Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Зикеев Мухит Кыргызбаевич учитель математики высшей категории СШ №20 с. Карасай Кордайского района Жамбылской области Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтың теңсіздік. Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, білімін есеп шығару барысында тексеру, міндетті деңгейін бақылау. Дамытушылық: Алған білімдерін дамыту, сана сезіміне сіңіру, дарындылығын анықтау. Тәрбиелік: Оқушылардың теориялық білімін практикалық шеберлікпен ұштастыру, ұйымшылдыққа, жинақылыққа еңбекқорлыққа баулу. Сабақтың әдісі: Деңгейлеп саралап оқыту. Сабақтың түрі: Саяхат сабақ Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, карточкалар, таблицалар, тестер, суреттер, слайдтар. 1. Бәйтерекке саяхат жасаймыз. 2002 жылы Евразияның кіндігі — Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана – Бәйтерек» монументі салынды. Оның биіктігі 97 метр. Балалар, сіздерге тапсырма «Қайталау – оқу анасы» 1. Қандай теңсіздікті бір айнымалысы бар қарапайым сызықтың теңсіздік деп атайды? 2. Теңсіздіктің шешімі деген не? 3. Теңсіздікті шешу деген не? 4. Қандай теңсіздіктер мәндес теңсіздіктер деп аталады? 5. Теңсіздіктің қандай қасиеттерін білесіңдер? 1) 2х - 5 < 3 онда 2х < 3 + 5 2) 4 < 7; 4 • 5 < 7 • 5 онда 20 < 35 15 < 35; 15 : 5 < 35 : 5 онда 3 < 7 оң санға теңсіздіктің екі жағын ... 3) 4 < 7; 4 • (-5) < 7 • (-5) онда -20 > -35 15 < 35; 15 : (-5) < 35 : (-5) онда -3 > -7 теріс санға теңсіздіктің екі жағын ... 6. Бір айнымалысы бар қарапайым сызықтық теңсіздіктің шешімі қалай табылады? 1) 2x ≥ 5 2) -2x ≥ 5 x ≥ 5:2 x ≤ -5: (-2) x ≥ 2,5 x ≤ -2,5 2. Ақ ордаға саяхат. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м2. Қ Р Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 ж. желтоқсанның 24 күні өтті. Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м. 3. Хан-шатыры сауда ойын-сауық орталығы. Ол қазір әлемдегі ең биік және ең үлкен шатыр, оның шпилінің биіктігі 150 метр. Ғимарат орасан зор мөлдір шатыр болып табылады. Оның күмбезінің арнайы материалдан жасалған, үш қабатты жабыны Астананың жазда 35 градус ыстық, қыста 30 градус аяз болатын қатаң ауа-райына шыдайды, күн сәулесін жақсы өткізіп, қысы-жазы бір температура ұстап тұруға мүмкіндік береді. Шатырдың жалпы ауданы он футбол алаңынан үлкен. Жобаның авторы белгілі архитектор Лорд Норман Фостер. «Білім-таусылмайтын кен» Тест есептер. В) х ≤ 9 теңсіздігінің шешімі. а) 10; в) 5; с) 12 K) 7х + 3 ≥ х - 3 а) x ≥ -1; в) x > -1; с) x ≤ -1 T) 3 < a < 4 болса а – 2 бағала а) 5 < a - 2 < 6; в) -5 < a - 2 < -3; с) 1 < a - 2 < 2 Ж) -5 < x ≤ 3 теңсіздігінің шешімі. а) 4; в) 3 с) -9 У) Белгіленуі [-7; 2) сан аралығын теңсіздікпен жаз. а) 7 < x < 2 ; в) 7 ≤ x ≤ 2 с) 7 ≤ x < 2 A) Теңсіздік х ≥ -1 сан аралығын жақшамен белгілеп жаз а) (-1; +∞) ; в) [-1; +∞); с) (-∞; -1] І) 3x > 5 болса, 12х бағала а) 12x ≥ 20; в) 12 x > 20; с) 12x < 20 O) 5x < -7 болса, -15х бағала а) -15x ≥ 21; в) -15 x > 21; с) -15x < 21 Тест есептерінің жауаптары Тест есептерінің жауаптары 3 [-1; +∞) 7≤ x<2 1< a-2<2 12x>20 x ≥ -1 -15x>21 5 Ж А У Т І К О В Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы. Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған. 4. Океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы. Қазақстанның астанасында әлемде мұхиттан ең қашық жердегі океанариум – «Думан» ойын-сауық орталығы орналасқан. Оған үш миллион литр су және 120 тонна теңіз тұзы жұмсалды. Мұнда теңіз жануарларының жүзден аса түріне жататын екі мыңнан аса балықтар мен түрлі жануарлар өмір сүреді. Келушілерді әсіресе акуланы тамақтандыру сәті аса қызықтырады. Сан аралықтарының түрлерін анықта Сан аралықтары (-∞; 5] [-9; 6] (3; 9) (-5; +∞) (-0.3; 7] Сан аралықтарының түрлерінің аты 5. Нұр – Астана мешітіне саяхат. Монумент түнде керемет жарқырайды. Айналасына келсек, бір жағында Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істерминистрлігі ғимараты орналасқан. Ішінде 5 мың адам дұға жасай алатын үлкен залды кездестіреміз.. Мешіт көлемі 4000 шаршы м тең. Ол 2005 жылы 26 мамырда ашылды. Сөз жұмбақ. «Қазақстан» 1) Математикалық 4 амалдың біреуі. 2) 6-сынып. Математика оқулығының авторы. 3) Қосу амалына кері амал. 4) Бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан. 5) Айырмашылығы таңбасында ғана болатын сандар? 6) Алымы бөлімінен үлкен болатын бөлшек қалай аталады? 7) Әріпті өрнектің теңдігін не дейміз? 8) Бүтін және бөлшек сандарды қандай сандар деп атаймыз? 9) Ретімен саналатын сандар Сөз жұмбақ. «Қазақстан» 5 6 2 4 3 8 1 7 9 Қ А З А Қ С Т А Н СЕРІГУ Логикалық есептер 1. Үш пар ат 30 км- ге шапса, әр ат қанша км- ге шапқан? 2. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? 3. Бір тонна мақта аур ма, бір тонна темір ауыр ма? 4. 4 пен 5- тің арасына қандай таңба қойылғанда төрттен артық, 5- тен кем сан шығады. 5. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? Үйге тапсырма. №1013, №1021 | |
Просмотров: 886 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|