерден тартылып жарысады) 8 кезең: «Қол өнері». 1- жүргізуші: Ал, кімнің өнері бар қаншалықты? Би билеп, ал біреуі ән салыпты. Бүгінгі сайыстан бәйге алуға, Сайыскерлер аянбай- дей отырып, сайысымыздың келесі бөлімі бойынша, сайыскерлеріміз үйден дайындап келген ұлттық қолөнер бұйымдарын көрсетіп, сол туралы түсінік береді. 9 кезең: «Шаш өру». (Сайыскерлер қолаң шашты қыздардың шаштарын өреді). 1 – жүргізуші: -Балалар, тағы бір қайталап жіберіңдерші сендер қандай қазақтың ұлттық ойындарын білесіңдер? 2 –жүргізуші: -Өте жақсы, ендеше сайысымыздың келесі кезеңіне көшейік. 10 кезең: «Арқан тарту». 1 - жүргізуші: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай. «Ердің асылы күшімен білінеді» дегендей, келесі тапсырма күш сынасу болмақ. 2-жүргізуші: Талаптың мініп тұлпарын, Келдім міне жарысқа. Белгісіз кім ұтары, Түстіңдер міне сайысқа. - Енді топ жігіттері арқан тартысады. 1 -жүргізуші: Бойларыңда от бар екен байқадым, Жүректерде шоқ бар екен, байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей, Жалындатып шарықтаңдар әрдайым. Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші, «Мақтанышы» деп мектептің жүрейікші. Әділқазыларға тек әділдікті, Ал, сайыскерге, тек сәттілік тілейікші! 2-жүргізуші: Достарым, түсініңдер сөздің нарқын, Әр кезде бола берсін жүздер жарқын. Мәңгілік жоғарылап жұлдыздарың, Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын,— дей отырып, сайысты қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. -...............(Жеңген топты марапаттау) -Осымен «Жігіт сұлтаны» атты сайысымызды аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар! | |
Просмотров: 4710 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|