Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
№2 жалпы орта білім беретін мектебінің , бастауыш сынып мұғалімі :Сләмжан Айнұр Жеңісқызы Семей қаласы Математика 1 «Ә» сынып Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры. Сабақтың мақсаты: 1) 8 саны және цифрымен, 8 санын шығарып алу тәсілдерімен таныстыру, 8 санын жазуды үйрету. 2) Танымдық ойындар ойнату арқылы ойлау қабілеттерін жетілдіру. Есептеу дағдылары арқылы білімділік дағдыларын қалыптастыру. 3) Алға қойған мақсаттарына жетуге, нәтижеге жете білуге , табиғаттағы құстарға қамқорлығын, сүйіспеншілігін арттыру. Типі: Жаңа білім меңгерту. Түрі: Ойын сабақ Әдісі:хабарлау, сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын, ой қозғау, ой шақыру, талдау-жинақтау, т.б. Көрнекілігі: Құстардың суреті, 8 саны, кесте, үлестірмелер, ұялар, кеспе карточкалар, жемшашар суреті, ойындар: «Пошташыға көмек», «Жұмыртқаны сал», «Көршілерін тап», «Кім тапқыр?» . Алдын ала дайындық: құстар туралы мәлімет дайындау, жұмбақ, тақпақтар, ойындар. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: - Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Біздің сабағымызға қонақтар – мұғалімдер келіп отыр. (Сәлемдесу) Психологиялық дайындық. Қуан, шаттан, қуан, шаттан, Қуанатын күн бүгін. Қайырлы таң, қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін. ІІ.Өткен білімді қайталап еске түсіру: 1. «Бой жазу сұрақтары» 1) Балалар, біз өткен сабақта қандай санмен таныстық? 2) 0-ден 7-ге дейін тура , кері санайық 3) Қандай сандардың қосындысы 7-ге тең? Ата. 4) 7 қазынаны ата?(ер жігіт, сұлу әйел, білім-ақыл, жүйрік ат, берен мылтық, тазы ит,қыран бүркіт) 5) 7 күнді ата?(дүйсенбі, сәрсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) 2) Ойын: «Пошташыға көмек» Хаттарды өз жәшігіне салуға көмектес. 6+1= 3+3= 5+0= 5+2= 7-1= 7-2= 8-1= 4+2= 4+1= ІІІ. Жаңа сабақ І. Кіріспе сөз, сұрақ. - Бүгінгі сабақты бастамас бұрын мынадай сұрақарға жауап беріңдерші? Сұрақтар: -Құстар қандай екі топқа бөлінеді? -Үй құстарын ата? -Дала құстарын ата? -Қыстап қалатын құстарды ата? -Оларға қалай қамқорлық жасаймыз? - Бүгінгі сабақта сендер білімдеріңді ортаға сала отырып, қыстап қалған құстарға көмек көрсетулерің керек. Ол үшін математикадан өзь білімдеріңді көрсетулерің керек. Құстарды жемшашар ыдысқа қондырамыз. Сендер екі топ болып жұмыс жасап жарысасыңдар.Өз білімдеріңді көрсетесіңдер. 1-топ: Торғайлар 2-топ: Көгершіндер - Екі топ оқушылардың жұмыртқалар жинау арқылы жеңімпаз топ анықталады. Сары жұмыртқа дұрыс жұмысқа, ақ жұмыртқа қатемен орындалған жұмысқа беріліп отырады. 1 – тапсырма: - Жемшашар ыдысқа торғай ұшып келді. - Балалар, торғай туралы не білеміз? Оқушы: Торғай - ең таныс құс. Адам бар жерде, торғай да бар. Көбінде топталып жүреді. Ұясын әр жерге сала береді.. Бір жазда екі рет ұя салады. - Балалар, торғай өзімен бірге сендерге сан ала келіпті, сол санды қазір білетін боламыз. Жұмбақ есеп: Ағашта отыр 5 торғай, Ұшып келді 3 торғай. Беске үшті қосқандаз, Болды сонда неше торғай? -5 + 3-ті қосқанда қанша болады? -8 болады. Ендеше, торғай қандай санды алып келіпті? - Ия, 8 санын. 1) 1- ден 8 – ге дейін тура және кері санату. 2) 8 санының көршілері қай сандар? 7-ге нешені қоссақ 8 шығады? Оны өрнек түрінде қалай жазамыз? 7+ 1=8 6) 8 санының жазбаша түрін жазуды көрсету. Сегіз саны құрылған Қос дөңгелек шеңберден Үлкен шеңбер үстінде, Кіші шеңбер жанасқан. Б ір ,екі , үш Бойға жинап күш. Қолға қалам аламыз 8 санын Әдемі етіп жазамыз. 7) -8 санына байланысты қандай мереке бар? Жаңа сабаты пысықтау: Жемшашарға көгершін ұшып келді. Мұғалім: Көгершін туралы не білеміз? Оқушы: Көгершін бейбітшілік құсы. Оны кептер деп те атайды.Кептердің түрлері көп. Тақпақ: Көк көгершін , көгершін, Көгершін келер жем үшін, Балалар, жем себелік Жем жесін де семірсін. 2 – тапсырма: Көгершіннің тапсырмасы: 8 саны шығатын мысалдар ойлап тап. Тақтада. 7+ 2+ 4+ 0+ 6+ 5+ 8+ 3+ Ұшып келген құс қарға. Оқушы: Қарға бұл бәрімізге өте таныс құс. Бұл жыртқыш. Ұсақ құстарды,олардың балапандарын, жұмыртқаларын аш болса жеп қояды. Қарғалар өте ұзақ өмір сүреді. 100 жылға дейін. 3- тапсырма: Ойын: «Жұмыртқаларды өз ұясын сал» (тақтада жазып орындау) Тапсырмаларды оқып ауызша есептеп шығару. Өз ұясын тауып салу. 3+0 5+3 5+2 6-3 6+2 8-1 8-5 4+4 6+1 4-1 8+0 7+0 Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, Қарлығашқа ұқсайық Ұшып-ұшып алайық Қайта жерге қонайық Сауысқан боп секіріп Тоқылдақ боп шоқиық Торғай болып қонайық. Орнымызды табайық. Келесі құсты табу үшін жұмбақ шешейік. (Ұшып келген құс сауысқан. ) Секектеп бiр тұрмайды; Өреден құрт ұрлайды. Бұл қай құс? (Сауысқан) 4 – тапсырма: Сауысқанның тапсырмасы. Өздік жұмыс. Оқулықтағы №2, 3 тапсырманы дәптерге орындату. 1. №2. Ленталарды өлше.Салыстыр. 8 см 8 см > 7 cм 8 см-7 см=1 см (1 см-ге артық, кем) 7 см 7см < 8 см 2.№ 3. Сандар қатарын анықтап жаз. 0 1 2 3 4 5 6 7 8 8 7 6 5 6 5 4 3 2 1 0 5. Жемшашарға тоқылдақ ұшып келді. Оқушы: Бұл құсты кішкене кезімізден білеміз. Ол орман емшісі. Ағаштарды зиянды жәндіктерден құтқарады.Бұлар ешқашан топталып ұшпайды. 5- тапсырма: 1) Ойын «Көршілерін тап» 2 6 7 1 3 4 5 8 2) «Кім тапқыр, кім жылдам?» ойыны.Орнында топпен бос торкөздерге салыстыру белгілерін қою. 3 * 4 0 * 6 2 * 5 6 * 4 1 * 0 8 * 8 7 * 7 4 * 5 6 * 5 8 * 3 Сабақты қорытындылау: Бағалау парғынан жеңімпаз топты байқау. әр оқушының жұмысын бағалап, мадақтау. - Бүгін қандай санмен таныстық? - 8 санының көршілері қай сандар? Мұғалім: Міне , балалар сендер бүгін көп еңбектендіңдер. Қыстап қалған құстарды жемшашарға қондырып көмектестіңдер. Қыста бұл құстарға көп қамқорлық керек. Сондықтан оларға жем шашап, ұя жасап көмектесіңдер. Құстар біздің досымыз! Есіңе сақта! Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады. Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады. Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады. Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады. Шымшық ұя салса, қыс қатты болады. Шағала келсе сең бұзылады. Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді. | |
Просмотров: 1358 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|