Главная » Статьи » В помощь учителю » Математика |
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, «Абыралы жалпы негізгі білім беретін мектебі» КММ-нің математика пәнінің мұғалімі Касыл Дана Касылкызы Пәні: Алгебра Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу Мақсаты: бұл тақырыпты игере отырып, келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формуласын есеп шығаруда қолдану дағдысын қалыптастыру. Міндеті: а) Тақырып бойынша алған білімдерін қайталау, есеп шығаруда формуланы қолдануды қалыптастыру; ә) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артыру, логикалық ой-өрісін дамыту; б) Оқушыларды ұқыптылыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жетуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: Бекіту сабақ Көрнекілігі: бағалау парағы, үлестірме карточкалар, слайд. Сабақ құрылымы: І. Ұйымдастыру; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; ІІІ. Бәйге (сұрақ-жауап); IV.Кім жылдам? (есеп шығару) V.Логика алаңы; VI. Қорытынды; VII. Үйге тапсырма; Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру; ІІ. Үй тапсырмасын тексеру; ІІІ. Бәйге (сұрақ-жауап): 〖ах〗^2+вх+с=0 қалай аталады ? (квадрат теңдеу) Квадрат теңдеудегі а,в,с қалай аталады? (коэффициент) а=1 болғанда, квадрат теңдеу қалай аталады? (келтірілген квадрат теңдеу) ах2+вх=0 теңдеуі қалай аталады? (толымсыз кв. теңдеу) ах2+с=0 теңдеуі қалай аталады? (толымсыз кв. теңдеу) ах2=0 теңдеуі қалай аталады? (толымсыз кв. теңдеу) 〖3х〗^2-5х+9=0 коэффициенттерін ата 〖-2х〗^2+4х-7=0 коэффициенттерін ата Дискриминантты табу формуласы х1/2-ші түбірін табу формуласы IV. Кім жылдам? (есеп шығару) Ә.Н.Шыныбеков оқулығы бойынша №261(үлестірмелі карточка бойынша) Теңдеуді шешіңдер: 1-карточка: 〖14х〗^2-5х-1=0 2-карточка: 〖2х〗^2+х+67=0 3-карточка: 〖2p〗^2+7p-30=0 4-карточка:y^2-3y-5=0 5-карточка:〖5х〗^2-11х+2=0 6-карточка:〖9y〗^2-30y+25=0 7-карточка:〖81y〗^2-18y+1=0 8-карточка:y^2-11y-152=0 V.Логика алаңы Логикалық есеп беремін 1-оқушы: 3 13 7 45 45 ? 7 6 4 8 9 3 Жауабы: 34 2-оқушы: 12 8 6 23 40 ? 5 7 6 8 10 4 Жауабы: 34 3-оқушы: 9 3 8 45 20 ? 4 9 4 8 4 2 Жауабы:34 VI. Қорытынды VII. Үйге тапсырма:&6;7 Ә.Н.Шыныбеков оқулығы бойынша №259; 260; 263 | |
Просмотров: 585 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|