Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
ШҚО Абай ауданы Саржал ауылы «Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебі» КММ Жактаева Динара Омиртаевна математика пәнінің мұғалімі Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы және қасиеттері (1-сабақ) Сабақтың мақсаттары: Білімділік: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымын беру және қасиеттерін есепшығаруда дұрыс қолдануду үйрету. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибеде қолдануда өз-өзіне сенімділігін арттыру Сабақтың түрі: жаңа тақырып Сабақтың әдістері: Сабақтың көрнекілігі: стенд Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең: а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау ІІ Мағынаны ашу: Жаңа терминдерге анықтама беру. Анықтама. Егер а кез-келген сан 6 ал n 1-ден үлкен натурал сан болса, онда а*а*а*...а көбейтіндісін а-санының n-ші дәрежесі деп атайды да, оны аn – арқылы белгілейді. Мұндағы а – негізі, ал n – дәреже көрсеткіші. а1=а Санның екінші дәрежесін санның квадраты деп, ал үшінші дәрежесін санның кубы деп оқимыз. Мысалдар: 2*33=2*3*3*3 (2*3)3=2*3*2*3*2*3 -34+(-2)6=-(3*3*3*3)+(-2)*(-2)*(-2)*(-2)*(-2)*(-2) ІІІ Бекіту кезеңі: ауызша: №31, 34 Жазбаша есептер: №№32, 36, 38, 41, 42, 44 Рефлексия: - Натурал көрсеткішті дәреже дегеніміз не? - аn- а және n-нің мағынасы? Бағалау: Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау. Үйге тапсырма: №№33, 40, 45 | |
Просмотров: 877 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|