Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
математика пәні мұғалімі-Слямова Сая Аманжолқызы Тақырыбы:Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу Мақсаты: 1) Оқушыларды рационал бөлшектерді көбейту және бөлу ережесін тұжырымдай білуге үйрету. Тұжырымдамаларды іс жүзінде қолдана білу бейімділігін қалыптастыру, формулаларды дәлелдей білу дағдыларын дамыту. 2) Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, танымдық біліктілігін арттыру. 3) Оқушылардың ынтасын, іскерлігін арттыру, табандылыққа, шапшаңдыққа, көпшіл болуға үйрете отырып, өз білімі ғана емес басқа оқушының да білімі үшін жауапкершілікке дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Оқыта үйрету ойын сабағы, топтық жұмыс Қолданылған технология: Ойын технологиясы Көрнекі құралдар: Топтық есептер, сөзжұмбақ «Рационал», «Кім жылдам» математикалық эстафета тапсырмалары, бағалау парақтары, топ белгілері Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. (Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу: І,ІІ,ІІІ, ойын түрлерімен таныстыру) Қымбатты оқушылар, біз бүгін күш-қуаты теңдеспейтін бәсекеге түсейік деп отырмыз. Жеке шығармашылық ұжымдық шығармашылықпен жарысқа түспек. Қай топтың артық екенін анықтаймыз. Жарыс –ойын түрлері: І. «Бой сергіту» ойыны /Үй тапсырмасы, өткен тақырып бойынша сұрақтар, есептер/ ІІ. «Білімдарлар» ойыны /Жаңа сабақты өздігінен меңгеру барысы/ Мысал есептер шығару арқылы формуланы дәлелдеу, анықтаманы тұжырымдау ІІІ. «Білім биржасы» /Жаңа тақырып бойынша есептер шығару/ Мұғалім-банкир, оқушы- акционер болады. Банкир қанша «Акция» құны банкке түскенін есептейді. Осы негізде баға қойылады. ІҮ. «Бас қатырғы базары» ойыны /Сөзжұмбақ «Рационал»/ Ү. «Қатені тап» ойыны /Қателер жіберілген 4 есеп беріледі/ ҮІ. «Кім жылдам» математикалық эстафета ойыны /Үш топқа бірдей мөлшерде есеп беріледі. Бірінші оқушы амалдардың алдынғысын орындайды, нәтижесін 1-ші шаршыға жазады да, қағазды келесі оқушыға береді т.с.с. тізбектей есепті аяқтап шығады. Бірінші және дұрыс шығарған топ бағаланады. Қате түзетіледі. І. «Бой сергіту» ойыны Үй есебін тексеру: №539, №540 (1,2) 1) Қандай өрнекті бүтін өрнек деп атайды? 2) Бүтін өрнек дегеніміз не? Ал қандай өрнекті рационал өрнек деп атайды? 3) Қандай теңбе-теңдікті рационал бөлшектердің негізгі қасиеті деп атайды? 4) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосады? 5) Бөлімдері бірдей рационал бөлшектердің айырмасын қалай табады? 6) Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай қосады? Ал қалай айырмасын табады? ІІ. «Білімдарлар» ойыны Сендер 5 сыныпта жай бөлшектерді көбейту және *бөлуді өткенсіңдер. Мысалы: 2/7*3/5 көбейтсек, 2/7*3/5=2*3/7*5=6/35 . Яғни не болды? /Оқушылардан сұрау/ Олардың алымдарының көбейтіндісі алымына, бөлімдерінің көбейтіндісі бөліміне жазылады. Олай болса, рационал бөлшектер де осы сияқты көбейтіледі: ІІІ. «Білім биржасы» №546-548 есептер шығарылады. №546, 547(тақтаға шығарылады); №548( өздігінен шығару) ІҮ. «Бас қатырғы базары» ойыны Сөзжұмбақ « Р а ц и о н а л » 1) Оң сан мен теріс санды көбейткенде қандай сан шығады? 2) Санның екінші дәрежесін сол санның несі деп атаймыз? 3) Сандарды немен таңбалаймыз? 4) Жиі қолданылатын айнымалы ................... ? 5) Екі «теріс» таңбаның көбейтіндісі қандай болады? 6) саны қандай түрде жазылған? 7) Амалда не жетіспейді? 2в * -3с 8) а санының қандай дәрежесі 1-ге тең? Бағалау Құттықтаймыз бақыт берген нұр таңды, Құттықтаймыз бәйгеге озған топтарды. Құттықтаймыз осы отырған халық боп, Топтан ұшқан жеке дара талаптыларды,- деп оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру: §3 3.1, 3.2 №549-552 Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Алгебра. 7 сынып Ә.Н.Шыныбеков 2) Алгебра. Дидактикалық материалдар. 7 сынып Ә.Н.Шыныбеков Алматы «Атамұра» 2007 ж, 22- бет, №9-12 есеп 3) Алгебра оқыту әдістемесі. 7 сынып Ә.Н.Шыныбеков Алматы «Атамұра» 2007 ж, 54-бет, А,В тобы Ө.ж.№8 1-6 есеп | |
Просмотров: 2816 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|