Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ Математика пәнінің мұғалімі: Аубакирова К.Е. Сабақтың тақырыбы: Аралас сандарды көбейту Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: оқушыларға аралас сандарды көбейтуді өз беттерінше меңгертіп, Б.Блум таксономиясының элементтері арқылы алған теориялық білімдерін әртүрлі есептерді шығаруда тиімді қолдана білуге үйрету; ә) дамытушылығы: оқушылардың есептерге теориялық білімдерін дұрыс пайдалану дағдылары мен логикалық ойлау қабілетінің біліктілігін арттырып, түрлі тәсілдерді қолдану арқылы пәнге қызығушылығын дамыту; б) тәрбиелілігі: оқушыларды саналы сезімге, шапшаң ойлауға, жауапкершілікке, есеп шығаруда ұқыптылыққа, тазалыққа, әрқайсысының жеке және топтық жұмыс істей білуге, бірін-бірі тыңдап, ойларын ашық жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру Сабақтың түрі: біріккен сабақ Сабақтың өту әдісі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ-жауап, ребус шешу Сабақтың көрнекілігі: Интерактивтік тақта, деңгейлік тапсырмалар, ребус, әртүрлі деңгейге сай тапсырмалар жазылған слайдтар мен плакаттар т.б. Сабақта қолданылатын жаңа педагогикалық технология түрі: Б.Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне негізделген «Оқыту – екі есе оқу» технологиясы, деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының элементтері Пәнаралық байланыс: информатика, қазақ тілі Программалық қамсыздандыру: ActivInspire бағдарламасы Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі (2 мин.) 1) Оқушылармен амандасу, түгелдеу, оқу құралдарын тексеріп, сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты 4 топқа бөлу: Олар: Әр топтан бір-бір оқушыдан басқа топ оқушыларына сәттілік тілеп, сенімділігін көтереді. 2) Үй тапсырмасын тексеру. №746 (фронтальды түрде тексеру) (3мин) №746 1) (1/5∙3/4)∙2/3=3/20∙2/3=〖6/60〗^(:6)=1/10 2) 2/9∙(3/10∙7/8)=2/9∙21/80=42/720=〖42/720〗^(:6)=7/120 3) 15/19∙(19/25∙7/9)∙5/7=1/3 4) (10/13∙11/12)∙(12/55∙13/20)=1/10 ІІ. Негізгі бөлім (40 мин.) Б.Блум жүйесі «Оқыту – екі есе оқу» технологиясы білім мен қабылдауды 6 деңгейге бөлінетіндіктен, сабақтың жоспары 6 деңгейден тұрады: 1. Білімділік - ақпараттық деңгей. (бұрынғы білімді еске түсіру) (4 мин) 2. Түсіну – тезаурустық деңгей (жаңа білімді меңгеру) Мәселені шеш! (10мин) Жаңа тақырыпты меңгеру. Аралас сандарды көбейту. Топ оқушыларына жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру үшін 4 ке бөліп тастау: Қосымша: 5(x-2/3)=0; 5≠0, x-2/3=0, x=2/3. Сонымен жаңа тақырыпқа сай «Синквейн» бес жолды өлең стратегиясын құрайық: 3. Қолдану – методикалық деңгей. (алған білімді өмірде қолдануға үйрету) Деңгейлік тапсырмалар (15 мин.) 4. Талдау (анализ) – технологиялық деңгей (Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, жаңа проблеманы шешу). Қатені тап! (4 мин.) 5. Жинақтау (синтез) – зерттеушілік деңгей (жалқыдан жалпыға, жеке бөлшектерден жаңа дүние жасау). «Ребус шешіп, жаңа тақырыпты бекіту» (5 мин.) ІІІ. Қорытындылау бөлімі (2 мин.) 1). Үй тапсырмасын беру «А» - №745 «В» - №756 «С» - №768 6. Бағалау 2). Бағалау(білім сапасын көрсететін картасы бойынша көмекші оқушылар бағалайды, жауаптарын талқылайды) Оқушы өзін-өзі бағалайды: кестеде қатысқан пунктерінің тұсына «+» белгісін қояды. | |
Просмотров: 853 | Комментарии: 5 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|