Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді натурал санға бөлу. Есептер шығару. Сабақтың мақсаты: 1. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту және тиянақтау, жүйелеу. 2. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. 3. Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: саяхат сабақ Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру. 2. Үй тапсырмасын тексеру №1119 302,4:72=4,2(см) №1124 1.2,45:35=0,07 2. 1,56:52=0.03 3. 1,17:13=0,09 4. 1,62:27=0,06 5. 1,84:23=0.08 6. 0,76:19=0,04 3.Негізгі бөлім. Бүгінгі сабағымыз «Қазынаға саяхат» деп аталады. Ертеде бір бай баласына мұра қалдырғанын және оны тауып алу үшін карта керек екенін, картаны үйдің шатырына жасырғанын өсиет етіп кеткен екен. Енді біз балаға картаны тауып беруіміз керек. Ол үшін карточкадағы мына тапсырмаларды орындау керек: Бөлуді орындаңдар: 1. 45,22:17 2. 332:40 3. 0,9:50 4. 67,2:12 5. 10,5:15 6. Теңқабырғалы үшбұрыштың периметрі 26,1см. Оның қабырғасын табыңыз. 7. Шаршының периметрі 21см. Қабырғасын табыңдар. Сонымен бала картаны тауып алады да сол картада көрсетілген жолмен саяхатқа шығады. Жолда ол үлкен өзенге кездеседі. Осы өзеннен өту үшін оған тапсырма беріледі. Тапсырма: Есептеңдер: 1. 0,7:(5,4+4,6) 2. 2,9: (21,7+78,3) 3. 17,6:(145,2-45,2) 4. (16,3+21,5):14 5. (0,22+0,26):4 6. (8,17+2,48):5 Баласы өзеннен өтіп, ары қарай жолға шығады. Келе жатса алдынан биік тауға кездеседі. Таудан асып өту үшін оқулықтағы №1125(1177) есепті орындау керек. Сергіту сәті. Мына жұмбақты шешейік: Бүтін менен бөлшекті Үтірменен айырған. Әп-әдемі жазылар Айтыңдаршы ол қандай сан? (ондық бөлшек) Таудан өткен бала картада көрсетілген жолмен келе жатып, бір үңгірге тап болады, үңгірге кіру үшін оқулықтағы №1127(1179) есепті шығару керек. Үңгірге бала кіріп бір сандық тауып алады. Сандықтың аузы жабық екен. Оны ашу үшін мына математикалық диктантты орындауымыз керек: 1.14,2:10 2. 9,5:10 3. 28,3:100 4. 125,8:100 5. 12,3:1000 6. 33,6:4 7. 0,48:8 Әркім өздері орындайды, болғаннан кейін жауабын тексереміз. Сандықты ашып оның ішінен хат тауып алады. Хатта «Ең басты қазына -...» деген сөз жазылған екен. Көп жылдар бойы жатқан хаттағы жазудың жартысы өшіп қалған екен. Енді сол сөзді тауып көрейік. Кестедегі жауаппен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Л: (16,3+21,5):14 І. 67,2:12-3,25 Б. (31,2+29,65):5 М. 12,48:(6,89+3,11) І. (52,8-7,3):26 12,17 2,35 2,7 1,75 1.248 Сонда хатта «Ең басты қазына-білім» деп жазылған екен. Сөйтіп баласы әкесінің мұрасына қол жеткізіп бақытты да бейбіт өмір сүріпті. Сендер бүгінгі сабақтан ең бастысы байлық емес, білім қазынасын іздеу керек екенін ұқтыңдар. Білімді болсаңдар көптеген жетістікке қол жеткізесіңдер. 4.Үйге тапсырма беру. №1126, 1136 5. Қорытындылау. Бағалау. | |
Просмотров: 1443 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|