Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау Сабақтың мақсаты:Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексере отырып, алған білімдерін пысықтау. Оқушыларды ауыз біршілікке , ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, туған жерінің табиғатын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Танымдылық ойын сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік. ізденушілік, ойын, құрастыру Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, жапырақтар, кітап, дәптер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: -Бүгін бізде ерекше сабақ. Сендердің әсем күлкілеріңнен сынып іші нұрлы шуаққа толғаны анық. -Кәне, осы сабақты бір бірімізге күлімдеп бастасақ қайтеді? Біз қандаймыз қандаймыз Шұғылалы таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз -Балалар, қазір қай мезгіл? -Табиғатта қандай өзгерістер болуда?(Ағаштың жапырақтары сарғайып жерге түседі, күн суытады, көкөніс жиналады, қысқа жеміс сақтайды, аңдар қысқа дайындалады, құстар жылы жаққа ұшады.) -Өте жақсы. -Бүгінгі математика сабағын күз мезгіліне, әсем табиғатымызға байланыстырып өткіземіз. Сабақтың тақырыбы: «Қайталау» Мақсаты: әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету, алған білімдерін пысықтау. -Ендеше барлығымыз тақтаға қараймыз да ай күнді жазамыз. -32 санын көркем жазамыз. -Осы санды ондықтар мен бірліктердің қосындысы түрінде ата. - Бүгінгі сынға түсетін екі топпен танысайық. -Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін. «Алғырлар» - Озып шығып бәйге аламыз Аты аңызға айналған «Алғыр» бала атанып Бізде ғалым боламыз. «Білгірлер» Мақтанбаймыз «білгірміз» деп Таудай бірақ талабымыз «Білгір» бала атанып, Келешекте өскенде Үлкен ғалым боламыз. -Балалар,алдымен үй тапсырмасына шолу жасап алайық. 10+3= -3= -10= 20+3= -3= -20= 30+3= -3= -30= Мұғалім: Бүгінгі сабағымызды ерекше көңілмен бастау үшін көзімізді жұмып, мына әсем әуеннің сазына құлақ түрейік. (Әуен ойнайды) «Жасыл дала, құлпырған қып-қызыл гүлдер, сарқырап аққан мөп-мөлдір су, жайқалған ағаш, ашық аспан, жарқырап күлімдеген күн сәулесі». Осы сезімге беріле отырып, көзімізді жаймен ашайық. Арайлап нұрлы таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырап әсем табиғат, Желекке бөлеп аймақты. Оқушылар қандай көрініс көріп тұрмыз? Әсем табиғат - Ендеше мен сендерге бір ой тастағым келіп тұр. -Жаздың бір шуақты күнінде Асқар мен Болат ата-анасымен бірге көлдің жағасына дем алуға барады. Асқар мен Болат суға шомылып, күнге қыздырынып болған соң, анасы оларды тамақтануға шақырады. Тамақтанған соң ойнады. Кетер кезде әкесі оларға қарбыз жарып берді. Қарбызға тойған соң, олар қабықтарын көлге лақтырып ойнады. Анасы тамақ ішкен ыдыстарын салып алды да, тамақтың қалдықтарын көлге, лақтырып қалған қоқыстарын жинамастан балаларына: - Тез машинаға отырыңдар, үйге қайтамыз - деді. Сөйтіп олар машинаға отырып кете берді. Табиғатымыз қоқыстанған, ластанған. Соны тазалау үшін, өз үлестеріңізді қосуларыңызды сұраймын. Ол үшін «1-ағаштың тапсырмасын» шешулеріңіз қажет. Сонда әсем табиғатымыз қоқыстан тазартылады. «Алғырлар» «Білгірлер» 90-10= 80-50= 24+2= 35+2= 38-8= 56+1 72+2= 40-10 «Білгірлер» -Жылдам ойланып,тез шығара біледі екенсіңдер. -Жарайсыңдар. -Әсем табиғатымызды, суымызды таза ұстасақ ауа да таза болады. Таза ауамен дем алсақ, денсаулығымыз да мықты болады. Жолдау. Міне оқушылар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауында: «Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс», - деген болатын. - Балалар, біз даламызды жасыл желекке айналдыру үшін қандай үлес қоса қоса аламыз? - Қоқыстан тазалаймыз, ағаш отырғызамыз, гүл егеміз. Ендеше, балалар, табиғатымызды таза ұстап, қамқорлыққа алу, гүлдер егіп, даламызды жасыл желекке айналдыру - болашақ ұрпақ сендерге байланысты. Сондықтан өз үлесімізді қосайық. . . «Ағаш отырғызамыз» Ағашты жақсы етіп отырғызбасақ, ол дұрыс өспей қалады. Ал сендердің ағашты дұрыс отырғызғандарың, тапсырманы дұрыс орындағандарын болып саналады. -Ендеше 2- ағаштың тапсырмасын орындап көрейік.Екі топтан оқушылар кезектеп шығарады. «Алғырлар» «Білгірлер» 3+а=10 10-а=3 А-3=7 а+2=12 -Өте жақсы, сендер табиғатқа жақсы қамқоршы бола аласыңдар деп сенемін. - Тағы қандай үлес қосамыз. - Гүл егеміз. - Жақсы. Бірақ гүл егу кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Оны баптап күту қажет. -Кәне, балалар енді гүлдің тапсырмасын орындап көрейік. 1- топ: 79 бен 81 2- топ: 88 бен 90 қосынды түрінде жаз. -Балалар шаршаған боларсыңдар аздап сергіп алайық. «Сергіту сәті» -Балалар ағаштың жапырақтары түсіп қалыпты. Табиғатымызды таза ұстау үшін жапырақтарды жинап себеттерге салайық. (3+2)+60 (5+4)+30 60+(70-50) 80-(30+40) -Бізге қонаққа тиін келіп, көмек сұрап тұр. Қысқа азығын жинап үлгермей жатыр. Көмектесеміз бе? –Балалар тиін туралы не білеміз?-Тиін жаңғақты жапырақ арасына,ал саңырауқұлақты ағашқа кептіріп қояды.Кептірілген саңырауқұлақ көп сақталады. -Ол үшін біз тиіннің саңырауқұлағындағы есептерді шығаруымыз керек. № 4 62-бет -Әр топтың есебін алдымен оқыту. -Есеп туралы не білесіңдер?(шарты, сұрағы, шешуі, жауабы болады) -Есеп не туралы? -Не белгілі? -Не табуымыз керек? -Топта шығарып тақтаға келіп шешуін жазады. -Егер дұрыс болса себетке салады. -Қай топ шығарып болды есепті себетке саламыз. Келесі тапсырма тиінге үй жасау №5 -Мына кесінділерді пайдаланып тиінге 2 топ үй жасап берсін. 13см, 2см, 3см,10см (2 топқа парақ беру үйдің суретін салады) Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдың? Не үйрендің? Шағын топта жұмыс істеген ұнады ма? - Осымен, балалар сайыс сабағымызды аяқтай отырып. Елбасымыздың жолдауына үн қоса отырып, табиғатымызды қорғай білейік, оның гүлденіп көркеюіне үлесімізді қоса жүрейік дегім келеді. Жеңімпаз топ анықталады. Үйге тапсырма беру. Бағалау | |
Просмотров: 5094 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|