Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: §15. Шеңбер және дөңгелек Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: Шеңбер және дөңгелекпен және олардың элементтерімен таныстыру. 2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру. 3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу. Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар. Оқытудың әдісі: Түсіндіру, практикалық Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу, ә) оқушыларды түгендеу, б) оқушылардың назарын сабаққа аудару в) сабақтың мақсатымен таныстыру Үй тапсырмасын тексеру 1.Үй есебінің орындалуын тексеру 2.Оқушылардың сұрақтарына жауап беру Жаңа тақырыпты түсіндіру. О нүктесінен бірдей қашықтықтағы нүктелерден бірдей қашықтықтағы нүктелерден құралған тұйық сызықты шеңбер деп атайды. О нүктесін шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің барлық нүктелері центрден бірдей қашықтықта жатады. Жазықтықтың шеңбердің ішіндегі бөлігі дөңгелек деп аталады. Шеңбердің бойындағы кез келген нүктені центрмен қосатын кесінді радиус деп аталады. Шеңбердің бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесіндіні диаметр деп атаймыз. Диаметр екі радиусқа тең: D=2R Шеңбердің бөлігі доға деп аталады. Есептер шығару № 382, №383, №384 жазбаша тақтада орындау №385, № 386 өздіктерінен Сабақты бекіту кезеңі: 1. Шеңбер деген не? 2. Дөңгелек деген не? 3.Шеңбердің доғасы деген не? Бағалау. Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма: §15 сұрақ 1-6, № 387, №388 | |
Просмотров: 1287 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|