Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Алматы облысы Алакөл ауданы «Қарабұлақ орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» мемлекеттік мекемесі математика пәнінің мұғалімі Садуова Алия Мансапбековна Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Математикалық марафон. Мақсаты: 1) Математика пәнін дене тәрбиесі пәнімен байланыстыру, оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа, іскерлікке дағдыландыру. 2) Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып, үлкен жетістіктерге жетуге тәрбиелеу. Көрнекілігі: спорттық құралдар Пәнаралық байланыс: дене тәрбиесі Жоспары: 1. Оқушыларды екі топқа бөлу. Ойын шартымен таныстыру. 2. Сәлемдесуі, ұраны. /5балл/ 3. Допты жерге соғу / 5 балл/ «Логикалық тапсырма» / әр дұрыс жауап 1 балл/ 4. Кенгуру /5 балл/ «Қас қағым сәт» сұраққа тез жауап беру / әр дұрыс жауап 1 балл/ 5. Қаппен жарыс /5 балл/ «Мақалды жалғастыр» / әр дұрыс жауап 1 балл/ 6. Эстафеталық таяқты беру /5 балл/ «Жұмбақ шешу» / әр дұрыс жауап 1 балл/ 7. Марапаттау. Өту барысы: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған математикалық марафонға қош келдіңіздер! Өмірде ойлап тұрсаң бәрі де есеп, Ауырсаң іше-тұғын дәріде есеп. Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз-ау, Дүниенің бар тұлғасы есеп десек, дей келе марафонымызды бастамас бұрын бүгінгі қатысушыларымызды ортаға шақырайық. 5- сынып оқушыларынан құралған «Алғырлар» тобы және 6- сынып оқушыларынан құралған «Тапқырлар» тобы. Сайыскерлеріміздің ойынын әділ бағалайтын әділқазылармен таныстырайық. І Амандасу рәсімі. «Алғырлар» тобы: Сәлемдесуі. Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз, жүзіп келед кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалайда біз жеңеміз. «Алғырлар» тобынан қарсыластарға жалынды сәлем! Ұраны: Қандай сынақ болсадағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. «Тапқырлар» тобы: Сәлемдесуі. Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз, Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз. Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. «Тапқырлар» тобынан қарсыластарға жалынды сәлем! Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі жарыста алғырлықпен жеңеміз. ІІ Допты жерге соғу / 5 балл/ «Логикалық тапсырма» / әр дұрыс жауап 1 балл/ «Алғырлар» тобына: 1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3кг) 2. Үстел беті төртбұрышты , оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш) 3 .Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ) 4. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Қанша торғай қалды? (10) 5. 1 жұмыртқа 3 минут піссе, 4 жұмыртқа қанша минут піседі? (3 минут) «Тапқырлар» тобына: 1.Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр. Әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? (4 мысық) 2.Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? (6 бала) 3. 1тонна мақта ауырма, 10 центенер темір ауырма? (тең) 4.Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 27 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген? ( Ол да 27 км жүрген) 5.Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе , бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут) ІІІ Кенгуру /5 балл/ «Қас қағым сәт» сұраққа тез жауап беру / әр дұрыс жауап 1 балл/ «Алғырлар» тобына: 1.Қандай цифрларды жұп цифрлар деп атайды? 2. Жай сандар деп қандай сандарды айтады? 3. Қандай натурал сандар 3-ке бөлінеді? 4. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады? 5.Ең кіші жай санды ата? 6. Ең кіші натурал санды ата? 7.Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? 8.Алымы бөлімінен үлкен бөлшекті ата? 9. Өзара жай сан дегеніміз не? 10. Қандай бөлшекті дұрыс бөлшек дейміз? «Тапқырлар» тобына: 1.Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? 2.Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең? 3.Айырмашылығы тек таңбасында ғана болатын сандар, қандай сандар? 4. Теріс сандардың қосындысы, қандай сан болады? 5. Тік бұрыштан кіші бұрыш, қалай аталады? 6.Берілген шаманың 1/100 бөлігі не деп аталады? 7.8/25 санын ондық бөлшекке айналдыр? /0,32/ 8. ¾ санына кері санды тап? 9.Қандай түзу перпендикуляр түзу деп аталады? 10. Сызықтық функцияның графигі қандай? ІV Қаппен жарыс /5 балл/ «Мақалды жалғастыр» / әр дұрыс жауап 1 балл/ «Алғырлар» тобына: 1. Екі жақсы қас болмас, ... (екі жаман дос болмас) 2. Бес бармақ жиналса, ... (жұдырық болады) 3. Отыз тістен шыққан сөз, ... (отыз рулы елге жетеді) 4. Бір кісі қазған құдықтан,... (мың кісі су ішеді) 5. Жеті жұрттың тілін біл,.. (жеті түрлі білім іл) 6. Ат баспаймын деген жерін... (үш басады) 7. Бес саусақ ... (бірдей емес) 8. Бір тал кессең, ... (он тал ек) 9. Бір кісі қазған құдықтан,.. (мың кісі су ішеді) 10. Ер бір рет өледі, ... (қорқақ мың рет өледі) «Тапқырлар» тобына: 1. Бір түйір дәнде,...(бір тамшы тер бар) 2. Алтау ала болса,... (ауыздағы кетеді), Төртеу түгел болса,... (төбедегі келеді) 3. Екі жақсы... (қас болмас), екі жаман (дос болмас) 4. Алдыңа бір қарасаң, ... (артыңа он қара) 5. Досыңның мың болғанына мақтан, ... (дұшпаның жалғыз болсада сақтан) 6. Алты аға бірігіп әке болмас, ... (жеті жеңге бірігіп ана болмас) 7. Досыңды үш күн сынама,.. (үш жыл сына) 8. Бермегенге бесеуде көп, ... (алғанға он болсада аз) 9. Жалқаудың екі досы бар: ... (бірі-ұйқы, бірі күлкі) 10. Білгенін бір тоғыз, ... (білмегенін тоқсан тоғыз) V Эстафеталық таяқты беру /5 балл/ «Жұмбақ шешу» / әр дұрыс жауап 1 балл/ «Алғырлар» тобына: 1. Өзі төрт қанатты және алты аяқты, Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі сияқты . (Инелік) 2. Екі айнасы бар, екі найзасы бар , Төрт сылдырмағы бар, бір шыбыртқысы бар. (Сиыр) 3. Аяғы біреу қолы жоқ. Шиыр-шиыр жолы көп. (Қалам) 4. Екі ағайынды , екеуі де бір үйде, Бірін-бірі көрмейді .(Көз) 5. Бес ін, бес іннің аузы бір ін. (Қолғап) «Тапқырлар» тобына: 1. Таңертең төрт аяқты, Түсте екі аяқты, Кешке үш аяқты. (Адамның қартаю кезеңі) 2. Тоғыз белбеу , қос жібек, Екі мұрын бір шүмек. (Домбыра) 3. Елу тісті, ек қолды. (Екі кісілік ара) 4. Ақ шапанын үстінен, Алты ай бойы шешпейді, Қара шапан үстінен Алты ай бойы түспейді. (Қыс пен жаз) 5. Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар. Сегіз тұяғы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі) Біреу озса жарыста, Біреу артта қалады. Ренжімей тараса, Озғандар жарады. Жарыс заңы ежелден, Жеңімпазды анықтау. Жеңімпаз болу шарты сол- Еңбектену, жалықпау,- дей келе қорытынды сөз әділқазы алқасына беріледі. VІ Марапаттау Білім деген биік шың, Бақытқа сені жеткізер. Білім деген ақылшың, Қиындықтан өткізер,- деп сабағымызды аяқтаймыз. | |
Просмотров: 1620 | Комментарии: 4 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|