Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика

Толық ондықтар.
Толық ондықтар.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділігі: Толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілетін, математикалық тілін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру, өзін-өзі бақылауды, бағалауды үйрету.
б) Тәрбиелілігі: Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға, мақсатына жетуге ұмтылдыру. Қиялын дамытуға әсер етіп, Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тірек сызбамен жұмыс, топтық жарыс, ойын
Пәнаралық байланыс: тіл дамыту, дүниетану
Көрнекілігі: «Болашақ» баспалдағы, тест, деңгейлік тапсырма парақтары, фишкалар,үнтаспа, әріптік нұсқалар.
Сабақтың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Кезекшінің мәліметі
2.Психологиялық даярлық. Бір-біріне сәттілік тілеу:
Қайырлы таң, досым
Қайырлы күн болсын
Бүгінгі бейсенбі күні
Сәттілікке толсын
Біздің алар бағамыз
Кіл бестіктер болсын
3. Үй тапсырмасын сұрау
«Ұялы телефон» ойыны арқылы берілген тапсырманы тексеру.
Оқулықтағы 167-беттегі №3 тапсырма
Ойынның мақсаты: сөйлеу этикасын білуге, әңгімені белгіленген уақыттан асырмай қысқа қайырып айтуға тәрбиелеу.
Өтілген тақырыпты қорыту.
4. Тестілік жұмыс:
Өткен тақырыпты қайталауда оқушылар үнтаспадан (өлеңін жазған О. Әубәкіров пен әнін жазған К.Қуатбаев) «Есеп сабағы» әнін тыңдата отырып, тест жұмысын орындату.
1. Заттарды бір-біріне біріктіргенде қандай амал қолданамыз?
а) азайту
ә) қосу
б) бөлу
2. Заттарды бөліп алуда қандай амал қолданамыз?
а) қосу
ә) азайту
3. 5 ондықта неше бірлік бар?
а) 50 бірлік
ә) 60 бірлік
б) 5 бірлік
4. 1дм-де қанша см бар?
а) 100см
ә) 10см
б) 1000см
5. 1м-де канша дм бар?
а) 10дм
ә) 100дм
б) 1000дм
5. Жаңа сабақ
А)Қызығушылығын ояту
«Көңілді санамақ» ойыны
Ондықтарды өсу және кему ретімен мүмкіндігінше тез санап, дене қимылдарын жасату.
Ә)Мағынаны тану.
а)Оқушыларға бағандағы мысалдарды салыстыру ұсынылады:
7-5
7онд – 5онд
2+4
2онд+4онд
5-1
5онд-1онд

(Балаларды ондықтарды қарапайым жай бірліктер сияқты қосады, азайтады деген қорытындыға келтіру).
ә)Интерактивті тақтадан №1 тапсырманың шығару жолын түсіндіру.
- XXI ғасырда Қазақстанды әлем танып, өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда. Егемендігімізді алғаннан кейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы 117- орыннан 61-орынға алға жылжыды. Қазақстан өз дамуында жаңа серпіліс жасап, алдыңғы 10 жыл мерзімде әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуды меже тұтып отыр.
- Еңселі елулікке ену үшін біз қандай болуымыз керек? Білімді болу дегеніміз не?
- Білімді болу – бәрінен бұрын адам болу деген сөз. Өмірдегі барлық жақсылық білімнен шығады. Қай мемлекеттің де негізгі тірегі зәулім ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де белсенді, дарынды адамдар. Онсыз дамыған қуатты мемлекет болу мүмкін емес. XXI ғасырда әлем таныған тәуелсіз мемлекет ретінде аттаған, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дамыған, білімді ел болу керек.
- Біз бүгінгі сабағымызда «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, «Білім шыңына» өзіміздің туымызды тігуіміз керек. Сонда біз өркениетті 50 елдің қатарына қосылуға өз қосқан боламыз. Баспалдақпен көтерілу үшін деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз. Ол үшін сыныпты екі топқа бөлеміз.
1-топ «Айгөлек»
2-топ «Балдырған»
Сіздерге тілерім:Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына!
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізеді сіздерді
Математика сырына!
Қадамдарың оң болсын
Сәт-сапар енді тілейік!
Үшбұрышты 1-деңгей тапсырмалары:
«Айгөлек» тобына:
40+50 =
60-40 =
80-20 =
90-20 =
70-20 =
30+60 =
«Балдырған» тобына:
90-80 =
100-30 =
50+30 =
90-50 =
100-50 =
40+30 =
Төртбұрышты 2-деңгей тапсырмалары:
«Айгөлек» тобына:
20 +
40+
50-
10+
90
«Балдырған» тобына:
90-
70-
50-
20+
30

Жұлдызша 3-деңгей тапсырмалары:
«Айгөлек» тобына:
Аспаз торт пісіру үшін жұмыртқаның 1 ондығын жұмсады. Кекс пісіру үшін 2 ондығын жұмсады. Аспаз барлығы неше жұмыртқа жұмсады?
«Балдырған» тобына:
Тігінші жейделерге қадау үшін түйменің 2 ондығын жұмсады. Көйлектерге қадау үшін 4 ондығын жұмсады.Тігінші барлығы неше түйме жұмсады?
Сергіту сәті.
Біздер бүгін баламыз
Өсіп алға барамыз
2030 жылдары
Біз де азамат боламыз.
Ойын « Кім тез есептегіш?»
а) Аулада 5 үйрек,
Қорада 3 үйрек
1 үйрек тығылды
1 үйрек жығылды
Қалғаны неше үйрек?
ә) Ал, балалар, балалар
Қағаз бенен қалам ал
Екі ешкінің мүйізі
Кәне, кімдер табады
Сонда қанша болады?

б) 10 асықтың үшеуін
Досың сұрап алады
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
4-деңгей. Шығармашылық деңгей:
Сызба бойынша есеп құрастыр және кері есеп құрастыр.
«Айгөлек» тобына: Кесе –
Тәрелке -.............?
«Балдырған» тобына: Алма –.............? артық
Алмұрт –

Жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау.
V. Сабақты қорытындылау.
Біз бүгін өзіміздің біліміміздің арқасында «Білім шыңына» туымызды тіктік, яғни білім мен ғылымды дамытуға саналы серпіліс жасадық.
Қазақ халқы қай кезде білім мен ғылымнан, мәдениеттен кенде болған емес. Бірақ әр дәуірдің өз талабы бар.
Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда.
Категория: Математика | Добавил: Гул8568 (2014-09-23) | Автор: Жаумитова Гулзира Хайыровна E
Просмотров: 2578 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-11-20, 9:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru