Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Сабақтың тақырыбы: 100 көлеміндегі қосу және азайтудың жазбаша тәсілдері. 32+45, 77-32 түріндегі қосу және азайту. • Сабақтың мақсаты: разрядтан аттамай қосу және азайтудың жазбаша тәсілдерімен таныстыру. • Жаңа материалмен танысуға дайындық және өтілген материалды қайталау. • Әр нәрсеге, айтылған ойға мән беру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Интер . тақта, плакаттар. Сабақтың барысы: Сабақты бастамас бұрын, келген қонақтар мен амандасу, оларды таныстыру,арада жылы қарым –қатынас орнату. -Балалар, артқа қарадық ,бұрылдық, басымызды иіп амандастық. Енді орнымызға отырып, музыка ырғағымен «Тыныс алу» тыныштық сәтін жүргіземіз. Жаңа материалды қарастыруға дайындық үшін екі таңбалы сандардың ондық құрамын еске түсіру керке:Ауызша орындалады. • 47- бұл неше ондық, неше бірлік? • 85 санында неше ондық, бірдік бар? 70 санында ше? • 2 ондық 3 бірліктен тұратын санды ата. Слайдпен көрсетемін,өздері шығарып,1 минут уақыт беріледі,тексертемін. 36+23= 59 59-23= 36 89-28=71 51+23=74 43+25= 68 63-21= 42 57+22= 79 72-21=51 -Жақсы,осы жерде не байқадық? Қандай математикалық тәртіп байқалды? -Бірлікке бірлікті қостық,ондыққа ондықты қостық.Бұлардың орнын ауыстыруға болмайды. -Ал өмірде осылай орнын ауыстыруға болмайтын не бар? -Балалар, өз ойларын айтады.Дұрыс, АНА! Ендеше «Сәуленің анасы »деген болған оқиғаны айтып берейін.Талдаймыз. Қорытындыны балалар өздері шығарады. -Дұрыс, біз бәрін өлшеп, өз ойымызды салмақтадық , ал күнделікті өмірде, қандай өлшем бірліктерін білеміз? Ұзындық өлшем бірліктері-км,м,дм,см,мм,. Масса өлшем бірліктері-т,ц, кг,гр,мл гр,Ауызша сұрап шыққаннан соң , мына слайд бізге сабаққа керек сол үшін көрсетемін. 1км-1000м 1м-10 дм 1дм-10см 1см-10мм 3см+6см= 5дм+1см= 7дм+2дм= 9дм+1см= 4дм+2см= 5дм+6см= - Қандай өзгеріс байқадық? -Дм –і см-ге айналдырдық. -Неге? -Солай қосқан ыңғайлы. -Дұрыс ендеше ережені өздерің шығардыңдар. ЕРЕЖЕ: Әр түрлі өлшем бірліктерінде өрнектелген шамаларды қосу және азайту кезінде оларды ең кіші бірдей өлшем бірліктерге айналдырып алып , амалды орындаған тиімді. 5дм 3см 53см + + 3дм 2см 32см ------------ ------------ шығарылу жолын көрсетемін,түсіндіремін. -Өздері слайдтан әр қатар жарысып шығарады. 1-қатар 3дм 2см+5дм 6см=58см 7дм 8см-2дм 5см=53см 2-қатар 3дм 3см-1дм 1см=22см 7дм 9см-6дм3см=16см 3-қатар 7дм 6см+2дм1см=97см 5дм5см-2дм1см =34см Кітаппен жұмыс: Слайдқа жазамын. А) Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыру және оны шығару.Дәптерге орындаймыз. Болды-85теңге Жұмсалды-40 теңге және 25 теңге Қалды-? теңге Ә) Қысқаша жазылуы бойынша кері есептер құрастырамыз және оларды шығарамыз.Келесі оқушы шығарады. Дәптерге орындаймыз. Болды-?теңге Жұмсалды-40 теңге және 25 теңге Қалды- теңге Болды 85 теңге Жұмсалды -? теңге және 25 теңге Қалды- теңге Сергіту кезеңі: Тақтаға іліп қоямын, «Көбелек» ойынын ойнаймыз. -Сендердің алдарыңда конверттер жатыр , сол конверттегі есептерді баған түрінде жазып есептейміз.Слайд арқылы тексереміз. 98-23 =75 29-13=16 41+36=77 4дм2см+47см=89см 45+21=66 95-63=32 31+14=45 7дм6см-5дм2см=1дм4см -Енді «Сиқырлы шаршы» ойынын ойнаймыз. Көрермендер , келген қонақтар да ойнауға болады.3-қатарға бөлеміз. 3- қатар 3-шаршыны шешеді. 2 5 3 6 8 5 - Біз бұны қалай шығардық? - Жолын білдік, қалай шығарылуын үйрендік. - Сонда барлық есептің шығарылу тәртібі бар екен .Ендеше ,дұрыс әрекет етсең ,алынбайтын қамал , шығарылмайтын есеп болмайды екен. Б. Момышұлының мынандай сөзі еске түседі ,«Тәртіпке бағынған ел, құл болмайды.» - Үйге133-бет, №5 тапсырма Қорытынды: Сабақты қорытындылап,мадақтап рахмет айтамын. Келген қонақтар сіздерге -рахмет,жақсы қатысқан балалар сіздерге- рахмет және өзіме рахмет? Неге мен өзіме рахмет айттым? -Адам әр нәрсені өзінен бастау керек.Өзін силаған адам,өзгені де силайды. -Осыған байланысты қандай мақал бар? -Өзіңмен өзің түскен күрес, ең қиын күрес. Өзіңді өзің жеңген жеңіс-ең ұлы жеңіс!- деп сабағымызды аяқтаймыз. -Орнымыздан тұрып, басымызды иіп , сау болыңыз дейік. Рахмет! | |
Просмотров: 1785 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|