Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Мамбетова Ақзира Шеріпқызы математика-физика пәндерінің мұғалімі Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы, Милы орта мектебі. Геометрия-9 сынып Сабақтың тақырыбы: «Үшбұрыштарды шешу» (жинақтап, қорытындылау сабағы) Сабақтың мақсаты: Дамытушылық: Оқушылардың үшбұрыштар туралы алған білімдерін тиянақтау,жаңа мәліметтермен толықтыру. Тәрбиелік: өз ойларын айта білуге,топпен жұмыс кезінде ұйымшылдық, шапшаңдық,жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Өз уақытын және өзгенің уақытын бағалай білуге үйрету. Білімділік:Үшбұрыш туралы негізгі теоремалар мен қағидаларды есте сақтай отырып, өмірмен байланыстыруға үйрету. Сабақтың түрі: көтерме сауда сабағы. Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, акцинерлік қоғам аттары,лоттар,аукцион жабдығы(гонг,балға), түсіндірме сөздер,депозит үлгілері. Банк-(ағылшын сөзі) ірі несие беретін мекеме. Аукцион-(латын сөзі) көтерме, бәсеке сауда түрі. Депозит- белгілі бір шартпен уақытша алу үшін сақтау орындарына сақтауға берілген ақша. 30 % -өнім өнім туралы түсінік беріледі. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды екі топқа бөліп, «Синустар», «Косинустар» акционерлік қоғам мүшелері ретінде орналастырылады. Аукционның басталғанын хабарлау. Бастапқы шарт: төс белгі қорғау, 5-жол өлең құрастыру, бағасы-20 теңге 5-жол өлең: зат есім сын есім не істейді (етістік) синоним сөйлем құрау. ЛОТ№1 Иә,жоқ стратегиясы бойынша жауап береді, дұрыс жауапқа -10 теңге. Сұрақтар : ᾳ бұрышының синусы деп М нүктесінің абциссасын айтады. Cos900 =1 теңдігі дұрыс. а*в *cos ᾳ формуласымен есептеледі. Үшбұрыштың қабырғасы қарсы жатқан бұрышының синусына пропорцианал. Пифогор теоремасы кез-келген үшбұрыш үшін тура. -ге тең. Қабырғалары сәйкесінше 3,4,5 болатын тікбұрышты үшбұрышты мысыр ұшбұрышы деп атайды. Аңыз бойынша Пифагор теоремасын дәлелдеуін тапқаны үшін құдайларға жүз жылқы құрбандыққа шалған. а2=в2+с2-2в*с* cos А формуласы косинустар теоремасы деп аталады. теңдігі Пифагор теоремасы деп аталады. ЛОТ№2 Есеп шығару . Үшбұрыш ауданын табыңдар: №1 ΔАВС , а=5 см, в=7 см, <С=450 №2 ΔPNQ, p=5 дм, q=7 дм, <N=600. ЛОТ№3 А К С В Е Т Компьютермен микрокалькуляторды пайдалана отырып, есептер шығару. Үшбұрыштарды шешуге есептер: в=9, с=17, ᾳ=950 а=24, с=18, ᾳ=150 орындау уақыты: 3 минут, бағасы -50 теңге. ЛОТ№6 ДИА-ЛОГ-ИКА М Е Д Ұлы физик Үшбұрыштың қосалқы элементі Б Ұ Р Ы Ш Геометриялық фигура Сызғыштың түрі. Уақыты-1 минут, бағасы-20 теңге. ЛОТ №5 Сөзжұмбақ шешу: 1 2 3 4 5 6 7 –Тік бұрышты үшбұрыш қабырғасы. –Тең қабырғалы параллелограмм. Жарты түзу. Белгісіз айнымалы. Үшбұрыш қабырғасын қақ бөлетін қосалқы элемент. Қарапайым геометриялық фигура. Іргелес бұрыштар атауы. ЛОТ№7 (қосымша лот) Жер шарындағы алты материктің пішіні жағынан үшбұрышқа ұқсасы. Шартты белгісі үшбұрышқа ұқсас металл рудасы. Бағасы -10 теңге. Сабақтың қорытындысы: 30%-дық түсімін есептеп, оқушылар еңбегін бағалау. Естелік депозиттерін тарату. | |
Просмотров: 3393 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|