Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Батыс Қазақстан облысы,Зеленов ауданы Байжигитова Гулжайна Гадилбековна Сынып: 5 «а» Сабақтың тақырыбы:Координаталық сәуле.Бірлік кесінді.Координаталар басы. Нүктенің координатасы. Сабақтың мақсаты: Оқушыларды координаталық сәуле ұғымымен таныстыру. Сабақтың міндеттері: 1. Білімділігі: координаталық сәуледе натурал сандарды көрсетуге үйрету. 2. Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, өз бетінше еңбектену, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызуғушылығын ояту, оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру. 3.Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық, дұрыс жеткізе білуге, тапқырлыққа, жылдамдылыққа, тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа тақырыпты таныстыру сабағы Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, сызғыш Оқытудың әдісі: практикалық Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі а) Сәлемдесу ә) Оқушыларды түгендеу б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару в) Сабақтың мақсатымен таныстыру 2.Үй тапсырмасын тексеру №29.Ұзындығы 10-суретте берілген кесінділердің ұзындықтарының қосындысының мәніне тең; 10-суретте берілген кесінділердің ұзындықтарының айырымының мәніне тең; EF кесіндісінің ұзындығынан 2 см 5 мм кем болатын; ST кесіндісінің ұзындығынан 2 есе артық болатын кесіндіні салыңдар. 1)6 см 5 мм; 2)1 см 5 мм; 3)1 см 5 мм 4)5 см. №31.Q нүктесі ST кесіндісін екі кесіндіге бөледі. SQ кесіндісінің ұзындығы 28 дм, ал QT кесіндісінің ұзындығы SQ кесіндісінің ұзындығынан 4 есе кем. ST кесіндісінің ұзындығын табыңдар. Шешуі: SQ =28 дм, QT=28 дм:4=7 дм, ST=28 дм+7 дм=35 дм. Жауабы:35 дм. №33. Жақша ішінде көрсетілген өлшемдерден: 1)кесенің биіктігіне (10 мм; 10 см; 10 дм); 2)бөлменің биіктігіне (30 см; 30 дм; 30 км); 3) оқушының бойына (100мм; 100 см; 100 дм); 4)сызғыштың ұзындығына (20 мм;20 см; 20 дм); 5) партаның еніне (60 мм;600мм;600 дм); 6) оқулықтың қалыңдығына (15 мм; 15 см; 15 дм) сәйкес келетән ұзындықты табыңдар. №35.12- бетте берілген «Өлшем бірліктері кестесіндегі » мәліметтерді қолданып , 1) 2 тұтам 1 дм-ден қанша сантиметрге кіші; 2) 1 дм 1 дюймнен қанша есе артық екенін табыңдар. Шешуі:1)1 тұтам=4 см 5 мм =45мм; 2 тұтам=2×45мм=90мм; 1 дм=10см=100мм; 100мм-90мм=10 мм=1 см Жауабы:1 см-ге кіші 2) 1 дм=10см=100мм; 1 дюйм=25 мм; 100:25=4. Жауабы:4 есе. 3. Жаңа тақырыпты таныстыру. А. Ұзындықбірлігі ретінде кез келген кесіндінің ұзындығын алуға болады. О А ОА- бірлік кесінді О К О-координаталар басы 0 1 2 3 4 Оқылуы : К(3) - К нүктесінің координатасы 3-ке тең. 4.Есептер шығару. №37.Ауызша . 1)А,С,Д нүктелерінің координаталарын табыңдар (14- сурет) А(4), С(9),Д(10) 2) E,F,L,M,N нүктелерінің координаталарын табыңдар (14- сурет) E(10),F(50),L(140),M(110),N(70). №38.Ауызша. 1)P(10), S(40),T(50),Q(110) 2)X(60),Y(150),Z(270). Cергіту сәті:Біздер тату баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасаймыз, Жақсы сергіп қаламыз! №39.Бірлік кесіндінің ұзындығы ретінде 1 см-ді алып, координаталық сәулені салыңдар және А(3), В(7), С(9) нүктелерін кескіндеңдер. №40.Координаталық сәуледеА,В,С,Д,Е нүктелері берілген.(18-сурет).1)С нүктесінің сол жағында; 2) В нүктесінің оң жағында орналасқан нүктелеріді атаңдар. Жауабы: 1)С нүктесінің сол жағында В,Е нүктелері орналасқан; 2) В нүктесінің оң жағында С,Д,А нүктелері орналасқан. Бекіту. 1.Қандай кесінді бірлік кесінді болуы мүмкін? 2.Сандық сәулені қалай саламыз? 3.Д(8) жазуы нені білдіреді? Бағалау.Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады. Үйге тапсырма : №41,42,44,45 | |
Просмотров: 3756 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|