Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулін қалай және неліктен ықпалдастырғаны туралы рефлективтік есеп Мен 1-бетпе-беттен сындарлы оқыту теориясының негізгі жеті модулін оқып талдап теориялық білімінді жетілдірдім. Игерген білімінді мектеп тәжірибесінде тізбектелген сабақтар топтамамда ықпалдастыра қолдандым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп, акпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модулдерін өзара ықпалдастыра отырып, оқушылардың сын тұрғысынан ойлауға үйрету модулінің маңыздылығана баса назар аудардым. Себебі, математика сабағында логикалық ойлау тапсырмалары ауқымды және оқушыны сыни ойлауға итермелейді. Қолданысымызда болған оқыту әдіс-тәсілдерінің оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларына әсерін, ықпалын көрсеткім келді. Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49-бет). Болашақ – жастарымыздың қолында болатындықтан, сапалы - бәсекеге сай келетін ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мұғалімге жүктелген салмақты жауапкершілікті сезіндім. Тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді ықпалдастыра отырып, «Қатынас және пропорция» тарауындағы тізбектелген сабақтар топтамасын оқыту үдерісінде тәжірибелер жасау арқылы оқушыдардың сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру жалпы мақсатын қойдым. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болып табылады (Мұғалімге арналған нұсқаулық 6-бет). Мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижесіне оң ықпал ететіндіктен, сыныпты басқарудағы көшбасшы екенімді көрсеттім. Ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруда «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуліндегі диалогтың маңызы зор. Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыру мен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет). Сыныптың зейіндерін бір арнаға бұру мақсатында «Жүректен-жүрекке», «Реттілікті сақтау», «Жақсы досымның қасиеті», «ТВ» әдіс-тәсілдерін жоспарладым. Тәжірибемде 6 сынып оқушылары «Жүректен-жүрекке» әдіс-тәсілінде сабақ аясындағы тілектермен шектелмеді. Оның дәлелі, «Өмірде бақытты бол!», «Мен, сенің биік белестерді бағындыратыныңа сенемін» деген оқушы жауаптарынан ойларының ұшқыр екенін көрдім. «Реттілікті сақтау» тәсілінде оқушылардың тез әрі жылдам өзін-өзі реттеуге, топта бірлескен жұмыс жасай алатынын көрсетті. Бұдан байқағаным, сынып оқушылары әлеуметтік, танымдық, эмоциялық аспектілерде өзін-өзі реттей алатынына көзім жетті. Себебі, бізді алға жылжытатын және біздің мінез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін стимул болып табылатын әртүрлі жеке сипаттамалары бар барлық когнитивті және аффективті компонентердің үйлесуі болып табылады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 25-бет). «Досымның жақсы қасиеті» әдіс-тәсілін қолдану арқылы оқушылар арасында достық, бауырмалдық қатынастың орын алуын қамтамасыз етуге жағдай жасадым. Оқушылар «Сен әдемісің», «Сен сабырлысың», «Б ақ көңілсің» деп ақтарыла жақсы қасиеттерін айтты. Осыдан оқушылардың бір біріне жылы жүзбен қарап, күліпсіреп, көздерінен отты көре алдым. Оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатанас жасаудың бірсарынды үдерісі емес керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды. Александердің тұжырымдамасы негізінде сыныпта Мерсердің зерттеуіне сәйкес зерттеушілік әңгіме болатындай «Мен саған, сен маған» тапсырмасын дайындадым. Тапсырма оқулықтан емес, зерттеуді талап ететін сынып ішіндегі шкаф, топ партасы, сыныптың еденін 1:100 масштабын анықтауға берілді. Оқушыларға алдын ала берілген тапсырма ретінде үйден алып келу керек еді. Ал сыныптағы кедергі оқушылардың метр алып келмегендігі болды. Осы кедергінің болуын алдын ала сыни ойластырып келген едім. Қосымша құрал ретінде арқан мен қадамды пайдалануды ұсындым. Тапсырманы орындау барысында оқушыларда бірлескен оқу, жұптық, топтық жұмыстары жүрді. С және В топбындағы оқушылар өлшеумен айналысты. А тобының оқушысы есептеу үшін не істеулері керек екенін басқару таныта білді. Сыныпта А топ оқушыларында сыни тұғыдан ойлау қабілеттері басымырақ екенін көрсетті. Менің тарапымнан әрбір оқу процесстерінде идея ұсыну, оқушыларды жұмыс істеуге итермелеу, көмек қажет болғанда жол сілтеу, сыныпты түгел қамтып басқару болды. Оның дәлелі ретінде мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта және кім үшін, қалай өткізуі екендігі туралы түсінігіне қарай «Өрмекші торы» , «Позитивті доп», «Ыстық орындық», «Бір қадам артқа» жетістікке жеткендгін көрсететін кері байланыс тиімді ұйымдастырдым. «Өрмекші торы» әдіс-тәсілінде оқушылардың арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастары нығая түсті, өзара ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Оқушылар топ ішінде өрмекші торын құра отырып, жұптасқан диалогқа түсе отырып, сұрақтарға жауап берді. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда сұрақ қойған оқушы өзі жауабын ойтып түсіндірді. Оқушылардың «Бір қадам артқа» әдіс-тәсілінде оқушылардың бір-біріне қойған сұрақтарынан ашық сұрақтарды байқадым. Масштабтың басқаша қандай жағдайда қолданысын көрсете аласың? Бұл сұрақтың астарынан диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауда дамытатынын көрдім. Сыныпты топқа бөлуде әр сабақта сол тақырыпты ашатындай етіп «Мемлекет аттары», «Бес саусақ», «Түрлі-түсті шарлар», «Сиқырлы таяқшалар» көмегімен топтарға бөлуді ойластырдым. Оқушыларды топқа бөлуде тақырыппен логикалық байланыс орнатылды. «Масштаб» тақырыбында «Мемлекет аттары» дамыған немесе өте таза елдермен байланысты ойлау қабілеттеріне Бандураның өзіндік тиімділік туралы ақпарат көздерінде «Пішімдеу» ол мемлекеттер жасағанды біз жасай алмаймыз ба? Сондай-ақ пән аралық байланыстарды да көрініс тапты. «Бес саусақ» бірігіп бір жұдырық болатындықтан бірлікте жасалынған еңбек өнімдірек болмақ, сондықтан жаңа сабақты бірлесе талдау, талқылауға жұмыла оқып түсіну. «Түрлі түсті шарлар» фигуралармен денелерді ажырату, салыстыру қолданысын ашу болатын. Келесі сабақта «Сиқырлы таяқшалар» арқылы топтастырдым. Мұндағы ой таяқшалардың белгілері арқылы оқушылардың ойлауына, өзара талқылауына және қорытынды жасауына ықпал ету болды. Сабақтар топтамасының негізгі бөлімдерінде тәжірибе жұмыстарын кеңінен жоспарлап өткіздім. Мысалы, «Масштаб» тақырыбы бойынша оқушылардың ойларын, білімдерін жинақтау үшін өлшеуші, зерттеуші рөлдік қызметінде 1:100 масштабын постерде түсіріп, берілген тапсырманы әр топ өз өлшеуіш құралдарымен есептеп, дәлелдеп, себеп салдарын айта білді. 1-топ оқушылары сыныптың ауданын қадаммен 1:100 масштабын шығара алды. Келесі топ, партаның ауданын жіппен, үшінші топ шкафтың ауданын метрмен өлшеп көрсетті. Бұдан сыни тұрғыдан ойлау дағдылары байқалды. Берілген тапсырма бойынша сыни ойлаудың бақылау, талдау, қорытынды және интерпретация дағдылары анықталды (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 49-бет). Сабақтан соңында орнатылған кері байланыста оқушылар әртүрлі өлшеуіштер арқылы масштабтарды есептеуді үйренгендері және келешекте тәжірибеде қолдана алатындары байқалды. Оқушылардың өзара ынтымақтаса жұмыс жасауына және оқып үйренуіне топтық тәжірибелік тапсырмалардың ықпалы болды. «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты – қабылдаушының көзқарасы тұрғысынан алғанда оқудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін оқуды қалай жақсарту» деген Джин Раддоктың «Оқушы үні» жобасын негізінде оқушылармен пікірлесу, кері байланыс орнату орынды деп санаймын. Екінші сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша ой шарлап, логикалық саяхат жасалынды. Спорт залдағы елестету арқылы ой шарлауда «Арман қайда барды?», «Нені көрді?», «Айдана қандай спорт түрімен айналысты?» сұрақтары берілді. Оқушылардың жауаптарында спорт залдағы спорт құралдарынан шеңбер, дөңгелек, шар, сфера тақырыбын ашуға итермеледім. Сабақта оқушыларға тәжірибе жасау арқылы түсіндіру жоспарланды. Біз, мұғалімдер оқушы денсаулығына жауапты болғандықтан тәжірибе түрін өзгерттім. Себебі, келеңсіз жағдайдың алын алу жолы ретінде пышақпен кесу тәжірибесін, кесілген көрнекі құралдарды дайындап алып келдім. Оқушыларды сыни ойлауға итермелеуге банканың ризина қақпағы, попригон добы, тенис добы және резина қақпақтың ернеуін топтарға үлестіріліп берілді. Оқушы аталған тақырыпшалар бойынша топтық әңгіме негізінде постерлер дайындап көрсетті. Осы тақырып меңгерудегі кедергілер оқушы доптар қызықтап ойнап бір-бірлеріне лақтырып ойнағаны және тойларда үрленетін шармен кәдімгі шарды жиі шатыстыруы болды. Кедергіні еңсеру үшін оқушыларға дайын кесілген көрнекі құралдары беріліп, сұрақтар қойылды. Кітаптан анықтаманы оқышы А оқушы. Ал енді қолындағы шеңберді қара. Не айта аласын? Ойынды айтшы? Деген түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары қойдым (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 41-бет). Оқушылар ойларын ойланып, түйінді ой түйе білді. Менің айтқанымды оқулықпен слыстыра өз ойларынан қорытып отырды. Оның дәлелі «Толған ай дөңгелек болады ғой, иә?», «Баскетбол добы сфера ма?» деген сұрақтар қойылды. Мен оқушы ойы нақты және шынайы деректер негізінде есте қалдыру үшін жауапты қайталадым. Сыни ойлау тұрғысынан айтылған сұрақты қайталап оқып, ал кітаптарыңнан тақырыптағы екінші анықтаманы оқышы. Сонымен толған айды дөңгелек екенін талқылай отырып көрсетуге бағыттадым. Кезекті сабақтар осы тақырыптың мәнін ашу болғандықтан формулаларын үйретуде тіктөртбұрышпен салыстыруды қолдандым. Ол үшін гүлзар дөңгелек пішіндес абстрактылы ойлауға итермелеу. Яғни оқушыға оймен терең ойлайды, елестетеді. Гүлзарды қоршаймыз. Ол дегеніміз – шеңбер. Неге? Себебі, айналдыра қоршаймыз ішінде гүлдер өсіп түрады. Ал енді қоршауға қанша материал кететінін қалай өлшейтіндерін сұрадым. Мұғаліммен оқушы диалог жасай келе кездескен сабақ барысында қиындықтарды өздері бірлесіп жеңуге ықпалын тигізді. Нәтижесінде оқушылар ол қоршауды шеңбердің ұзындығын табу формуласы екенін таба алды. Көріп жаттатқаннан гөрі ізденіп тапқандықтан оқушы ойында мәңгі жаңғырып тұрары анық. Дөңгелектің ауданы формуласын қорытып,шығаруда гүлзарға оралдық. Оның ішінде өсіп тұрған? Қаншалықта ауданды алып жатқанын табу үшін формуланы сұрадым. Формуладағы радиус пен пи санын бірнеше рет есте қалдыру үшін қайталап сұрадым, тіптен кейде өзімде қайталап айтып тұрдым. Центр дегеніміз не? Деген ортақ сұрақ қою арқылы арқылы айырмашылығын ұғындыру еді. Сыни ойлауынын жемісі сұрақтарды айналдырып, ойлауды қажет ететіндей қайта бағыттап сұрау. Сонымен оқушылардың фигуралармен денелерді ажыратуға өздігінен апару әдіс-тәсілдеріне ұтымды келтіру. Берілген тапсырма оқушылар алдында жатқан шеңбер, дөңгелек, шар, сфера көрнекі құралдарына қарап дәптерлеріне суреттерін салу. Нәтижесінен көрергенім оқушылар фигураларды басып сала алатынын көрсетті де, денелерді сала алмады. Дәлелдердің деңгейімен маңызын мойындады. А тобындағы оқушы дарындылығын көрсете білді. Оның пікірінше, шеңбер мен дөңгеек фигура оны біз еш қиындықсыз сала алдық. Ал қалғанары дене болар, өйткені оларды салуда оңайлыққа түспей тұр деп ерекше ойлайтының танытты. Сыныпта бірлесіп орындауға ментальды картаға шеңбер, шар, сфера, дөңгелектің сабақтан тыс жердегі қолданысынан мысалдар келтіре алды. Оқу процесінде мінсіз сабақтарын жақсы оқып, өзін тек әдепті, байсалды қырынан ғана көрсете білген А тобының оқушысы басқару қызметін мойынына ала отырып, тобын алға жетелей білді. Бірлескен топтарда С тобына деген көзқарастары өзгерді. Венн диаграммасын сабақта фигуралармен денелердің ұқсастықтары мен айырмашылықтары ажырату, қайталау, ой түюге дайындалды. Нәтижесінде оқушылар өздері Венн диаграмманы толтыра алды. Оқыту үрдісінде ортадағы қаламсап әдіс-тәсілін қолданары анық. Және менде сабақтарымда «Кубизм», «Тамыр, ағашы, жемісі» қолдандым. Оқушыға берілетін тапсырма атынан-ақ сыни ойлауды талап ететіні көрініп-ақ тұрды. «Кубизм» әдіс-тәсілінде оқушыға алдын ала жақтарға орналастырылған тапсырмалар берілді. Тапсырмалар оқулықтын А, В тобындағы оқушылар ерекше тартысты додада көзге түсті. Олар есептерді бірлесе отырып тез шығара алды. Оны оқушы жұмысының тиянақты, нақты және жан-жақты болуынан көрінді. Қорытынды бөлімде оқушыларға берілген тапсымалар диалогтік қарым-қатынасқа тарту. Тізбектелген сабақтар топтамамда «Білемін. Үйрендім. Білгім келеді» кері байланымпен оқушылардық нені үйренгенімен нені білгісі келетінін келесі сабағымда ескеріп оқушы үнін есту еді. «Мен тағы қандай математикалық өлшемдер бар екенін білгім келеді», «мысалы, партаның ауданының масштабын табу үшін қадаммен, жіппен өлшеуге болатынын үйрендім», «мен бүгін сабақта бір-бірімізге тілек айттық. Допты сұрақ қойып лақтырып жауап бердік», «мен метрден басқада өлшейтін құралдарды қолдана алатын болдым» дегендей ойларымен бөлісті. Оқушылардың басым көпшілігі масштабты білдім, үйрендім деп жазған. Келесі «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера» тақырыбындағы кері байланыста тұйыққа тірелдім «Қалай есте сақтасам» депті. Ол оқушыға мнемоникалық еске сақтауға оны өзінің күнделікті өмірде көріп қолданып жүрген заттармен байланыстырып, есте жаққсы сақтауға болатынын түсіндірдім. «Тілші» әдіс-тәсілінде оқушылардың «оқушы-оқушы» жағдайындағы қарым-қатынасқа әкелу үшін қолданылды. Мерсер құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Оқушылар жұпта немесе топтард жұмыс істегенде, олар «мұғалңм-оқушы» сұхбаты түрінде өзара іс-қимылға қарағанда мейлінше «симмметриялы» болып табылатынын өзара іс-қимылға тартылады, осылайша, негізделген дәлелдерді әзірлеуге және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 29-бет). Тұжырымына сүйене отырып, өзімнен бастап оқушылар өзара жұппен сұхбаттасуларына жағдай жасадым. Бақылауда С тобындағы оқушылар сұрақтарын дұрыс қоя алмайтындарын, А тобынынң оқушысы жауапқа қанағаттанбайтынын байқадым. Кедергілерді анықталған соң оқушыларға сол сұрақтарын қайта бағыттап қою арқылы өзін өзі реттеуге сыни ой тастай алдым. Оқушы көзқарасын өзгертім, өйткені «Өз сөзінмен түсіндіресіңбе?» деп нақты жауап алғанша «Нақтылайтын» өңдеу сұрақтарын қою отырып жауапқа толық жауап беруге мүмкіндік жасай алды. Тізбектелген сабақтар топтамамда мен үшін сәтті болған «Масштаб» тақырыбында топтарға әртүрлі өлшеуіш құралдарын ұсынуым оқушылардың ерекше қызығушылықтарын тұдырғанын көрсетті. «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектін ауданы. Шар. Сфера» тақырыптарында қажетті көрнекі құралдарды көрсетуім. Сонымен қатар олардың ішінде қандай айрмашылықтар кездесетінің құрылымдап көрсеттім деп есептеймін. Ал енді сәтсіз болған жерлері «Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера» тақырыптарында кесілген фигуралармен денелерді қайта жапсырып бүтін бір толық фигура мен дененің құралатынын көрсету керек еді. Және де оқушылармен соңғы тақырыпқа формулаларды талдап қорытынды постер дайындатып, оны сабақтарда алдарына іліп қойсам, оқушы формуланы тізбектелген сабақтарда қалай жаттағандарында сезбей қалар еді деп ойлаймын. Алдағы уақытта алдыма қойған мақсатым Бронсон «өздік басқару» қызметін пайдалана алатын тұлға тәрбиелеу шығу. Иә, басқа мұғалімдер сияқты меніңде, болашақта сапалы білім беру мақсатым болған. Мен тек мақсатымның аясын кеңіттім десем болады. Неге десеңіз? Біз, мұғалімдер оқушының пәнді жетік меңгеруіне баса назар аударған едік. Өзімнің біліктілігімді арттыру курсынан алған теориялық білімнен кейін мен өз ұстанымымды өзгерттім. Ұстаныммына қарай көзқарасымды анықтап, шешімге келе отырып іс-әрекетке көшуді былай ықпалдастыруды көздедім. Енді мен оқушының «Қалай оқу керектігін үйрету» мен «Қалай оқу керектігіне» назар аудара отырып балаларға оқу қағидаларын үйретуде «Нені оқыту керек?», «Балалар қалай оқиды», «Оқыту реттілігін қалай құрылымдау керек», «Табысты бола білгендігіңізді қалай бағалау керек?» сұрақтар аясындағы білім беру ортасын тиімді құруға бағыттауым қажет. Ол үшін сыныптағы барлық оқушылардың сабаққа қатысуын қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдерді, оның ішінде математика пәні бойынша сыни тұрғыдан ойлауға ықпал ететін тапсырмаларды, логикалық есептерді, ситуациялық жағдаяттарды оқушылардың оқу қабілетіне сәйкес құруды қарастырамын. Оқушылардың өзара оқуына, өзара бағалау, бірлесе, ынтымақтастықта оқуына жағдайлардың реттілігіне баса назар аударамын. Сонымен қатар, оқушылардың білу, түсіну, талдау, қолдану, жинақтау, бағалау ойлау деңгейлеріне ықпал ететін аудио-визуалды ақпараттарды, талқылау, тәжірибе жұмыстарын оқытуда барынша қамтуды ойластырамын. Келешекте оқу мен оқытуды оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере отырып, алған білімді өмірде қолдануға үйретуге бағыттаймын. | |
Просмотров: 4663 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|