Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Тақырып: Виет теоремасы Сабақтың мақсаты: Виет теоремасын пайдаланып, келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерін табуға және Виет теоремасына кері теореманы пайдаланып, квадрат теңдеу құруға үйрету. Білімділік: Виет теоремасы арқылы шығарылатын есептерге қолданылатын негізгі формулалардың түрін білу. Дамытушылық мақсаты: 1. Алған білімдерін әртүрлі жағдайда қолдана білуге дағдыландыру. 2. Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға, өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыру, өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту Тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Ұжым намысын қорғай білетін, шығармашылық қабілеті дамыған тұлға тәрбиелеу, жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясы бойынша жүргізілген жаңа тақырып сабағы. Әдісі: қызығушылықты ояту, «араласып кеткен оқиға» стратегиясы, «Иә, жоқ» стратегиясы. Көрнекілігі: 1. Квадрат теңдеулердің түбірлерін табу формулалары. 2. Әр түрлі деңгейлік тапсырмалар жазылған үлестірмелер. 3. «Сөре және мәре» ойынынан керекті анықтамалар, формулалар. 4. Плакаттар. Сабақтың барысы: І. Мотивациялық кезең Сәлемдесу Оқушыларды түгендеу Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сыныпты 4-4-тен топқа бөлемін. Топ басшысы сайланады. Бағалау парағы таратылып беріледі. Өткенді қайталау ах2+вх+с=0 - квадрат теңдеудің толық жазылу түрі х2+рх+q=0 (1) - келтірілген квадрат теңдеу (2) немесе (3) - келтірілген квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы формуласы Д=в2-4ас - дискриминант х1= - бірінші түбір х2= - екінші түбір ІІ Мағынаны ашу: х1 және х2 квадрат теңдеудің түбірлері болсын, онда х1= және х2= олай болса х1+х2= + = х1*х2= * = = яғни х1+х2 =- және х1*х2= Мысалы:5х 2- 48х - 20=0, х1+х2 = және х1/*х2 = ах2+вх+с=0 -нің екі жағын да а-ға бөлсек -келтірілген квадрат теңдеуін аламыз. х2+рх+q=0 (1) - келтірілген квадрат теңдеу Екеуін салыстырып: , q= шығады. Виет теоремасы: Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтінділері бос мүшеге тең. І кезең: «Қызығушылықты ояту» Крассворд шешеді. Тапсырма: Егер дұрыс сөздерді тапса, онда француз математигінің фамилиясы шығады. Сұрақтар: 1. ах+вх+с=0, (a=0) теңдеуі қалай аталады? (квадрат) 2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формуласындағы түбір астындағы өрнек? (дискриминант) 3. Квадрат теңдеудегі а және в. (коэффициент) 4. Квадрат теңдеудің дербес түрі? (толымсыз) Тарихи дерек (математик Франсуа Виет) туралы айту. ІІ. Өткен материалды еске түсіру. «Сөре және мәре» ойыны бойынша формулалар мен анықтамалар қиылып таратылады, басы бір топқа, соңы екінші топқа беріледі. Олар құрастырып оқиды. ІІІ. Мағынаны ажырату. Оқушыларға әр деңгейдегі үлестірме таратылады. 1-ші жеке жұмыс. 2-ші жұптасады. 3-ші топтасады. Тапсырмаларын бір-біріне түсіндіреді. (Әр топтан оқушылар есепті тақтада шығарады) Тапсырма: 1. Теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін тап: 2x-2x-2=0; 3x+4x-6=0; x+6x+8=0. 2. Виет теоремасын пайдаланып теңдеудің түбірін тап: x-x-6=0; x-5x+6=0; x+4x-12=0. 3. Белгілі түбірлері бойынша квадрат теңдеу құрастыр: А) 1,5 және -2 Б) -1 және 3 В) 1 және 2 Г) 0 және 5 4. Теңдеуді шеш: а) 3(x-2)-x=2x б) 3x+3/2=1-x/4 в) (x-3)=1 г) (x-1)(x+2)+3x=10 Кітаппен жұмыс. №154, 155, 156. Сабақты бекіту. 1. «Иә» немесе «Жоқ». «Кім қырағы» ойыны. Теңдеу Түбірлерінің қосындысы Түбірлерінің көбейтіндісі x-37x+27=0 -37 27 y+41y-371=0 -41 -371 2x-9x-10=0 4,5 5 3x+12x+7=0 4 -7/3 3x-10=0 -10 0 Қатесін айтып дәлелдейді. Қандай жағдайда Виет теоремасы және оған кері теорема қолданылады? Рефлексия - Өзің үшін қандай жаңа білім алдың? - Нені білгің келеді? Үйге тапсырма: № 159, 162 Бағалау. Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау | |
Просмотров: 1336 | Комментарии: 3 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|