Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
31.10.2014жыл 9-11 сынып Пән мұғалімі:Ахметжанова Р.И. Тақырыбы: «Білімділер сайысы» математикалық интеллектуалды ойын Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту. 3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу. Қатысушылар: 9-11 сынып оқушылары. Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел, интерактивті тақта. Түрі: математикалық интеллектуалды ойын Типі: Ойын түрінде Жоспары: 1. Амандасу, ұйымдастыру, әділ – қазылар алқасын тағайындау Жұп өзін таныстыруы, амандасу рәсімі 2. Викториналық сұрақтар. 3. Ойымды жалғастыр... (мақал-мәтелдер) 4) Логикалық есептер 5). Ой сергіту (Сөзжұмбақ сайысы) 6). Кім шапшаң? сайысы (есептер шығару) 7). Қорытынды. Қолданылған нақыл сөздер: 1. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон) 2. «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың патшасы» К.Гаусс 3. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек». М.Искаков Барысы: 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін есте тұтып, Оқығанын миға тоқушылар. 2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Сіз оқытқан окушылардың, Сәті келді сыналар. 1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз, Арасында ойын ойнап жарысамыз. Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар. Әзіл есепті де жүзеге асырамыз. 2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық, Кешімізді біз бастайық, Әділ бағаға қалтасы толы, Әділқазыларды шақырайық. 1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған. 2- жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан табылады. Нақты білім, терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда Сіздерге құрметпенен қол соғылады. Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық. 1 – бөлім. Таныстыру: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жеребьевкамен өз жұптарының атын таңдап, ұранын бірге қосылып, нақты айтулары керек. А) 9-сынып Ұраны: Білікті бірді жығар. Білімді мыңды жығар. Таныстыру: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым, Көрсетеміз бізде қандай күш барын. Алға қойған мақсатымыз бір екен. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым. В) 10-сынып Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе, Әрқашанда үміткерміз жеңіске. Таныстыру: Армандарға қол созумен келеміз, Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз. Білімменен қаруланған тобымыз, Қарсыласты қалай да біз жеңеміз. С)11-сынып Ұраны: Жарыс десе жанамыз, Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз. Таныстыру: Қиындықтан сірә да біз қашпаймыз, Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз. Қияларға самғап ұшқан құстаймыз, Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз. Әділ – қазылар таныстыруды 3-5 баллмен бағалайды. 2 – бөлім. Викториналық сұрақтар: Бір топқа алгебралық, геометриялық және логикалық сұрақтар қойылады (әр топқа жеке). Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап 10 баллмен бағаланады. Оқушылар жеребьевкамен өз жұптарының шығу ретні анықтайды. 1 – сұрақтар тобы : 1. Квадраттың ауданы неге тең? 2. Пирогтың 1/3 бөлігін жеп қойдым неше бөлігі қалды? 3. Бөлшектің алымы бөлімінен үлкен болса не деп аталады? 4. 5 жұмыртқа 5 минутта піседі.Бір жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек? 5. Санды неге бөлуге болмайды? 6. 75-тің квадраты неге тең? 7. 45-тің квадраты неге тең? 8. Бассейннің төрттен бір бөлігіне су құйылды,неше бөлігі қалды? 9. 965 саны 9-ға бөліне ме? 10. 2-ге бөлінетін сандар? 2 – сұрақтар тобы: 1. Әріпті өрнек деген не? 2. Тік төртбұрыштың ауданы? 3. Квадраттың периметрі? 4. Кубтың көлемі? 5. Ағасы інісінен 5 жас үлкен, неше жылдан кейін ағасы інісінен 7жас үлкен болады? 6. Қандай сандар 9-ға қалдықсыз бөлінеді? 7. 2-ге болінбейтін сандар? 8. 5-ке бөлінетін сандар немен аяқталады? 9. Құрама сан деген не? 10. 1-қаңдай сан? 3 – сұрақтар тобы: 1.Шенбер бойынан центрге дейінгі қашықтық? 2.Шаршының7-ден 5 бөлігі боялған, неше бөлігі боялмаған? 3.Бөлшектің алымы бөлімінен кіші болса? 4. 187 саны 3-ке бөліне ме? 5. Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі сан не деп аталады? 6. 85-тің квадраты? 7. 55-тің квадраты? 8. 10000 саны 9-ға бөліне ме? 9.Апам көмірдің 3-тен 2-сін жақты, қанша бөлігі қалды? 10. 1кг ұнның бағасы 60теңге , 2,5кг ұнның бағасы неше? (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады) 3 – бөлім. Ойымды жалғастыр..: Бұл оқушылардың жылдамдығына арналған тапсырма. Алғаш қолын көтерген оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады. Сұрақтары: 1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл) 2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар) 3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас) 4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына) 5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ) 6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын) 7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды) 8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз) 9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді) (Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады). 4 – бөлім. Логикалық есептер..: Жұппен жұмыс: 1) Әжесі неше жаста болса немересі сонша айда,екеуінің жастарынын қосқанда 52 болады. Олар қаншада? 2)Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг болады.Ал егер екі аяғымен тұрса ше? 3)Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке, Мықты болсаң, қанша екен тез есепте, Алдында екеу, екеу келеді артында, Екі-екіден келеді қос бүйірде. 4)Қонақтарға екі адамға бір табақтан қойса бір табақ жетпейді.Үш адамға бір табақтан қойса бір табақ артық қалады.Қонақ нешеу, табақ нешеу? 5) Бір шаруаның қасқыры,ешкісі,капустасы болады екен.Оларды өзеннің арғы жағына алып өтуі керек.Егер шаруа болмаса олар бірін-бірі жеп қояды. Сұрақ:Оларды бір-біріне жегізбей өзеннің ары жағына қалай алып өтуге болады? 5 – бөлім. «Ой сергіту» жұмбақтар сайысы. 1-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар, Есте болар, құрбылар, бәріңнің де. Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек Артық болмас, бастайық, кезек бізде. Барлық топқа бірдей тапсырма, оқылады. Жұптар жарыса жауап береді. 1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, Ұзындығы жазылып тұр бойында. (Сызғыш) 2. Өмірің сенің қызық, Жолында жоқ түзу сызық. Басы да жоқ, аяғы, Бір айналым баяғы. (Дөңгелек немесе шеңбер) 6 – бөлім. Кім шапшаң? ЖҰПТАР жарыса жауап береді. Әр жұп жарыса кім көп «К»және «Қ» әріпіне математика сөздерді жазады? Әр дұрыс шешілген 1 баллмен бағаланады. Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады. Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады. 1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар, Есептану пәні бар. Сабағынды егер оқысаң, Өмірде саған жол болар. 2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Ал, қазыр әділқазылар сөз алады. Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап, Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады. Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау. | |
Просмотров: 1255 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|